- •1)Гаж анықтамасы және негізгі түсініктер.
- •3. Гаж типтері. Гаж-дың әр түрлі типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •4.Геоақпараттық картография
- •5.Картографиялық модельдеу принциптері: аналогия, конкретизациялау,форматтау, генеризациялау, символдау.
- •7.Отандық әлеуметтік-экономикалық картографияның дамуы
- •8. Әлеуметтік-экономикалық суреттердің математикалық әдістері және автоматизация құралдарының генерализацияда қолданылуы.
- •9.Әлеуметтік-экономикалық картографияның объектілері
- •10. Әлеуметтік-экономикалық картографиядағы синтез. Аналитикалық, кешендік, синтетикалық карталар.
- •12.Қоныстану картасы, даму проблемасы және тенденциялар
- •11. Әлеуметтік-экономикалық карталарды құрастырудың негізгі принциптері; бұл карталардың ғылыми және практикалық маңызы
- •13. Қоныстану картасының жүйесі
- •15. Кешенді аудандық атластардағы әлеуметтік сфераның картографиялануы
- •16. Картографиялық өнеркәсіптің тенденциялары мен қазіргі кездегі проблемалары
- •21. Көлік және экономикалық байланыс картасы
- •25. Әлеуметтік-экономикалық карта түрлері
- •29.Өнеркәсіп және құрылыс картасы
- •32. Ғылым, білім, мәдениет және халыққа қызмет көрсету картасы
- •33.Саяси картография
- •34 Әлеуметтік- экономикалық карта және жобалау әдісі
- •35. Әлеуметтік- экономикалық картографиядағы картографиялық суреттеу тәсілі
- •37. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы нүктелік тәсіл
- •38. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы ареалдар тәсілі
- •39) Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сандық фондар тәсілі
- •40.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сапалық фондар тәсілі
- •42. Әлеуметтік-экономикалық карта құрастырудағы сызықтық белгілер тәсілі.
- •43. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы картограммалау тәсілі
- •44. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы изосызықтар тәсілі
- •46 Карта бағдарламасының зерттемесі
- •47.Суреттердің әдістеме түрлері
- •48. ArcGis бағдарламасында сапалық және сандық құрылысының сипаттамасы
- •49. ArcGis бағдарламасындағы компоновка.Карта легендасын құрастыру
- •50.Кесте. ArcGis бағдарламасында диаграмма құрастыру.
- •ArcGis архитектурасы
- •51. Компоновка. ArcGis бағдарламасында проекция құрастыру және картаны масштабтау
- •52. Әлеуметтік-экономикалық нысанды редакциялау негіздері
- •54.Карта легендасымен жұмыс
- •56.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы математикалық талап
- •57. Сапалық және сандық сипаттама құрылысы
- •58.Картографиялық өнім басылымында жаңа технологияның қолданылуы
- •1)Гаж анықтамасы және негізгі түсініктер.
37. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы нүктелік тәсіл
|
Нүктелік əдістер карталарға құбылыстардың санын, белгілі бір статистикалық көрсеткіш бойынша мөлшерін көрсетеді жəне бұл құбылысты нүкте арқылы бейнелейді. Бұл əдіс көбіне мал шарушылығында мал санын көрсетуге қолайлы. Мысалы, 1 нүкте 200 малды көрсетсе, 5000 малға 25 нүкте қоямыз. Нүктелер картада статистикалық, географиялық əдістер бойынша орналастырылады. Географиялық орналасу бойынша бұлар мал басының қай жерде, қанша мал орналасатынын көрсетеді.
Нүктелік шартты белгілер картада тек обьектілерді ғана көрсетеді. Мысалы; 1:25000 масштабтағы құдық немесе 1:40 000 000 масштабтағы қалалар, т.б.
Бұл әдіс жаппай таралған құбылыстарды көрсетуге арналады.Нүктелік әдіспен картада халықтың орналасуын, ауыл шаруашылық мәдени дақылдардың таралуын,мал шаруашылығынын өркендеуін т.б. көрсетуе болады.
Нүктелік карталар картаға түсірілген құбылыстардың орналасуын,мөлшерін,оқшаулауын,шоғырлануы сияқты ерекшеліктерін айқындап көрсетеді.Нүктенің көлемі картаға түсіріліп жатқан құбылыстың санын көрсетеді,ал нүктенің түсі немесе формасы картаға түсіріліп жатқан құбылыстың сапасын(типін) көрсетеді.Сонымен қатар бір ғана картада бидай мен сұлының егістігінің орналасуын турлі түспен көрсете аламыз.Нүктелік әдістің екі түрі бар.
1)біркелкі нүктелер әдісі.Бұл жағдайда бізге керекті аумақты біркелкі салынған нүктелермен толтырамыз.
2)ауыздықталған нүктелер әдісі.
Екі әдістің бірін таңдау жасалатын картаның қандай маңсатпен тағайындалатынына және масштабына байланысты.
Картаға түсіріліп жатқан құбылыстың сандық көрсеткіші бір нүктеге сәйкес болады.Бұл жағдайды нүктенің салмағы деп атаймыз.Нүктенің салмағы тұрақты және тұрақсыз болады(мысалы,ірі нүктеге 100 га егін сәйкес болады,орташаға-50 га,кішісіне-10 га.)
Нүктенің салмағын таңдау қиын болып келеді,өйткені кішкене салмақты нүктелер бірге жиылып дақ сияқты көрінеді,ал үлкен салмақты нүктелер жанында салынған құбылыстарды өзіне өарай тартып алады.Сондықтан нүктенің салмагын аніқтау ұшін оны орташа арифметикалық шамасына келтыреді. Нүктенің салмағын берілген ауданда нүктенің шамамен сиятындай санынан да анықтауға болады.
38. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы ареалдар тәсілі
Әлеуметтік-экономикалық карталар — бүкіл ел және оның әкімшілік бөліктері бойынша әр түрлі қоғамдық құбылыстарды (халық, экономика, қызмет көрсету салалары,мәдениет, ғылым және тағы да басқалары) бейнелейтін карталар. Халық, экономика, тарих және тағы да басқалары карталарын қамтиды Қоғамдық құбылыстар қарталары социосфера мен техносфераны қамтиды.
Ареал - жер бетінде қандай да бір құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және т.б.) таралған атырабы; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мыс, биогеографияда. Ареал тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және т.б.), экономикалық географияда әр ауыл шаруашылығы дақылының немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және т.б.
Ареалдар тәсілі. Ареал латын тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік ареалда кейбір жануарлардың түрін мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын және өсімдіктердің түрлерін көрсетеді. Карталарда ареалдарды бейнелегенде әртүрлі графикалық суреттерді қолданады. Оларды пунктир сызықтармен, жазумен, белгілермен көрсетеді.
Ареалдар тәсілі – қандайда болмасын құбылыстың үздіксіз, тұтас(мыс, мұзбасудың) немесе шашыранды таралу атырабын шекаралық сызық, бояу немесе түрлі сызықтар арқылы көрсететін картографиялық тәсіл.
