- •1.Статистиканың қысқаша даму тарихы
- •XX ғасырдың басында ( 1993 жылға дейін) әлемде статистиканың екі әдістемесін болуы:
- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •5 . Белгінің вариациясы –
- •10. Заңдылық негізінен қайталамашылық, реттілік, әр түрлі құбылыстардағы өзгеру тәртібі.
- •6. Статистикалық бақылау туралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14 . Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •19. Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі
- •21. Динамика қатарларының статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамика қатарларын өңдеудің негізгі тәсілдері.
- •3 .2.Аралықты динамика қатарлары-құбылыстың белгілі бір уақыт аралығындағы (ай,тоқсан,жыл) дамуының қорытындысын сипаттайтын статистикалық шамалар қатарлары.(жай) (өлшенген)
- •23. Жыл ішіндегі динамика қатарларының маусымдық ауытқуы.
- •24. Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •25. Орташа сызықтық ауытқуы, вариаци,ялық коэффицентi: ұғым, мәнi, есептеу формулалары
- •27.Дисперсиялардың қосу ережесі; детерминация коэффициенті
- •28. Альтернативтi белгiнiң дисперсиясы.
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
- •1. Статистиканың қысқаша даму тарихы.
- •2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
Статистика - қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер,тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады. Статистика пәні - көптеген әлеуметтік-экономика-лық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары. Статистиканың жалпы теориясы статистикалық ғылымның негізгі категориялары, қағидалары, статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдаудың ғылыми негіздері баяндалады. Статистиканың әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеумен байланысты екенін ескере отырып, статистикаға дербес қоғамдық ғылым ретінде анықтама беріледі. Статистика жалпы теориясының пәні - ақпараттарды талдау, өндеу және жинаудың статистикалық әдістемесін зерттейді, яғни сапа жағынан анықталған әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процесстердің сандық жағын зерттейтін өзіндік қоғамдық ғылым.
Негізі:Экономикалық теорияның және диалектиканың категориялары, қағидалары. Цифрлық ақпарат негізінде 1-жағынан, жалпы заңдылықты сала түрінде сипаттайды. 2-жағынан, құбылыстар мен процестерді дұрыс бағалап, экономикалық теорияны әрі қарай дамытады.
Статистика басқа ғылымдар сияқты теориялық жағдай негізінде құбылыстардың заңдылықтарын шешуге көмектесетін фактілер жинайды. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың заңын қарастырады, олардың табиғатын, қоғам өміріндегі мәнін анықтайды. Статистика келесі заңдылықтарды қарастырады: статистикалық үлкен сандар заңдылықтарын. Үлкен сандар дегеніміз – массалық бірлігі үлкен сандар жиыны. Мыс: халық саны.
1.Құбылыс құрылымының өзгеріс заңдылығы. Студенттердің жалпы тізіміндегі ұлдардың үлесінің өсуі: 30пайыздан-45 пайызға; 2001-2012 жылдар аралығында.
2.Жиынтық бірліктердің бөлу, таралу заңдылығы: қоғамдық көліктерде 7,30-10,00 мен 18,00-19,00 сағаттарда жолаушы санының өсуі.
3.Уақыт бойынша қозғалыс. Әр жыл бойынша халық жалақысының өсу қарқыны.
4.Кеңістікте орналастыру заңдылығы. Кәсіпкердің мамандық деңгейінің жоғары болып, жалақысы өскен айын, шығындары да жоғарылайды.
Статистика ғылымы пәнінің негізгі 3 ерекш. қасиеттері бар:
Қоғамдық құбылыстарды зерттеу
Массалық қоғамдық құбылыстарды зерттеу
Құбылыс және процестерді сандық жағынан зерттеу.
Статистикалық әдістері:
1. Статистикалық бақылау.
2. Статистикалық жинау және топтау.
3. Статистикалық кестелер, графиктер - ақпараттардағы көрсетудің негізгі көрнекті формасы.
4. Тұжырымдау көрсеткіштер әдісі.
5. Динамика қатары.
6. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланыстарды зерттеу әдістері: корреляция, регрессия, параллель қатар әдісі, аналитикалық топтастыру, баластық әдісі.
7. Индекстер.
