Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора ресторанный бизнес.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆
  1. Интерьер эстетикасы, комфортты қызмет көрсетуге жағдайлар жасау

Интерьер эстетикасы, комфортты қызмет көрсетуге жағдайлар жасау: Интерьер дегеніміз тамақ мекемелерінің ұйымдастырылған ішкі кеңістігі. Оған жататындар: залдар, барлар, буфет, коктейль-холлдар. Кіре берісіндегі бөлмелерді құрайтындар вестибюль гардеробымен, аванзал және санитарлық бөлмелер. Зал - тамақ мекемелерінің, қонақтарды қарсы алып оларға қызмет көрсететін негізгі бөлме. Оған өндірістік бөлмелерден тамақтың исі және технологиялық процестер кезіндегі қатты дыбыстар жетпеуі керек. Интерьерді құрағанда тамақ мекемесінің мамандандырылуы және клиенттер контингенті ескеріледі. Интерьер мен мекемені қоршаған ортаның байланысына көңіл аударған жөн (ландшафт, қаланың ауданы, көшелері және т.б.). Комфортты қызмет көрсетудің негізгі факторы – жарықтын жақсы болуы. Вестибюльдің жарығы холдар, тамақтану залдары мен бардың жарығымен үйлесімді болуы қажет. Үйдің сыртқы жарығы қоршаған ортамен үйлескені жөн. Өте жарық таңертеңгі тамақ (завтрак) ішірде керек, клиенттердің газет-журналдар қарауына мүмкіндік болу үшін. Кешкі уақыттағы жарық салтанатты мейрам сияқты мейірін төгіп, жанға жайлі әсер етіп тұрғаны жөн. Тамақ мекемесінің интерьерінің негізгі функциональдық элементіне комфортты қызмет көрсетуге әсерін тигізетін жиһаздар жатады. Мейрамхана, кафе, барлардағы қолданылатын жиһаздарға жалпы талаптардан басқа да мынадай арнайы талаптар қойылады: -мекеменің жұмыс түріне жиһаздың тұра келуі; -сауда залының түріне сәйкестік; -ыңғайлылық – үстел мен орындықтардың сәйкестігі; -гигиеналық талапқа сәйкестік. Үстел – тамақ мекемесінің негізгі жиһазы. Үстелдердің көлемін оны қолданатын орындары анықтайды (мейрамханаға – тамақтану, фуршеттік, банкеттік; кафе мен асхана үшін және т.б.)

  1. Мейрамхана бизнесін ұйымдастыру мәселелері мен артықшылықтарын көрсету

Мейрамхана қызметін талдау туралы айтатын болсақ, онда: 1) мейрамхананың өміршеңдігі мен іс – әрекетке қабілеттілігіне ықпал ететін факторларды ескеру қажет. Талдауға кіретіндер: мейрамхана бағыты, орналасу орыны, атмосфера, мезірет, баға, ас үй, қызмет көрсету, интерьер, жићаз, асхана ыдысы, ас жаулықтары, бар.

Мейрамхана бағыты оның әлуеттік келермендері туралы оймен әзірленуі керек. Көп жағдайларда керісінше болады: біреуге бір бейімдегі, біраздан соң-ақ жаңа мейрамхананың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін, келермендердің өте аз екендігіне көз жетеді.

Қазіргі заманғы жағдайларда мейрамхана қызметі нарығында бәсекелестік күшеюде, қосымша қызметтердің ассортименті кеңейіп, қызметтердің сапасы жоғарылауда.

Мейрамхана бизнесін ұйымдастырудағы негізгі қарастыратын мәселелер кезең бойынша жүргізіледі: - маркетингтік зерттеулер жүргізу; - марк.зерттеулерден шыққан нәтижелердің негізінде мейрамхананың концепциясын құрастыру; - бизнес-жоспар құру; - мейрамхананың ресурстық базасын ұйымдастыру.

Мейрамхананың жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі – бұл келермендерге қызмет көрсетудің жоғары сыныбы. Сыныпталу, көрсетілетін қызметтің сапасын, деңгейін және қызмет көрсету жағдайын сипаттайтын, кәсіпорынның ерекше белгілерінің жиынтығын болжайды.

Мейрамханаларда, оларды ыңғайлы жићаздармен жабдықтау, қажетті микроклиматты жасау, атап айтқанда, ауаны желдете салқындату жолымен, интерьер және т.б. арқылы қолайлылықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек.

Мейрамхана бизнесін ұйымдастыруда концепция мәселелері нақты қарастырылуы керек: - мейрамхана сауда маркасының құрастырылуы; -мейрамхана дизайны, стилі; -баға қалыптастыру қағидалары; - ассортимент саясаты; - персоналға қойылатын талаптар; - құрал-жабдықтар; - жиһаз-ыдыстар; -персонал униформасы; - логистика; -жабдықтаушылармен жұмыс; - жарнама-маркетингтік шараларды ұйымдастыру; -басқа да мәселелер.