- •1)Гаж анықтамасы және негізгі түсініктер.
- •3. Гаж типтері. Гаж-дың әр түрлі типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •4.Геоақпараттық картография
- •5.Картографиялық модельдеу принциптері: аналогия, конкретизациялау,форматтау, генеризациялау, символдау.
- •7.Отандық әлеуметтік-экономикалық картографияның дамуы
- •8. Әлеуметтік-экономикалық суреттердің математикалық әдістері және автоматизация құралдарының генерализацияда қолданылуы.
- •9.Әлеуметтік-экономикалық картографияның объектілері
- •10. Әлеуметтік-экономикалық картографиядағы синтез. Аналитикалық, кешендік, синтетикалық карталар.
- •12.Қоныстану картасы, даму проблемасы және тенденциялар
- •11. Әлеуметтік-экономикалық карталарды құрастырудың негізгі принциптері; бұл карталардың ғылыми және практикалық маңызы
- •13. Қоныстану картасының жүйесі
- •15. Кешенді аудандық атластардағы әлеуметтік сфераның картографиялануы
- •16. Картографиялық өнеркәсіптің тенденциялары мен қазіргі кездегі проблемалары
- •21. Көлік және экономикалық байланыс картасы
- •25. Әлеуметтік-экономикалық карта түрлері
- •29.Өнеркәсіп және құрылыс картасы
- •32. Ғылым, білім, мәдениет және халыққа қызмет көрсету картасы
- •33.Саяси картография
- •34 Әлеуметтік- экономикалық карта және жобалау әдісі
- •35. Әлеуметтік- экономикалық картографиядағы картографиялық суреттеу тәсілі
- •37. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы нүктелік тәсіл
- •38. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы ареалдар тәсілі
- •39) Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сандық фондар тәсілі
- •40.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы сапалық фондар тәсілі
- •42. Әлеуметтік-экономикалық карта құрастырудағы сызықтық белгілер тәсілі.
- •43. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы картограммалау тәсілі
- •44. Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы изосызықтар тәсілі
- •46 Карта бағдарламасының зерттемесі
- •47.Суреттердің әдістеме түрлері
- •48. ArcGis бағдарламасында сапалық және сандық құрылысының сипаттамасы
- •49. ArcGis бағдарламасындағы компоновка.Карта легендасын құрастыру
- •50.Кесте. ArcGis бағдарламасында диаграмма құрастыру.
- •ArcGis архитектурасы
- •51. Компоновка. ArcGis бағдарламасында проекция құрастыру және картаны масштабтау
- •52. Әлеуметтік-экономикалық нысанды редакциялау негіздері
- •54.Карта легендасымен жұмыс
- •56.Әлеуметтік- экономикалық карта құрастырудағы математикалық талап
- •57. Сапалық және сандық сипаттама құрылысы
- •58.Картографиялық өнім басылымында жаңа технологияның қолданылуы
- •1)Гаж анықтамасы және негізгі түсініктер.
3. Гаж типтері. Гаж-дың әр түрлі типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
ГАЖ автоматтандырыған ақпараттық жүйе ретінде ғылыми зертеулерді автоматтандыру жүйесі,САПР автоматтандырылған жобалау жүйесі, АСИС-автоматтандарылған анықтамалық- ақпараттық жүйелері сияқты бірнеше ірі ақпараттық жүйелердің технологиялары мен технологиялық процестерін біріктіреді. Соның нəтижесінде жалпы қолданыстағы автоматтандырылған жүйелердің ішінде ГАЖ бірден-бір алдыңғы қатарға ие.
Геожүйе ретінде ГАЖ бірнеше жүйелердің техногияларын (ең бірінші ақпарат жинау технологиясын) қамтиды, яғни географиялық ақпараттық жүйе, картографиялық ақпараттар жүйесі, автоматтандарылған картографиялау жүйесі, автоматандырылған фотометриялық жүйе, жер ақпаратық жүйесі, автоматтандырылған кадастрлық жүйенің технологиясын қолданады.
Мəліметтер базасын қолданушы жүйе ретінде ГАЖ əртүрлі əдістер мен технологияларды қолдану арқылы мəліметтер жинағының кеңдігімен сипатталады. Сонымен қатар ескере кететін бір жағдай ГАЖ мəліметтер базасы қарапайым (сандық ) мəліметтер базасымен бірге графикалық мəліметтер базасын да біріктіреді,топтастырады.
Моделдеуші жүйе ретінде ГАЖ басқа ақпараттық жүйелерде қолданылатын моделдеу əдістері мен процестерін кеңінен қолданады.Ақпараттарды бейнелеуші жүйесі ретінде ГАЖ қазіргі мультимедия технологияларын қолдана отырып документтермен қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйелердің дамыған түрі болып табылады. Бұл шығарылатын мəліметтердің қарапайым географиялық карталармен салыстырғанда жоғары деңгейлі көрнекіліктік сипатымен ерекшеленетінін көрсетеді. Мəліметтерді шығару технологиясы бір масштабтан екінші масштабқа өтуге, атрибуттық мəліметтерді кестелік немесе графикалық формада алуға мүмкіндік береді.
Қолданбалы жүйе ретінде ГАЖ қолдану аясының кеңдігі бойынша теңдесі жоқ автоматтандырылған жүйе яғни транспорт саласында, геологияда, географияда, кадастр (жер, су, орман, жылжымайтын
мүлік т.б), əскери істерде, қорғаныс саласында, топографияда, экономика, экология жəн т.б салаларда қолданылады. ГАЖ-нің мүмкіндігі мол, соның арқасында тақырыптық картография қарқынды дамып келе жатыр.
Жаппай қолданыстағы жүйе ретінде ГАЖ картографиялық ақпараттарды тек қана географ маманына ғана емес, кез келген оқушы, қарапайым адамға немесе бизнесменге(іскер адамға) түсінікті іскерлік графика деңгейінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан да ГАЖ технологиясы негізінде шешім қабылдау кезінде барлық жағдайда карта құрастырылмайды, бірақ əрқашанда картографиялық мəліметтер қолданылады.
4.Геоақпараттық картография
КАРТОГРАФИЯ – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. К. табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б. картогр. кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. К-лық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картогр. белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады. К-ның негізгі салалары: 1) К. пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картогр. проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары; 2) К. ғылымы мен өндірісінің тарихы; 3) картогр. деректер тану (картогр. деректерді саралау және оларға қатысы бар ғыл.-ақпарат теориясының мәселелері); 4) карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы; 5) карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі. К. ғыл. және тех. пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. К-ның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. К. теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық К. картаның матем. негіздерін зерттейді. Ол картогр. проекция теориясын әзірлейді, картогр. тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картогр. белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картогр. семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т.б. картогр. өнімдерді технол. әзірлеу, көбейту, картаны полигр. безендіруден тұратын тех. пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картогр. өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картогр. өндірістің дамуын, көне картогр. өнімдердің тарихын зерттейді. Геоақпараттану дегеніміз-Табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың кұрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі (МБ) негізінде компьютерлік белгілеудің көмегімен зерттейтін ғылым.
