Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mara_stat_shpora_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай

Абсолшамалардың мағынасы мен түрлері.

Кез келген құбылысты талдағанда және шешім қабылдағанда абсолюттік статистикалық шамалардыңмаңызы ерекше рөл атқарады.Олар осы құбылыстың ауқымы жөнінде түсінік береді және белгіленген өлшем бірлігінде,яғни килограммда,метрде,данада,кубметрде,литрде,теңгеде,долларад,еурода, және т.б. көрсетіледі.

Жалпы топтық фактылер жиынтығын баяндайтын көрсеткіштерді статистика жалпылама көрсеткіштер дейді.оларды абсолютті, қатысты және орташа шама деп те атайды. Абсолюттік көрсеткіштер бастапқы ста-тистикалық материалды жинақтау нәтижесінде тікелей алынады. Осының негізінде абсолюттік көрсеткіштерді толықтыратын қатысты және орташа шамалар есептеле-ді.

Ұғымы: Абсолюттік шамалар экономикада жұмыс істейтіндердің санын, өндірілген қосылған құнның ша-масын, сыртқы сауда айналымының көлемін және т.б сипаттайды. Статистикада талдап қорытылған көрсет-кіштер ретінде олар әр кезде жиынтық шама болып табылады. Жиынтық шаманы келесі бірнеше белгі бойынша жіктеуге болады:

Түрлері: 1. Абсолюттік шаманың құрамындағы жиынтықтың сипаттамасының белгісі бойынша – жиынтық санының көрсеткіштері және белгі көлемінің көрсеткіштері. Мұның өзінде сол бір көрсеткіш бір жағдайда жиынтық санының көрсеткіші, ал екінші жағдайда – белгі көлемінің көрсеткіші, мысалы, кәсіпорындағы жұмысшылар санының көрсеткіші болуы мүмкін;2. даму процесі сипаттамасының белгісі бойынша – құбылыстың белгіленген сәттегі жай-күйін – мезеттік көрсеткіштер немесе процестердің белгіленген кезеңдегі нәтижелерін сипаттайтын – аралық көрсеткіштер.

3. Құбылыстың ауқымын білдіретін өлшем бірлігі бойынша – натуралды және құндылық көрсеткіштер

Құндылық көрсеткіштер (өндірілген немесе сатылған өнімнің көлемі,өнімнің, өзіндік құны,шығын) ағымдағы баға да, сондай-ақ салыстырмалы баға да көрсетіледі.

14 . Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай

Қатысты статистикалық шамалар – бұл құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайды. Қатысты шамалар құбылыстардың сандық қарым-қатынасын білдіреді, олар бір абсолютті шаманы екіншісіне бөлудің нәтижесінде есептеп шығарылады. Мұнда бөлшектің алымын салыстырмалы шама, ал бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп атайды.

Қатысты шамалар салыстыру негізі 1-ге тең болғанда коэффициенттер түрінде, салыстыру негізі 100-ге тең болғанда пайыздармен, салыстыру негізі 1000-ға тең болғанда промильмен өлшенеді.

Егер пайызда көрсетілген көрсеткіштерден 100-ді алса,онда салыстырылытын мөлшер негізден қанша есе көп немесе аз екенін көруге болады.

Әдетте тек абсолюттік көрсеткіш салыстырылады,алайда қатысты және ортсша көрсеткіштерді салыстыруға болады.Қатысты шама-бұл салыстырылатын екі статистикалық шаманың арақатынасының сандық шамасын беретін жинақтап қорытылған көрсеткіші.

Мұның өзі салыстырылатын көрсеткіштер әдістемелік жағынан салыстырмылы болуы тиіс.

Танып-білу мәніне байланысты динамиканың,жоспарық тапсырманың,жоспардың орындалуының,құрылымының,үйлестірудің,дамуды салыстыру мен оның қарқынының қатысты көрсеткіштері қолданылады,

Қатысты шама мыналарды көрсетеді:

1) салыстырылатын мөлшер базистік немесе басқа мөлшерден неше есе көп немесе кем;

2) жиынтықтың бірінші (екінші, n-ші) бөлігі немесе тобы осы жиынтықта қанша үлесін алатынын;

3) бөлек жағдайларда қатысты шама бір шамадағы бірліктердің 100, 1000, 10000 және т.б. базистік бірлік немесе басқа шаманың қаншасы келетіндігін көрсетеді.

Қатысты шаманың қандай қатынасты білдіретіндігіне, яғни мазмұнына қарай, олардың келесі түрлерін ажыратады:

1) жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы;

2) жоспарды орындаудың қатысты шамасы;

3) серпіннің қатысты шамасы;

4) құрылымның қатысты шамасы;

5) координацияның қатысты шамасы;

6) интенсивтіліктің қатысты шамасы;

7) экономикалық дамудың қатысты шамасы;

8) салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы.

1.Жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіш мәнін оның жоспарлы немесе басқа базалық деңгейіне қатынасын білдіреді:

жос y - жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіштің мәні;

0 y - талданатын көрсеткіштің базалық мәні .

2.Жоспарды орындаудың қатысты шамасы – көрсеткіштің нақты және жоспарлық деңгейлерінің арасындағы қатынасты көрсететін мөлшер. Көбінесе, олар пайыздық шамамен көрсетіледі.

3.Динамиканың қатысты мөлшері әр түрлі сәттер немесе уақыт кезеңдерде алынған көрсеткіштер деңгейінің қатынасын білдіреді. Олар құбылыстар өзгеруінің бағытын, өзгерістің жылдамдығы немесе даму қарқынын сипаттайды.

Жоспар орындаудың және динамиканың қатысты шамалары сәйкесті формулалар негізінде есептеледі:

1 y – талданатын көрсеткіштің ағымдағы (есепті) мәні.

4.Құрылымдық қатысты шамасы – бұл қарастырылатын тұтас жиынтықтың (N) және оның бөліктері өлшемдерінің (n) қатынасын көрсететін мөлшер (d): тұрғындардың арасындағы сәйкес келетін жастағы студенттер үлесі; сол немесе басқа белгіге ие бірліктердің үлес салмағы және т.б.:

5.Координацияның қатысты мөлшері тұтас жиынтықтағы бөліктерінің өзара қатынасы ретінде шығарылады: жиынтықтың бір құрамдас бөлігі салыстыру базасы ретінде қабылданып, оған деген барлық басқа бөліктердің қатынасы қарастырылады.

Мысалы, жиынтықтың қайсысы бір белгілер бойынша алынған ірі бірліктері ұсақ бірлік шамасына ара қатынасы немесе ұсақтың ірілеріне ара қатынасы:6.Интенсивтіліктің қатысты шамасы белгілі ортадағы құбылыстың таралу, даму деңгейін көрсетеді: тұрғындардың 10000 адамға шаққандағы дәрігерлер саны немесе тұрғындардың пневмониямен, құс тұмауымен т.б. ауыруы және т.б.

7.Экономиканың даму деңгейінің қатысты шамасы – тұрғындардың жан басына шаққандағы түрлі өнім түрлерін өндірудің өлшемі; бір адамға шаққандағы кейбір азық-түліктік, азық-түліктік емес тауарларды сипаттайтын көрсеткіштер.

8.Салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы жиынтықтың біртекті белгілерін (бірнеше кәсіпорындар пайдасының өлшемі) немесе біртекті емес белгілерін салыстыруға мүмкіндік береді:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]