- •Қонақжайлық индустрияда мейрамхана бизнесінің маңыздылығын дәлелдеу
- •Мейрамхана бизнесінің даму тарихын ашып көрсету
- •Ежелгі замандағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету
- •Орта ғасырлардағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету
- •Жаңа замандағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету
- •Қазіргі кездегі мейрамхана бизнесінің дамуын дәлелдеу
- •Тамақтандыру мекемелерінің жіктемесін ашып көрсету
- •Тамақтандыру мекемелерінің қызмет көрсету мәдениетін сипаттап беріңіз
- •Қызмет көрсетудегі қауіпсіздік және экологиялық тазалық түсініктерін түсіндіріп беріңіз
- •Жұмысқа қабылдау процесін ашып көрсету
- •Интерьер эстетикасы, комфортты қызмет көрсетуге жағдайлар жасау
- •Мейрамхана бизнесін ұйымдастыру мәселелері мен артықшылықтарын көрсету
- •Тамақтану мекемелерінің басқару құрылымын анықтау
- •Басқару бөлімі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
- •Кадрларды іріктеу барысында ақпарат көздерін жасау
- •Өндірістің технологиялық үрдісіне сипаттама беріңіз.
- •Тамақтану мекемелерінің сауда бөлмелерін сипаттап беріңіз
- •Тамақтану мекемелерінде өндірудің негізгі түрлерін анықтау
- •Тамақтану жағдайларын ашып көрсету жағдайлары
- •Тамақтануда қызмет көрсетудің негізгі әдістерін анықтау
- •Таңғы астың негізгі түрлерін анықтау
- •Тамақтанудың негізгі әдістерін анықтау
- •Сервис түрлерін сипаттау
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету процесін ашып көрсету
- •Банкеттерде қызмет жасау
- •Мейрамханалардағы қызмет сапасын басқару
- •Қызмет сапасының түрлерін анықтау
- •Жалпылама сапалық басқару
- •Мейрамхана бизнесінде қолданылатын Демингтің постулаттарын ашып көрсету
- •Мейрамхана келушілеріне қызмет көрсету
- •Үстелдерді сервистеу. Аспаздық ыдыс, приборлар
- •Даяшынының жұмысқа жеке дайындығын көрсету
- •Келушілерді қарсы алу. Тапсырысты қабылдау және орындау ережелерін көрсету
- •Тағамдарды, сусындарды ұсыну ретін көрсету
- •Даяшы жұмысының техникасын ашып көрсету
- •Барлар, олардың түрлерін анықтау
- •Мейрамханадағы қызмет көрсетудің арнайы түрлерін ашып көрсету
- •Ұшақтарда тамақтандыру қызметтерін ұсыну ерекшеліктерін таңдау
- •Теплоходтарда тамақтандыру қызметтерін ұсыну ерекшеліктерін таңдау
- •Қазақстандағы мейрамхана бизнестің және қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің тарихын ашып көрсету
- •Туристерді тамақтандырудың технологиялық схемасын жасау
- •Мәдениетті қызмет көрсетудің негізгі элементтерін құрастыру қысқарту керек
- •Мейрамхананың ас мәзірін құрастыру
- •Смиттің әдісі бойынша мәзірдің анализін жасау
- •Мейрамхананың бизнес-жоспарын құрастыру
- •Тамақтандыру мекемелерінің өндірістік орындарына қойылатын жалпы талаптарды құрастыру
- •Қызмет көрсету стандарттарының жүйесін анықтау
- •Банкеттердің классификациясын жасау
- •Бардағы жұмысты ұйымдастыру жолдарын құрастыру
- •Туризмдегі тамақтандыру мекемелерін жіктеу
- •Сусындар және олардың классификациясын жасау
- •Мейрамхана басшының жеке қасиеттерін құрастыру
- •Жұмыс істеу мезгілі бойынша тамақтандыру мекемелерінің бөлінуі
