Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурс ГИС ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

39) Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сандық фондар тәсілі

Әлеуметтік-экономикалық карталар — бүкіл ел және оның әкімшілік бөліктері бойынша әр түрлі қоғамдық құбылыстарды (халық, экономика, қызмет көрсету салалары,мәдениет, ғылым және тағы да басқалары) бейнелейтін карталар. Халық, экономика, тарих және тағы да басқалары карталарын қамтиды Қоғамдық құбылыстар қарталары социосфера мен техносфераны қамтиды. Сандық фонның тәсілі – территориялық сандық көрсеткіштеріне қарай көрсетіледі. (М: ағыс жылдамдығы) Сандық фонды әдетте аудандастыруда қолданады. Рельефтің тереңдігін шкаламен көрсетеді. Яғни рельефтің әрбіп ауданын штрих сызықтармен бейнелейді. Сандық фон әдетте гидроресурстық және рельефтердің территорияларын аудандастырғанда қолданылады.

40.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сапалық фондар тәсілі

Сапалы көрініс тәсілі - Жер бетінде тұтасып тараған (мыс, ландшафт) және айтарлықтай ауданды алып жатқан (мыс, топырақ жамылғысы) немесе жаппай тараған (мыс, халық) құбылыстардың сапалық сипатын бейнелеудің картаға түсіру әдісі.Картада сапалық фонды түрлі түсті немесе штрихты сызықпен бейнелейді. Кей жағдайларда олардың екеуіде бірге қолданылады.

Картада сапалық фонды қолдану оңай болуы үшін оларды әдетте индекспен белгілеп көрсетеді. Ол картаның легендасында жазылады.

Ең дәл әдіс - фототеодолитгік түсіріс, аналитикалық, сандық үлгідегі нүктелер фототүсіріс стереокомпараторлық автоматтандырылған және коорди- наттардың регистрациясы мен параллакстар бойынша бақыланады. Алынған шығарылым сандық мәліметтері аналитикалық жолмен қальпггасады (ЭЕМ-ді қолданумен), геометриялық үлгі жергілікті фото- грамметрикалық жэне геодезиялық координаталар нүктелерін табады.

41) Әлеуметтік- экономикалық карта және жобалау әдісі.  Карта планетамыздың және оның бөліктері —құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы,табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік беред.Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылғын жерге орналастыру,мелорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]