- •1.Статистиканың қысқаша даму тарихы
- •XX ғасырдың басында ( 1993 жылға дейін) әлемде статистиканың екі әдістемесін болуы:
- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •5 . Белгінің вариациясы –
- •10. Заңдылық негізінен қайталамашылық, реттілік, әр түрлі құбылыстардағы өзгеру тәртібі.
- •6. Статистикалық бақылау туралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14 . Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •19. Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі
- •21. Динамика қатарларының статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамика қатарларын өңдеудің негізгі тәсілдері.
- •3 .2.Аралықты динамика қатарлары-құбылыстың белгілі бір уақыт аралығындағы (ай,тоқсан,жыл) дамуының қорытындысын сипаттайтын статистикалық шамалар қатарлары.(жай) (өлшенген)
- •23. Жыл ішіндегі динамика қатарларының маусымдық ауытқуы.
- •24. Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •25. Орташа сызықтық ауытқуы, вариаци,ялық коэффицентi: ұғым, мәнi, есептеу формулалары
- •27.Дисперсиялардың қосу ережесі; детерминация коэффициенті
- •28. Альтернативтi белгiнiң дисперсиясы.
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
- •1. Статистиканың қысқаша даму тарихы.
- •2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
Статистикалық бақылаудың түрлері.
А) Бақылау бірліктерінің қамтылу дәрежесіне қарай:
Жаппай бақылау – жиынтық бірліктер алынады;
Жаппай емес – толық емес бірліктер: монографиялық, жиынтық негізгі бақылау, анкеталық, ішінара бақылау.
Ә) Уақыт мерзіміне қарай:
Үзіліссіз, ағымдағы – бір күндік, бір апталық, бір тоқсандық.
Үзілісті, кезеңдік – Мыс: халық санағы, мал санағы және т.б.
Бір бақыттағы бақылау – бір ақ рет жүргізіледі.
Б) Мәліметтерді жинау тәсіліне қарай:
Тікелей қатысу арқылы
Құжаттар арқылы жинау
Сұрақ–жауап
1. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған объектінің бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жаппай емес бақылау болып 2-ге бөлінеді.Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады Жаппай бақылау емес кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің бегілі бір бөліктері ғана қамтылады. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін анықтау деп атайды.
2. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз н\е ағымдағы ж\е үзілісті н\е кезеңді болып 2 түрге бөлінеді.Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады..Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Үзілістік бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды. Бақылау жүргізу кезінде бақылаудың ең негізгісі болып шекті уақыт кезеңін анықтау саналады. Статистикалық бақылаудың шекті уақыты кезеңі дегеніміз – зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі.3.Статистикалық бақылауда мәліметтерді жинау әдістері. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып жауап арқылы болып 3–ке бөлінеді.Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу т.б. жатады.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.
Статистикалық сұрақ-жауап тәсілі деп керекті мәліметтерді сұралушы адамдардың айткандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал сұрақтық және өзін өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.
Экспедициялық тәсіл мен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді.
Өзін өзі тіркеу тәсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырылған бланкілерді жинап алады да , сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді сосын статистика органдарына тапсырады.
Тілшілік тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынғанадамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады.
Сауал-сұрақтық тәсілімен керекті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапсы жағынн төмен болады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмейді.