4. Статистиканың ұйымдастырылуы.Статистикалық ақпарат қалыптасуда бастапқы статистикалық деректер, әкімшілік деректер, мемлекеттік органдар статистикалық ақпараты және өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың статистика органдарының статистикалық ақпараты пайдаланады. Статистикалық қызметте осы ақпарат жинауда аса маңызды рөлді статистикалық бақылаудың негізгі нысандары атқарады.Статистикалық бақылаудың негізгі нысандарыболып табылады:
1)статистикалық есептілік
2) арнайы ұйымдастырылған бақылау;
3) тіркелім.
Статистикалық есептілік әлеуметтік қоғамдағы статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастырушылық нысаны болып табылады. Есептілік – бұл кәсіпорын, мекеме, ұйымның өндірістік, қаржылық, коммерциялық және өзге де іс-әрекеті туралы арнайы статистикалық нысанда статистикалық мәліметтері бар, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік құзырлы органдарға тапсырылатын ресми құжат.
Статистикалық есептілікке келесі бірқатар талаптар қойылады:
1.есептілік нысандарын статистиканың мемлекеттік органдары бекітеді;
2.есептілікті меншік түріне қарамастан экономиканың барлық субъектілері міндетті түрде белгіленген уақытта жасап, тапсырады;
3. есептіліктің заңды күші бар;
4.есептіліктің құжаттылық дәлелдемесі бар.
Арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау есептілікте жоқ мағлұматтарды алу мақсатымен немесе есептіліктегі деректерді тексеру үшін қолданылады.
Осындай байқаулар мысалдары: халық санағы, мал, құрылыс, қондырылмаған құрал-жабдықтар санақтары. Сонымен қатар, арнайы байқауға бюджеттік және т.б. байқаулар жатады. Халықтың ұлттық санағы Қазақстанда 1987 жылдан бастап әр он жыл сайын өткізілді. Санақтардың мақсаты - халық саны және құрамы туралы деректер жинау болып табылады.
Статистикалық тіркелім - бұл белгіленген басталуы мен тәмәмдалу кезең үрдістері бар ұзақ мерзімді статистикалық бақылау нысаны. Статистикалық практикада қазірде кәсіпорындар мен тұрғындар деңгейінің регистрлары жүргізілуде, сонымен қатар шаруашылық субъектілері және тұрғын үйлер регистрлері бар.
Нақты айтқанда, тіркелімдер жүйесінде келесі түрлері бар:
1. әкімшілік тіркелім;
2. статистикалық тіркелім;
3. жеке кәсіпкерлер тіркелімі;
4. ауылшаруашылық құрылымдар тіркелімі;
5. тұрғын үй тіркелімі және т.б.
Статистикалық ақпаратты қалыптастыруда статистикалық қызметте келесі тіркелімдер орын алады:
1) статистикалық бизнес-тіркелім;
2) халықтың статистикалық тіркелімі;
3) ауылшаруашылық статистикалық тіркелімі;
4) тұрғын үй қорының статистикалы
Кәсiпорындар, мекемелер оперативтiк жедел, бухгалтерлiк және статистикалық есеп жүйелерi арқылы жинақталады.
Оперативтiк жедел есептiң негiзгi мақсаты – кәсiпорындардың бөлiмдерi мен цехтарында болған жұмыс көрсеткiштерiне күнделiктi бақылау жасау үшiн жүргiзiледi.
Бухгалтерлiк есеп арқылы әрбiр кәсiпорындар ақша қаржыларының қозғалысын, өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерiн, кiрiс пен шығыс және т.с.с. көрсеткiштердiң нақты есебi жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi әдiстерi мыналар: бухгалтерлiк баланс, тiркеу, бағалау, калькуляциялау.
Статистикалық есепте қоғам өмiрiнде болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық құбылысар мен процестердiң барлық сандық көрсеткiштерi мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады. Өздерiне тән белгiлерiне қарай әр түрлi топқа бөлiнедi және оған талдау жасалынады. Статистикалық есептiң негiзгi мақсаты халық шаруашылық салаларын дұрыс басқарып, материалдық игiлiктердi өндiру және бөлуге бақылау жасау үшiн қажеттi мәлiметтердi жинақтап, өңдеп, дер кезiнде үкiмет қарауына берiп отыру. Статистикалық есепте көрсетiлген көрсеткiштер бухгалтерлiк және оперативтiк жедел есептер арқылы тиiстi құжат бойынша жинақталады. Егер, бұл есептерде кейбiр қажеттi көрсеткiштер болмаса, онда оны жинау үшiн арнайы статистикалық бақылау жүргiзiледi.
