- •1)Гаж анықтамасы және негізгі түсініктер.
- •3. Гаж типтері. Гаж-дың әр түрлі типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •4.Геоақпараттық картография
- •5.Картографиялық модельдеу принциптері: аналогия, конкретизациялау,форматтау, генеризациялау, символдау.
- •7.Отандық әлеуметтік-экономикалық картографияның дамуы
- •8. Әлеуметтік-экономикалық суреттердің математикалық әдістері және автоматизация құралдарының генерализацияда қолданылуы.
- •9.Әлеуметтік-экономикалық картографияның объектілері
- •10. Әлеуметтік-экономикалық картографиядағы синтез. Аналитикалық, кешендік, синтетикалық карталар.
- •12.Қоныстану картасы, даму проблемасы және тенденциялар
- •11. Әлеуметтік-экономикалық карталарды құрастырудың негізгі принциптері; бұл карталардың ғылыми және практикалық маңызы
- •13. Қоныстану картасының жүйесі
- •15. Кешенді аудандық атластардағы әлеуметтік сфераның картографиялануы
- •16. Картографиялық өнеркәсіптің тенденциялары мен қазіргі кездегі проблемалары
- •21. Көлік және экономикалық байланыс картасы
- •25. Әлеуметтік-экономикалық карта түрлері
- •29.Өнеркәсіп және құрылыс картасы
- •32. Ғылым, білім, мәдениет және халыққа қызмет көрсету картасы
- •33.Саяси картография
- •34 Әлеуметтік- экономикалық карта және жобалау әдісі
- •35. Әлеуметтік- экономикалық картографиядағы картографиялық суреттеу тәсілі
- •37. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы нүктелік тәсіл
- •38. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы ареалдар тәсілі
- •39) Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сандық фондар тәсілі
- •40.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сапалық фондар тәсілі
- •42. Әлеуметтік-экономикалық карта құрастырудағы сызықтық белгілер тәсілі.
- •43. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы картограммалау тәсілі
- •44. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы изосызықтар тәсілі
- •46 Карта бағдарламасының зерттемесі
- •47.Суреттердің әдістеме түрлері
- •48. ArcGis бағдарламасында сапалық және сандық құрылысының сипаттамасы
- •49. ArcGis бағдарламасындағы компоновка.Карта легендасын құрастыру
- •50.Кесте. ArcGis бағдарламасында диаграмма құрастыру.
- •ArcGis архитектурасы
- •51. Компоновка. ArcGis бағдарламасында проекция құрастыру және картаны масштабтау
- •52. Әлеуметтік-экономикалық нысанды редакциялау негіздері
- •54.Карта легендасымен жұмыс
- •56.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы математикалық талап
- •57. Сапалық және сандық сипаттама құрылысы
- •58.Картографиялық өнім басылымында жаңа технологияның қолданылуы
- •1)Гаж анықтамасы және негізгі түсініктер.
42. Әлеуметтік-экономикалық карта құрастырудағы сызықтық белгілер тәсілі.
Бұл тәсіл бейненің казіргі және абстрактілі объектілерді бейнелеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әлеуметтік-экономикалық карта құрастыруда жағалау сызықтарын, жарылымдар, автомобиль немесе теміржол жолдарын көрсету, атмосфералық фронттар, әкімшілік шекараларын көрсету мақсатында қолданылады. Линияның түсі, оның жуандығы бейненің сапалық және сандық сипаттамасын білдіреді: Жағалық сызықтың типін, жарылымның тереңдігін, жылы және суық фронттар және т.б. Линиялық белгілер экономикалық-әлеуметтік карталар көптеп кездеседі.
43. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы картограммалау тәсілі
Картодиаграммаларды ауылшаруашылық өнімдерін жинау барысында, оқушылардың жалпы санын көрсетуде, өнеркәсіп орындарының көлемін көрсетуде, электр энергияларын облыс,аудан, провинция бойынша тұтыну барысын көрсетуде қолданылады. Картограммалар арқылы мың тұрғынға шаққандағы бала бақшаларды, ауыл шаруашылығының 100 га шаққандағы энергиямен қамтылуын, облыстың орман ауданының пайыздық көрсеткішін жатқызамыз.
44. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы изосызықтар тәсілі
Әлеуметтік-экономикалық карта құрастыру негізінен жалпы географиялық және физикалық карталар құрастырудағы негізгі этаптарының сақталуымен жүреді, жүзеге асырылады. Олар:
-редакциялық;
-авторлық;
-баспалық жұмыстар;
Олардың ішінде ең маңыздысы редакциялық жұмыстар жатады.
Редакциялық жұмысқа карта құрастырудағы барлық ғылыми –техникалық басқару жүйесі кіреді. Сондықтан редакциялау әлеуметтік – экономикалық картаны құрастырудың барлық этаптарын қамтитын үзілмес процесс құрайды.Ол дайындық жұмыстарынан бастап, картаны басып шығару жұмысына дейін құрайды.Әлеуметтік – экономикалық тақырыптағы кез келген картографиялық өнімді құрастыруда негізгі дайындық жұмыстары бірінші кезеңде, яғни картаны жобалау кезеңінде жүзеге асырылады, карта программасын құрастыру мәліметтерді жинау және оъектілерді зерттеу жұмыстарынан тұрады.Осы кезеңнің алдында территорияға қатысы бар материалдарды таңдау жіне анализдеу керек.Картаның материалдық негізін дайындауға масштабын, проекциясын, координаттық торын және т.б. түрлерін таңдау жұмыстары кіреді.
Жалпы алғанда Әлеуметтік-экономикалық карта құрастырудағы изосызықтарға келетін болсақ изосызықтар дегеніміз -картографияланатын көрсеткіштің бірдей мағынасын көрсететін сызық. Мысалы: бедердің аймағы, магниттік қысым аймағы, қысым, температура т.б. олар горизонтальдар борйынша сызылады, изогондар, изобаралар, изотермалар- әр түрлі изосызықтардың жанұясы.Бақылау нүктесі ретінде картаға бірінші картографияланатын объектіні түсіріп, соны пайдалана отырып, интерполяцияның көмегімен изосызықтар жүргізеді. Изосызықтардың көмегімен карта бетінен абсолютті және қатысты биіктіктерді, еңістер мен градиенттерді, таралу деңгейін және басқада көптеген нәрселерді анықтауға болады.
45. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы ұстанымдар Әлеуметтік-экономикалық карталар — бүкіл ел және оның әкімшілік бөліктері бойынша әр түрлі қоғамдық құбылыстарды (халық, экономика, қызмет көрсету салалары,мәдениет, ғылым және тағы да басқалары) бейнелейтін карталар. әлеуметтік (халықтың орналасу тығыздығы, орташа табыс мөлшері, өлім-жітім), экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы)Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. Әлеуметтік экономикалық карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі.Әлеуметтік экономикалық карталарда ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда. Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде.
