Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора ресторанный бизнес.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆
  1. Ежелгі замандағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету

Қонақжай индустрия мекемелерінің дамуы тарихи жағынан адам қоғамының даму кезеңдерімен сәйкес келеді. Тамақтандыру мекемелері орналастыру мекелерімен қатар дамыды. Бұл дамуының тарихы төрт кезеңнен тұрады:- көне;- орта ғасырлық; - жаңа уақыт; - қазіргі кезең.

Көне кезең (б.э.дейін 4 мың жыл – б.э. 476 жыл). Бұл кезеңге алғашқы қонақжай

индустрияның мекемелері – таверналар жатады. Олар тамақтандыру үшін ғана арналды. Бұл туралы мәліметтер ежелгі манускриптерде, оның ішінде б.з.д 1700 жж жазылған Вавилон патшасы Хаммурапи кодекстерінде кездеседі. Таверналар Көне Грекиядағы б.з.д.1 ғасырдағы әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементі болды. Сауданың дамуы және соған байланысты ұзақ жүрісте болу тамақтандыру ғана емес, сондай-ақ түнеуді де ұйымдастыруды қажет етті. Бұл мекеменің басқа түрінің пайда болуына – тұрушылар ауласына – әкелді. Тұрушылар ауласы Рим империясының территориясында көп тарады. Көнеримдік тұрушылар ауласы үлкен жолдар бойында арасының қашықтығы 25 мильде(40,225 км) орналасты.

Рим империясының негізінде қаланған таптық құрылым қонақжайлық индустриясының дамуына үлкен әсер етті. Саяхатшыларды класттық сипаты бойынаша орналастырды. Көпестер, саудагерлер, қарапайым халыққа ешқашан мемлекеттік қызметкерлердің қасына тұрақтауға болмайтын. Осындай жағдайлар тұрушылар ауласының сапалы қызметіне әсер етті. Аристократтар, мемл.қызметкерлер тұрақтайтын орындар архитектураның барлық ережесіне сай салынып, қызметтердің кең спектріне ие болды. Ал төменгі тап өкілдері тоқтайтын таверналар мен тұрушылар ауласы түнеу мен демалыстың минималды жағдайларын ұсынатын. Қонақжай индустриясының мекемелерінің пайда болуына Таяу Шығыс, Азия, Кавказ маңы елдерінің сауда қатынастарының даму әсерін тигізді. Қонақжайлық тарихының ежелгі заманғы кезеңі 476 жылы Рим империясының құлауымен аяқталды.

  1. Орта ғасырлардағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету

Орта ғасырдағы (б.з.5-15 ғғ) қонақжай мекемелерінің дамуына үлкен әсерін тигізгені -діни дәстүрлер. Бұл кезеңде қасиетті орындарға барып жүгінушілердің саны көбейді. Шіркеу, монастырларға жүгінуге келгендерді қонақ қылуға, оларды тамақтандырып, түнетуге жүктеді. 8 ғасырда Ұлы Карл императоры (742—814) қажылық жасайтын адамдарға арнайы үйлерді ұйымдастырды. Осындай орындардың бірі Ронсельваль шатқалында салынды. Онда тегін тамақ беріліп, етікшінің, шаштараздың қызметтері тегін көрсетіліп, жеміс-жидек, дәндер, нан берілді. Монастырьлардың қызметтерді тегін көрсетуі жеке мекемелердің дамуын тежеді. Англияда жеке тұрушылар ауласы мен таверналар кейінгі орта ғасырларда ашылып, Реформация кезінде Генрих VIII монастырларды секуляризациялаған кезде ғана гүлденіп, дамыды. XII-XIII ғасырларда алғашқы қонақ үйлер сияқты мекемелер Русь мемлекетінде де ашыла бастады. Тұрушылар ауласынан ерекшеленетін қонақтар ауласы осында болды. Айырмашылығы -түнеу мен тамақтанудан басқа да пайда табу мақсатындағы қызметтер көрсетілуі. Онда жиһаздалған демалыс бөлмелері, сауда дүңгіршектері, қоймалар болды. Сонымен қатар, аула басқа да мекемелерден бөлектеніп, қабырғалар салынды, үлкен қақпалар қойылды. XIII ғасырда қонақ аулалары Витебск, Гродно, Брест, Слоним, Брянск, Вязьма, Мәскеу қалаларында ашылды. Орта ғасырлардағы қонақжайлық индустриясының негізгі бағытының алға жылжуы алғашқы профессионалды ассоциациялардың ашылуы болды. Мысалы, 1282 жылы Италия Флоренциясында трактирь қожайындары бірігіп, өз гильдияларын құрған болатын.