Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
terapia_shpor.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆

47).Буындық синдром бойынша ажыратпалы диагноз

1)Ревматоидты артрит (РА) – буындар зақымдануымен жүретін жүйелі дәнекер тіні ауруы. Өзіне тән ерекшеліктері:

  • 3 не одан да көп буындардағы артрит және оның 3 айдан көп ауыру;

  • Саусақ буындарының артриті;

  • Ұсақ буындардың симметриялық артриті;

  • Таңғы құрысулар 1 сағаттан асса;

  • Ревматоидты түйіндер;

  • Рентгенологиялық белгілер;

2)Жүйелі қызыл ноқта кезіндегі артрит

-жежел және жеделдеу миграцияланатын полиартрит;

-Бірден басталады.

-Ұсақ саусақтар зақымдалады

3)Подагра-зәр қышқылы алмасуы бұзылысымен,қанда зәр қышқылының жоғарылауымен,тіндерде зәр қышқылының натрий тұзы кристаладырынң жинақталуымен,подагралық тофустардың пайда болуымен жүретін созылмалы ауру.

  • Ұстаманың бірден пайда болуы (әдетте түнде)

  • Бірінші саусақта күшті ауырсыну сезімі,оның ісінуімен ,айқын гиперемиямен көрінеді.

  • Қызба( 40 градусқа дейін жетуі мүмкін), лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

  • 5-6 күннен кейін қабыну үдерістері тоқтайды

  • Ұстамалар ұзақтығы 3 күннен 1,5 айға дейін

4)Рейтер ауруы

Триада: артрит, конъюнктивит, уретрит ; 

Жиі қоздырғышы- хламидиядар болып келеді

-полиартрит – 3 буыннан көп(65%)

-Олигоартрит (29%)

-Моноартрит (6%)

Аяқтардың зақымдалуы жиі жүреді.

48. Жедел гломерулонефриттің диагностикалық критерийлері:

-Жалпы қан анализі-Нв концентрациясының біршама томендеуі және ЭТЖ шамалы жоғарылаған.

-Қанның бх анализі-гипопротейнемия,гипоальбунемия,гиперлипдемия,

-Жалпы зәр анализі-протейнурия,гематурия,лейкоцитурия.

-Ничепоренко бойынша-микро- және макрогематурия,лейкоцитурия,эритроцитарлы цилиндрлер.

-Зимницкий б/ша-бүйректік концентрациялық функциясы сақталған.

Антистретококты факторлар-антистрептолизин О анықталуы,антистрептококты гиалуринедазаның табылуы.

Реберг-Тараев сынамасы-шумақтық фильтрация дылдамдығының төмендегенін анықтауға болады.

Мазок из зева-стрептококты анықтау үшін.

УДЗ-бүйрек тінінің ісінуін анықтауға болады.

49. Қантты диабет. Анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.

Қантты диабет – зат алмасудың барлық түрлерінің, әсіресе көмірсу алмасуының бұзылуына, нәтижесінде тамырлардың, жүйке жүйесінің және басқа да мүшелер мен жүйелердің зақымдалуына әкелетін инсулин абслоютті (1 тип) немесе салыстырмалы (2 тип) жеткіліксіздігі нәтижесінде дамитын созылмалы гипергликемия синдромымен сипатталатын эндокринді-гетерогендік жүйелі ауру.

Этиологиясы:

  • Инсулин секрециясының бұзылысы

  • Инсулин қызметінің бұзылысы

Бейімдеуші факторлар.

  • ИТҚД:

  • -ҚД- бойынша тұқымқуалаушылық -аутоиммунды аурулар, бірінші орында эндокринді аурулар (аутоиммунды тиреоидит,бүйрек үсті қыртысының созылмалы жеткіліксіздігі).

  • -Лангерганс аралшығының қабынуын тудыратын (инсулин) және бета-клетканы зақымдайтын вирусты инфекциялар.

  • ИТЕҚД:

  • -тұқымқуалаушылыққа бейімділік; ИТЕҚД-генетикалық негізі 100% жағдайда байқалады.

  • -семіру (семірудің Ідәр, болса ҚД-не беиімділік екі есе артады, ІІ дәр-5 есе, ІІІ дәр-10 еседен артық, соның ішінде семірудің абдоминальды түрі, майдың дененің шеткері таралуына қарағанда ерекше орын алады).