- •Үстелді сервистеудің негізгі ережелерін қалыптастыру
- •Даяшыларға қойылатын талаптарды құрастыру
- •Ішімдіктердің ұсыну ережелерін құрастыру
- •Қызмет көрсетудің түрлері бойынша тамақтандыру мекемелерінің бөлінуі
- •Өнім ассортименті бойынша тамақтандыру мекемелерінің жіктелуі
- •Банкет ұйымдастырғанда тапсырыс қабылдау ережелерін құрастыру
- •Американдық сервистің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Қызметкерлерді бағалау критерияларды құрастыру
- •Туризмде тамақтану мекемелеріне қойылатын талаптарды құрастыру
- •Ағылшын сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Француз сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Неміс сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Өндірістік-сауда жұмыстарының сипаттамалары бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеу
- •Орналасу орны бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеу
- •Метрдотельге қойылатын талаптардың тізімін жасау
Кадрларды іріктеу барысында ақпарат көздерін жасау
Қызметкерлерді іріктеп жұмысқа алудың барлық жауапкершілігі кадр бойынша менеджердің мойында. Басқа да басқарудағы жұмыс сияқты, кадрларды іріктеу күрделі де және нақтылы жұмыс. Қызметке адамдарды іріктеу процесі жеке тұлғаның критерияларын анықтаудан басталады. Кадрларды таңдап іріктеу кезінде қателеспеу үшін, әр түрлі ақпарат көздері көмек береді. Кадрларды іріктеудегі ақпарат көздері: 1) қабылдау туралы арыз; 2) фотография; 3) биография; 4) жеке анкета; 5) кәмелеттік аттестат 6) еңбек кітапшасы 7) ұсыныстар 8) жұмысқа орналасушымен әңгіме 9) тексеру жұмысы 10) медициналық қарау, психологиялық тестілер 11) графологиялық қортынды. Жұмыс күштерінің нарығы: Кадрларды іріктеу процесінде ішкі және сыртқы жұмыс күштерінің
нарығы пайдаланылады, яғни өз қызметкерлерін немесе сыртқы қызметкерлерді көмекке тартады. Әр түрлі нарықтардың іріктеуі өзінің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болады. Кадрларды мекеменің өзінің ішінен іріктеудің артықшылықтары: -жұмыста жақсы жағдай сақталады, жоғарылауға мүмкіндіктер туады; -қабылдау кезіндегі шығынның азаюы; -өндіріс жұмысын білу; -қызметшілердің білімінің болуы. Кадрларды мекеменің өзінің ішінен іріктеудің кемшіліктері: -таңдау (іріктеу) мүмкіншіліктерінің азаюы; -квалификациясын (білімділігін) көтеруге шығынның өсуі. Кадрларды сырт мекемелерден іріктеудің артықшылықтары: - таңдау (іріктеу) мүмкіншілігінің кеңдігі; -мекеме үшін жаңа ойлардың қосылуы; -жұмысқа орналасушы басқа мекемеден білімдер, жаңалықтар әкеледі; -жұмысқа қабылдау маман кадрларға олқылықты, сұранысты толтырады. Кадрларды сырт мекемелерден іріктеудің кемшіліктері: -қабылдау кезіндегі шығынның көптігі; -жаңадан қабылданған адамдардың көптігі кетушілердің де санын арттырады; -ұжым климатына теріс әсерін тигізуі; -жаңа жұмысшыны үйретуге, білімін көтеруге уақыттың көп кетуі. Қызметкерлерді бағалаудың критериялары 1. Білімі және өндірістік тәжірибе. 2. Тәртіптілік (өзін-өзі ұстай білу). 3.Мақсаттылық. 4.Интеллектуальдық қабілеті. 5. Сөйлесе білу. 6. Ерекшеліктері. 7. Кәсіби жарамдылығы.
Өндірістің технологиялық үрдісіне сипаттама беріңіз.
