Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора ресторанный бизнес.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆
  1. Орналасу орны бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеу

Орналасу орнына қарай қала, вокзал, вагон, теплоход және автотуристер үшін болып бөлінеді.Қала мейрамханасы – қала аумағында орналасып, белгілі бір сағат арысында жұмыс істейді. Вокзал мейрамханасы – теміржол, әуежай және автовокзалдардаорналасқан.

Вагон-мейрамхана – олар негізінен ұзақ тәуліктер жүретін поездарда болады.Теплоходтардағы мейрамхана – туристер мен пассажирлерді таңертең, түсте, кеште тамақтандыру үшін жұмыс істейді. Өте үлкен теплоходтарда бірнеше мейрамханалар болады.Автотуристер үшін мейрамхана машинасын тастап кеткісі келмейтіндерге арналған. Әдетте олар ірі жол бойында немесе автотұрақ жанында болады. Клиенттердің уақытын алмау үшін даяшылар машинасына тамақ әкеліп береді. Мейрамхананың мұндай түрі, әсіресе, АҚШ-та көп тараған. Қонақ үйлердегі барлар бөлінеді: - вестибюль бары кездесіп әңгімелесуге өте ыңғайлы орын; - мейрамхана бары дәстүрлі мейрамхана интерьерінің өте өзіне тартымды элементі; - қосымша бар - қонақ үйінің қабаттарында орналасқан сауда нүктесі. Мұнда қонақтарға нөміріне барып қызмет көрсету үшін шарап, сыра және басқада ішімдіктер түрінің қоры болады; - банкет бары банкет залында орналасқан; - бассейн жанындағы бар. Жоғары дәрежедегі отель бассейінсіз және оның жанында болатын барсыз өмір сүруі мүмкін емес; - шағын бар - қонақ бөлмелеріндегі мұздатқышымен бірге шағын бар.

  1. Метрдотельге қойылатын талаптардың тізімін жасау

Метрдотель барлық даяшылардың, бармендердің, швейцарлардың, гардеробщиктердің, залды тазалаушылардың, дәретханашылардың жұмысын реттеп басқарады. Күн бойы метрдотель залда болады, тазалық пен тәртіптің сақталуын және үстелдердің сервистерінің дұрыстығын қадағалайды. Мейрамхана ашылар алдында бүгінгі күннің жұмыс тәртібі туралы даяшыларға нұсқаулар береді, мәзірмен таныстырады, қонақтарды қарсы алуға дайындықтарын тексереді және т.б. Жұмыс күні аяқталғаннан кейінгі метрдотельдің міндеті даяшылардың түскен табысын кассаға өткізудің қадағалау, залдың тазалығын қабылдау, сервиске алынған ыдыс-аяқтарды өткізуін қадағалау, келесі аусымға арнап журнал-күнделікке тапсырмалар жазып кету. Метрдотель даяшылардың жұмысын ұйымдастырады, олардан бригада құрып, бригадирді белгілейді, олардың графиктерін жасап жұмысқа уақытылы шығуын қадағалайды.Мейрамхананың метрдотелі журналға (ұмытылған заттарды жазу журналы) қонақтардың ұмытып кеткен заттарын жазып тұрады, ол жөнінде директорға хабарлап тұрады