Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mara_stat_shpora_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

22. Динамика қатарларын өңдеудің негізгі тәсілдері.

Динамика қатарлары – статистикалық мәндер көрсеткішт мәндерінің уақыттық тізбегі.Әрі, қоғамның экономикалық, саяси мәдени өмірінің заңдылықтарын зерттеу және анықтау үшін қолданылады.ДҚ ең негізгі элементтері:

1.t-уақыттың моменттері (доталары немесе мерзімдері,аралықтар, периодтар).

2.y-деңгей (уақыт немесе жай деңгейлері, статистикалық мәліметтері, деректері).

ДҚ түрлері:

І.Деңгейдің берілу тәсіліне қарай:

1.1.Абсолютті шамалар.

1.2.Қатысты шамалар.

1.3.Орташа шамалар.

ІІ.Уақыттың толықтығына қарай:

2.1.Толық уақыт аралықтары бірдей болса.

2.2.Толық емес.

ІІІ.Уақыт белгісі бойынша:

3.1.Сәттік немесе моменттік-құбылыстың бір сәттегі жылдық,айдың басы немесеаяғындағы жайды көрсететін шамалар жатады.

3 .2.Аралықты динамика қатарлары-құбылыстың белгілі бір уақыт аралығындағы (ай,тоқсан,жыл) дамуының қорытындысын сипаттайтын статистикалық шамалар қатарлары.(жай) (өлшенген)

IV.Статистикалық есептеу, деңгейлер тәсіліне қарай:

4.1.Әр ағымдағы деңгейі, әр алдыңғы деңгейімен салыстырғанда.

4.2.Базистік-соңғы деңгейді базистік немесе алғашқы деңгейімен салыстырғанда.

ДҚ-ның дұрыс құрастыру ережесі:

1)Бірдей территория бойынша;

2)Бірдей объектілер мен субъектілер бойынша;

3)Бірдей әдіснемесі бойынша;

4)Бірдей өлшем бірлігі бойынша;

5)Уақыт аралығы мүмкіндік бойынша, бірдей болса.

ДҚ-ы деңгейлерді өңдеу , талдау, салыстырмалы деңгейге келтіру үшін динамиканың қатарын тұтастыру тәсілін қолдануға болады.Бұл бір әдіснама бойынша немесе бір шектерде есептелген қатардың деңгейі, содан кейін басқа әдіснама бойынша немесе басқа шектерде есептелген қатарлардың деңгейлері болған жағдайда орын алады.

Әлеуметтік құбылыстардың уақыт бойынша даму тенденциясын анықтау әдістерін зерттей отырып динамика қатарының нақтылы және теориялық деңгейлерін график түрінде бейнелеңдік. Ал экономикалық қорытынды жасар болсақ, жалпы динамикалық қатар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейді, оның себебі, мөлшерінің қамтылу дәрежелерінің әр түрлі болуы; есептеу әдістемелерін қолданудағы өзгешеліктер; аумақтық өзгеруі; әр түрлі өлшем бірліктің қолданылуы; зерттелетін зерзат көлемдерінің өзгешеліктері.

23. Жыл ішіндегі динамика қатарларының маусымдық ауытқуы.

Кейбір әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жыл, ай немесе апта бойы айқын сезіледі.Осы құбылыстардың көрсеткіштері динамикасының қатарларына белгіленген уақыт кезеңдерінің ауытқулары тән болады.Мысалы, маусымдық ауытқуға туристердің саны, өсімдік өсіруде жұмыс істейтіндердің саны, тұрмыстық қажетке отын мен электр энергиясын тұтыну, тауар сату, көкөніс пен жемістер саны жатады.

Маусымдық ауытқу-өндірістің айрықша жағдайларына немесе осы тауарды тұтынумен байланысты динамика қатарындағы жыл ішіндегі азды-көпті тұраұты ауытқулар аталады.Маусымдық ауытқулардың маусымдық индекстері (Іs) болады, олар аттас айлардағы нақты деңгейлердің тегістелген деңгейлерге пайыздық қатынасынан есептелген орташа шамасы болып табылады.Мұнда жылдық деректері арқылы алынады:

IS=

Қатарда өсудің айқын үрдісі болмауы әрбір айдың көрсеткішін деңгейінің бірнеше жылдың орташа шмасын анықтауға мүмкіндік береді, кейін жыл ішіндегі көрсеткіштің орташа деңгейімен (жлпы орта шамамен) байланысты болады.Алынған индекстер маусымдық толқын көрсеткіштерін білдіреді.Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің таза табысы динамикасының мысалында маусымдық индекстер мен ауытқулардың есебін және оларды көрсеткіштердің болжамдық мағыналарын пайдала отырып анықтауды қарастырар болсақ, мұнда жылдан-жылға тиісті күні таза табыстың жоғары деңгейі байқалады,басқаша айтқанда даму үрдісі байқалады, яғни таза табыстың мөлшері тренд теңдеуінен алынған деңгеймен салыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]