- •1.Статистиканың қысқаша даму тарихы
- •XX ғасырдың басында ( 1993 жылға дейін) әлемде статистиканың екі әдістемесін болуы:
- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •5 . Белгінің вариациясы –
- •10. Заңдылық негізінен қайталамашылық, реттілік, әр түрлі құбылыстардағы өзгеру тәртібі.
- •6. Статистикалық бақылау туралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14 . Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •19. Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі
- •21. Динамика қатарларының статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамика қатарларын өңдеудің негізгі тәсілдері.
- •3 .2.Аралықты динамика қатарлары-құбылыстың белгілі бір уақыт аралығындағы (ай,тоқсан,жыл) дамуының қорытындысын сипаттайтын статистикалық шамалар қатарлары.(жай) (өлшенген)
- •23. Жыл ішіндегі динамика қатарларының маусымдық ауытқуы.
- •24. Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •25. Орташа сызықтық ауытқуы, вариаци,ялық коэффицентi: ұғым, мәнi, есептеу формулалары
- •27.Дисперсиялардың қосу ережесі; детерминация коэффициенті
- •28. Альтернативтi белгiнiң дисперсиясы.
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
- •1. Статистиканың қысқаша даму тарихы.
- •2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
6. Статистикалық бақылау туралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы алғашқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау әдісі айтылады. Ол үшін әртүрлі дайындық жұмыстары жасаланады.
Статистикалық бақылаудың алдына қойған негiзгi мақсаты – зерттелiп отырған объектiлер туралы шындықты нақты дәлдiкпен көрсететiн, ғылымға негiзделген, мәлiметтердi белгiленген мерзiмде жинау.
Статистикалық бақылаудың объектісі деп зерттеуге жататын экономикалық, әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.
Статистикалық информация деп статистикалық бақылау кезінде құралатын кейін системизацияның, мәліметтің, талдаудың және жалпылаудың ықпалына түсетің әлеметтік экономикалық құбылыстар туралы бірінші материал.
Статистикалық информация қасиеттері: Массалығы және тұрақтылығы. Бірінші қасиеті статистика пәнінің ерекшеліктерімен байланысты. Екінші қасиеті бір кезде жиналған информацияның өзгермейтіндігімен, оның ескіруімен және жаңа информация алу қажеттілігімен байланысты.
Міндеттері:
Жаппай және іріктеме әдістермен бақылау қткізу үшін негізгі жиынтықты анықтайды;
Статистикалық бақылау жүргізу үшін кәсіпорындардың каталогтарын қалыптастырады;
Ішінара бақылаудың дизайны;
Бақылаудың нәтижелерін бағалайды;
Кәсіпорындардың негізгі іс әрекетінің кодын иемденеді.
Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып 2-ге бөлінеді. Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл – жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғым. Тіркеу кезіндегі жіберілетін қате. Бұл – әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді. Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы мүмкін. Бұл не азайтылып, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоктығынан, шаршаудан, жұмысқа салдыр-салақ қарауда болады. Жүйелі түрде жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда болып екіге бөлінеді. Абайсызда жіберлетін қате қастандықпен әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мүмкін.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл алдын ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер. Адейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушіліктен туындайды. Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу үшін барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі. Тәсілдері:
Визуалды тексеру – реквизиттерді тексеру, уақыт мерзімі, кезең, мекеменің аты, адамдардың қолтаңбасы мен аты–жөндері
Логикалық тексеру– статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір–бірімен салыстыру арқылы қате түзету;
Арифметикалық тексеру– жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және пайыздарды, абсолютті шамаларды қайта есептеу.
7.Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары Статистикалық бақылаудың формалары:
Статистика-лық есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, фирмалар өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына тапсырып тұруды айтамыз.
Есеп беру формаларындағы реквизиттер
Есеп беру формасының аты;
Статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
Мекемелердің есепке алынған уақыт мерзім кезеңі;
Есеп берудің келісімді уақыты;
Есеп беру формасы, жіберілетін мекеменің аты;
Мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрлігінің аты;
Есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты жөндері тоық көрсетілуі керек.
Арнайы ұйымдастырылған бақылау: әлеуметтiк-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы маңызды да мәндi мәлiметтер есеп беру формаларында толық көрсетiлмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкiндiк жоқ болса. Мысалы, әр отбасындағы бала санын немесе әр отбасының азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын тұтынуы туралы.
Статистика-лық тiркелiмi – заңды тұлғалардың, олардың бөлiмшелерi мен жеке кәсiпкерлердiң мемлекеттi статистикалық тiркелiмi. Әкiмшiлiк тiркелiмнен, салықтық инспекциясынан және басқа да ақпараттар көздерiнен мәлiметтерi статистикалық тiркелiмге жазылады.
Міндеттері:
Жаппай және іріктеме әдістермен бақылау қткізу үшін негізгі жиынтықты анықтайды;
Статистикалық бақылау жүргізу үшін кәсіпорындардың каталогтарын қалыптастырады;
Ішінара бақылаудың дизайны;
Бақылаудың нәтижелерін бағалайды;
Кәсіпорындардың негізгі іс әрекетінің кодын иемденеді.
Стат-лық бақылау бағарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақты, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінінің жиынтығын айтады.
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде Бельгия ғалымы А.Кетленің ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз керек:Бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс; Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтардың кіргізілгені жөн; Бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілген сияқты күдік туғызбауы керек. Жоғарыда келтірілген нұсқауды орындағанда ғана стат-лық бақылау бағдарламасы дұрыс болып шығады.