Қантты диабеттің жіктелуі (ДДСҰ, 1999)

ҚД 1 типі

- Аутоиммунды

- Идиопатиялық

Абсолютты инсулин жеткіліксіздігіне алып келетін ұйқы безінің β-клеткасының деструкциясы

ҚД 2 типі

Инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігі мен инсулинге резистенттілікпен және инсулин секрециясының кемістігімен (дефектісімен) немесе онсыз жүреді

ҚД басқа арнайы түрлері*

β-клеткалар қызметінің генетикалық кемістігі

Инсулин әсеріндегі генетикалық кемістік

Ұйқы безінің экзокринді бөлігінің аурулары

Эндокринопатия

Дәрілер мен химиялық заттарға қатысты

Инфекциялар

Иммунологиялық әсерден болатын ерекше түрі

Диабетпен үйлесетін басқа синдромдар

Гестациялық диабет*

Жүктілік кезінде пайда болады


50)Өкпелік инфильтрат синдромы бойынша ажыратпалы диагнозы

1.Пневмония.

2.Өкпе туберкулезі

3.Өкпе рагы.

4.Өкпе инфаркті.

Пневмония - өкпе тінінің барлық құрлымдарының қамтылуымен және альвеолада қабынулы экссудаттың жиналуымен жүретін өкпенің жедел инфекцилық қабынулы ауруы.Пневмония әртүрлі қоздырғыштармен тудырылады, жиі бактериялармен, сирек вирустармен, саңырауқұлақтармен, қарапайымдылармен, рикетсиямен шақырылады. Пневмонияның бастапқы кезеңінде зақымдалған сегментте өкпе суретінің күшеюі анықталады, өкпе тканінің мөлдірлігі бұл аймақтарда қалыпты немесе төмендейді. Тығыздалу кезеңінде-қабынған ошақтарда өкпе тканінің қараюы (өкпе тканінің инфильтрациясы). Бір бөлікті қамтитын крупозды пневмонияда көлеңке бір текті, гемогенді, ортаңғы бөліктерінде айқынырақ.

Өкпе туберкулезі. Бұл ауруды айыруы үшін қақырықты қайталап түберкулез микробактериясына тексереді және тері іші туберкулин сынамасын жасайды науқастың туберкулезбен ауратындармен жұғысуының анықталуы және туберкулездің көбіне өкпенің жоғарғы бөлігін зақымдайтыны диагнозды айыруға көмектеседі. Күдіктенген жағдайда, кәдімгі антибиотиктер әсер етпесе, түберкулезге арнайы ем жасайды. Туберкулезді анықтау үшін бронхоскопия және өкпенің транспронхтық биопсиясын жасаған маңызды.

Өкпе ісіктері. Өкпе рагынан жасы егде, темекі тартатын адамдарда күдіктенеді. өкпенің ісіктері көбіне паранеопластикалық белгілермен қатар жүреді, шеттік лимфа түйіндердің ұлғаюы жиі байқалады. Рентгендік зерттеуде, өкпе тінінің зақымдалуынсыз, тек қана түбірдің инфильтрациясы немесе жанынан түсірілген рентгенограммада, өкпе сегментіне сәйкес пішіні ұшбырышқа жақын көлеңке анықталады. Антибиотиктерге әсер етпейді.

Өкпе инфаркті. Өкпе инфарктінің жарақатқа, операцияға ұшыраған, осыдан бұрын тыныс жолдарының инфекциясымен ауырмаған және қозғалуға шамасы келмейтін немесе тромбофлебиті бар науқастарда күдітенген жөн. Дене қызуы 390С –дан аспайды, қалтырау болмайды, жөтел онша мазаламайды. Бірақ қан қақыруы байқалады. Қақырған қанның түсі көбіне ал қызыл. әдетте, плеврада зақымданады (плевралық ауырсыну, үйкеліс шуы болады). Рентгендік тексеруде: плеврамен тұтасқан қиық тәрізді, өкпе сигментіне сәйкес, көлеңке анықталады. ЭКГ-да жұректің оң бөліктеріне күш түсу көріністер пайда болады. Күдіктенген жағдайларда өкпе артериясы тармақтарының бітелуін анықта үшін радиоизотоптық зерттеу немесе ангиострафия жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]