Мекемелердегі сияқты мейрамханаларда технологиялық процестерді ұйымдастыру аспаздық өнімдерді өндіруде бірқатар өзінің ерекшеліктері болады. Оның ерекшелігі – аспаздық өнімді дайындаудың технология
процестерін ұйымдастыру мен оны мейрамханада сауда залдары арқылы таратудың бірлестігі. Бұдан басқа да күн сайын, апта сайын және ай сайын өзгеріп тұратын мейрамханаға келушілердің мөлшері әр түрлі болады,
әдетте болатын ойламаған жағдайлар, жоспараланып өнім өндіру дайындау процестерінде қиындықтар тұғызады. Өндірудің екі негізгі түрі қолданылады: 1. Өндірудің толық циклы – шикі-затты алғашқы өңдеу, жартылай фабрикаттар өндіру, кулинарлық өнімдерді дайындау және оны тарату. 2. Технологиялық процестің жартылай циклы – шикі-заттардан өз өнімдерін шығару, сондай-ақ басқа да өндірушілердің жартылай фабрикаттарынан өнімдер дайындау (ет, балық және көкөністен). Осыған байланысты мейрамхананың өндірістік орындары мынадай бөлімдерге бөлінеді: дайындау (ет, балық, көкөніс цехтері); алдын ала дайындау (ыстық, салқын цехтер); арнайы (ұн өнімдері, кондитерлік цехтер);
қосымша (кесу, тарату). Мекеменің дайындау цехтерінде шикі-заттарды (ет, балық, көкөніс) механикалық өңдеуден өткізіп, жартылай фабрикаттар дайындайды. Мейрамхананың дайынға дейінгі цехтеріне жататындары ыстық және салқын цехтері. Мұнда кулинарлық өнімдердің технологиялық процестері
аяқталады және шығарылған өнімдер мейрамхананың залдары мен барларға таратылады. Тамақтандыру мекемелері мынадай бөлмелерден тұрады: -өндірістік; -сауда; -қойма; -әкімшілік-тұрмыстық; -техникалық.
Тамақ дайындайтын бөлмелерді өндірістік орындар деп атайды. Мұнда өнімдер мынадай кезеңдермен өндіріледі: -өндеу үшін өнімдерді жинастыру; -алдын ала өндеу; -тағамдары және жартылай фабрикаттарды дайындау; -тағамдарды безендіру; -сатуға өткізу. Тамақ дайындайтын құрал-жабдықтарды орналастырудың екі түрі бар: 1) бөлменің периметрі бойынша жабдықтау, жұмыс орындары ортада. Бұл түрі шағын мекемелерде қолданады; 2) үлкен, дәу құралдар ортада, ал жұмыс орындары қабырға бойынша орналасады.
Қазіргі кезде автоклав, термос, тез жылтатын инфрақызыл немесе микротолқыны бар құралдарды қолданады.
Қойма бөлмелерінде шикі өнімдерді, жартылай фабрикаттарды сақтайтын қолайлы температура мен ылғалдығы болуы тиіс. Көкөністерді сақтайтын камералардың температурасы 5-10'С, ылғалдығы 95% болуы керек. Құрғақ өнімдерді сақтау үшін – 10-15'С, ылғалдығы 65% болады. Тоңазытқыштар бөлінеді: -салқындататын камера – тез бұзылатын өнімдерді, сусындарды сақтауға арналған - +1-2'С; -төменгі температуралық камера – мұздатылған өнімдерді ұзақ уақыт сақтау – (-18'С); -арнайы камера (витрина, прилавки) – балмұздақ, сусындарды салқындатуға – (+4, +8'С). Сауда бөлмелеріне тарататын бөлме (раздаточная), негізгі зал, гардероб, қол жуатын бөлмелер жатады. Техникалық бөлмелерге су және жылу жүйесі, электрощит, телефон жүйесі жатады. Әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерге әкімшілік бөлмелері, қызметкерлер бөлмесі, киім ауыстыру (раздевалка), демалыс бөлмелері, медпункт, душ бөлмесі жатады. Барлық сауда-технологиялық құрал-жабдықтар жалпы санитарлы- гигиеналық, ортке қарсы талаптарға сай болуы тиіс. Мейрамхананың өндірістік орындарының биіктігі 3-3,5 м. Төмен болмауы керек. Табиғи жарықпен істегенде жұмыс орны терезеден 8-метрге дейінгі қашықта болып одан аспауы шарт. Өндірістік бөлмелердің ауасының температурасы дайындау цехтерінде 16-18С, ыстық цехтерінде 22-25С аспауы керек. Өндірістік орындары ыстық және суық сумен, канализациямен қамтамасыз етіледі. Өңдеуге жататын шикі-заттар немесе жартылай фабрикаттар сол жаққа, құрал-саймандар оң жаққа орналастырылады.
