Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурс ГИС ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

16. Картографиялық өнеркәсіптің тенденциялары мен қазіргі кездегі проблемалары

Картография— географиялық карталарды, оларды жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Картографияның кең тараған бұл анықтамасы оның техника жағын басымырақ көрсетеді. Географиялық карталарды кеңістіктің көрнекті образды-белгілік моделі деп қарайтын қазіргі ғылми көзқарас картографияның пәні мен әдісіне бұдан да дәлірек анықтама ту-ғызды. Картография— табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байла-нысың, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін т. б. картографиялық кескіндеудің көмегімен бейнелейтін және зерттейтін ғылым Қазіргі картография зерттейтін басты проблемалар: 1) ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім; соңғысына картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (белгілер жүйесі) теориялары жатады (бұл салада карталардың түрлері, типтері, жіктелуі әрі оларды талдау сөз болады). 2) Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы. 3) Картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді үнемі шолу әрі саралау және оларға қатысы бар ғылми-информация теориясының мәселелерімен айналысу). 4) Карталарды жобалау және оны дайындау теориясы мен технологиясы. 5) Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісікарталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.

17 Кешенді аудандық атластардағы ауыл шаруашылығы картасының системасыКартография – табиғат пен қоғам құбылысының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын жəне олардың мезгілге қарай өзгеруін, т.б. картографиялық кескіндеумен бейнеленетін ғылым. Сондай –ақ, бұл пəн тақырыптық карталардың дамуын зерттейді. Картография – географиялық карталарды құрастыру, жасау, өңдеу жəне басып шығару тəсілдерін жəне олардың мазмұндық мəселелерін зерттейтін ғылым. Салалары: картатану, математикалық картография, картаны басып шығару, ГАЖ – мен тығыз байланысты. Карта – белгілі бір математикалық заңдылықтарға сүйене отырып (масштаб, проекция) жасалынатын жер шарының кішірейтіліп, жердің қисықтығын ескере отырып, əр түрлі шартты белгілермен белгіленіп қағаз бетіне түсірілуі. Қолдану мақсатына қарай карталар əскери шаралар, халық шаруашылығы, мелиорациялау, тау – кен өндірісі, туристерге қажетті,бағдар алу, экономикалық – географиялық мақсатта, географиялық білімді тереңдету үшін қажетті құрал. Атлас-карталардың жүйелі жиынтығы. Қолдануына, мазмұнына жəне картографиялық қамту кеңістігіне қарай өте көлемді. Атлас əртүрлі тақырыптағы карталар жиынтығымен ерекшеленеді.Ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы карталары ұқсастығы жерді негізгі өндіріс құралы ретінде қоланылуында.Ауылшаруашылығы карталарының негізгі топтарының бірі оның даму жағдайы карталары ол карталар келесі жағдайларды сипаттайды.Өндіріс ресурсының жағдайын жердің агроөнеркәсіптік типтерін топырақтағы микроэлементтер құрамын тағы сол сияқты.Ал әлеуметтік экономикалық жағдайын сипаттайтын жағдайларға ауылшаруашылығының еңбек ресурстарымен және энергиямен қамтылуымен көрсетуге болады.Ауылшаруашылық карталарының келесі тобына ауылшаруашылық өндірісінің сипаттайтын карталарды жатқызамыз.Оған ауылшаруашылық мекемесінің жеке меншік формасын сипаттайтын карталар жатады.Ауылшаруашылығының жалпы сипаттамасына жер телімі карталары карталары жатады.Осындай карталардың ақпарат көздеріне жерге орналастырудың картографиялық материалдарымен әуе ғарыштық суреттер жатады.Олар негізінен ірі және орта масштабта болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]