Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
terapia_shpor.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆

45. Қолқа стенозының диагностикалық критерийлері

-Қарау- науқаста аорталық бозару айқын корінеді.

-Пальпацияда-білектік артерияның пульсі аз және төмен.Төстің он жағындагы 2 ші қабырғараалықта және ұйқы артериясында систолалық діріл анықталады.

-Жүрекке аускультация-2 тон әлсіреуі.1 ші тонмен тутаспайтын біршама үзілістен кейін басталатыг ромб,ұршық тәрізді систололық шу.Ол 2 ші тонмен аяқталады.

-ЭКГ-ЭКГ қалыпты болуы мүмкін.Айқын стенозда сол жақ қарынша гипертрофиясын анықтауға болады.Р тісшесінің озгеріу коптеген науқастарда анықталады.Бұл сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы мен дилатациясын білдіреді.

-Рентгенологиялық зерттеу-Жүрек өлшемдері өзгермеегенімен сол жақ қарыншаның концентирленген гипертрофиясын анықтауға болады.Айқын аорта стенозында өкпе суретінде іркілісті анықтауға болады.

-Эхокардиография-ЭхоКГ бізге аорталық стеноздың кандай дәрежеде екенін анықтайды.Қақпақ жармаларын.ың қалыңдауы,толық ашылмауы.

-Жүрек қуысына катетеризация.

46.Созылмалы гепатит. Этиология, патогенез и классификация

Созылмалы гепатит —бауырдың 6 айдан артық созылатын полиэтиологиялық диффузды қабыну ауруы. Көбінесе шамалы фиброзбен, бауырдың бөліктік құрылымы сақталуымен өтетін, қабыну – дистрофиялық, көп себепті созылмалы зақымдалу.

Созылмалы гепатиттердің себептері:

1) Негізгі себебі жедел вирустық В-9%, С – 34%, Д гепатиттермен ауру.

СГ жедел вирустық В гепатитінің 5%

СГ жедел вирустық С гепатитінің 85% дамиды:

Инфекция берілу жолдары:

парентералды

жыныстық

анадан сәбиге

А және Е гепатиттер созылмалыға ауыспайды!

2) Бауырдың дәрілермен зақымдануы – 5%:

- цитостатиктер

- салициллаттар

- анаболиктер

- тубазид

- диабетке қарсы препараттар

- тетрациклин

- допегит

- сульфаниламидтер

- аминазин

3) Бауырдың уытты зақымдануы:

-алкогольмен – 35%

-хлорирленген көмірсутегілермен

-металдармен (қорғасын, сынап, мышьяк, фосфор)

-бензол және оның туындыларымен

4) Идиопатиялық (аутоиммунды) – 1%

Вирустық гепатиттер жедел (А, В, С, Д, Е) және созылмалыға (В, С, Д) бөлінеді.

Гепатит А – фекальды-оральды жолмен беріледі. Ағымы жеңіл. Болжамы жақсы. Арнайы ем қажет емес.

Гепатит Е – су арқылы таралады (Оңтүстік-Шығыс Азияға тән).

Гепатит В, С – парентералды жолмен таралады. Созылмалы ағым тән.

Гепатит Д – гепатит В вирусы болғанда ғана дамиды.

Вирустық гепатиттердің патогенезі:

Вирусқа қарсы иммундық жауапты түрлері:

1. Адекватты жауап → жедел вирустық гепатит.

2. Шектен тыс иммундық жауап (жылдам типті реакция) → жедел вирустық гепатит гепатаргиямен (фульминантты гепатит).

3. Иммундық жауап жоқ → вирустасымалдаушы.

4. Иммундық жауап әлсіз → вирустың персистенциясы (созылмалы үрдістің дамуы).

Созылмалы ағым мен ауру үдеуін 2 үрдіспен түсіндіріледі:

1) Әлсіз иммундық жүйесі бар ағзада вирустың персистенциясымен.

2) Аутоиммундық үрдістердің дамуы – әр түрлі факторлардың әсерінен гепатоциттердің антигендік қасиеттерге иемденуі.

Созылмалы гепатитте, аутоиммунды гепатитте – цитолиздік қасиеті бар Т-лимфоциттер (CD8+) өседі.

CD8+ өсуіне вирустар, аутоантигендер, гаптендер ықпал етеді. CD8+ HBsAg-мен күреседі. HBsAg +АД (IgG) иммундық кешені иммундық цито­лиз.

Созылмалы гепатиттің жіктелуі (Лос-Анжелес, 1994, Desmet және авт., 1995 ж).

Жіктеуде созылмалы гепатиттің этиологиясы, вирустық гепатиттердің се­ро­ло­гия фазасы және оның маркерлері көрсетіледі, белсенділік дәрежесі, фиб­роздану дәрежесі көрсетіледі.

I. Этиологиясы және патогенезі бойынша:

1. Созылмалы вирустық гепатит В (НВV).

- Репликация фазасы (НВеАg-позитивті созылмалы гепатит). Серология­лық маркерлері: НВеАg, НВеАgAb ІgМ, pre-s антигендер, ДНК-HBV, ДНК-НВV-полимераза.

 - Интеграция фазасы (НВеАg-негативті созылмалы гепатит).

Серологиялық маркерлері: НВsAg, HBcAg IgG, anti-Hbe, ДНК-HBV<105 копия/мл.

- HВeAg-вирустың сақталған репликациясы бар негативті созылмалы гепатит (мутантты НВVе-вариантты). Серологиялық маркерлері: ДНК-полимераза, ДНК-НВV, HBcAg IgМ, pre-s антигендері.

2. Созылмалы вирустық гепатит D (НДV). Репликация фазасының серологиялық маркерлері: НДV-РНК, ІgМ және ІgG Д-антигеніне антидене.

3. Созылмалы вирустық гепатит С (НСV). Репликация фазасының серологиялық маркерлері: НСV-РНК, НСV core Ag IgM және IgG.

4. 6.Созылмалы бейспецификалық гепатит: бейспецификалық вирустан дамыған гепатит, ұзақтығы 6 айдан астам.

7.Этиологиясы анықталмаған СГ: этиологиясы белгісіз, ұзақтығы 6 айдан астам.

8. Вирустық немесе аутоиммундық деп жіктелмеген СГ: бұл этиологиялық факторларды дәл өлу мүмкінсіздігінде, ұзақтығы 6 айдан астам.

9.Созылмалы дәрілік гепатит, ұзақтығы 6 айдан астам. Дәрілердің н/се метаболиттердің тікелей гепатоуытты әсері және идиосинкразия дамуынан.

10.Біріншілік билиарлы бауыр циррозы.

11.Вильсон-Коновалов ауруы: аутосомды-рецессивті ауру, мыс метаболизмінің бұзылуы.

12.α1-антитрипсин тапшылығымен байланысты бауыр ауруы: аутосомды-рецессивті.

II. Белсенділік дәрежесі:

- Минималды белсенділіктегі созылмалы гепатит.

- Әлсіз айқындалған созылмалы гепатит.

- Орташа созылмалы гепатит.

- Ауыр созылмалы гепатит.

III. Фиброздану дәрежесі:

- Фиброз жоқ.

- Әлсіз айқындалған.

- Орташа фиброз.

- Ауыр фиброз.

- Бауыр циррозы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]