Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толық ЭББЖ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

6 Дәріс. Толқынтасығыш

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Толқынтасығыш. Ерекшеліктері

  2. Толқынтасығыш зерттеуде Максвелл теңдеулерін қолдану

  3. Толқынтасығыш түрлері

  4. Толқындардың құрылымы мен олардың критикалық жиілігі

  5. Толқынтасығыш кемшіліктері мен артықшылықтары

  6. Толқынтасығыш қолдану орталары

Толқын арнасы – энергияның аралуы көлденең бағытта шектелулі жабық бағыттаушы жүйе. Бұл біртекті жүйе болғандықтан, көлденең электрлік (TE,H) және көлденең магниттік (TH,E) толқындар таралуы мүмкін, ал электромагнитті толқындар таралуы мүмкін емес.

Толқынтасығышта жылжу тогы басым, өткізгіш тогы аз болып, олар толқынтасығыштың өткізгіш қабырғасымен өтеді және ток сызығының үздіксіз болғандықтан, жылжу тогымен тұйықталады. Тікбұрышты және шеңбер тәріздес толқынтасығыштар көп тараған болып табылады.

Толқынтасығыштың бағыттаушы жүйе ретіндегі артықшылығына: толқын ұзындығы критикалы мәннен аспайтын толқындардың тарала алатындығы жатады. Мұнда, анализ жасау барысында, гармоникалық толқындар үшін жасалып, көбейткіші қолданылмайды.

Толқынтасығыш қасиеттерін бақылау үшін алдымен екі шексіз өткізгіш жазықтықтық арасындағы толқын тарату ерекшеліктерін қарастырайық (6.1 сурет).

6.1 Сурет – Шексіз өткізгіш жазықтық

6.1 кестесінде кейбір толқындардың құрылымы мен олардың критикалық жиілігі көрсетілген.

6.1 кесте - Кейбір толқындардың құрылымы мен олардың критикалық жиілігі

Сипаттамасы

Толқын түрі

1

2

3

4

Көлденең кесуінің жазықтық өрісі

Нолден басқа өріс компоненттері

, , , ,

, ,

, ,

1

2

3

4

Өзіндік тексеру сұрақтары

  1. Екі өткізгіш жазықтық арасында толқындардың (модалардың) қандай сыныптары және типтері таралады?

  2. Өріс құраушылары үшін шеткі шарттардың мағынасын түсіндіріңіз.

  3. Критикалық жиілік (толқын ұзындығы) дегеніміз не?

  4. Өткізгіш шексіз жазықтықтар жүйесінде немен анықталады?

  5. Жазық-параллель жазықтықтар жүйесінде тарату режимін сипаттап беріңіз.

  6. Толқын тасығыштарда қандай сыныптар және толқын типтері таралады?

  7. Толқын тасығышта критикалық жиілік (толқын ұзындығы) немен анықталады?

  8. Дөңгелек толқын тасығышта электрлік және магниттік толқындарды тарату қандай шарттарды қанағаттандырады?

  9. Дөңгелек толқын тасығышта толқынның негізгі типі қандай?

  10. Дөңгелек толқын тасығышта толқынының ерекшелігін түсіндіріңіз.

  11. Спиральді толқын тасығыштардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

7-8 дәріс. Ташықты жарық өткізгіштік/тасығыш

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Толық ішкі шағылыс

2. Талшықты жарық өткізгіштік. ТЖ негізгі қасиеттері

3. Бір модолы және көп модолы ТЖ

4. ТЖ сипаттамалары мен параметрлері

5. ТЖ толқынды теориның негізгі қалпы

Талшықты жарық өткізгіштік/тасығыш ақпаратты оптикалық диапазонды электромагниттік толқын арқылы тарату үшін қолданылады.

Техникада талшықты-оптикалық байланыста электромагнитті толқын өлшемдерінде нақты орын алатын жақын инфрақызыл диапазон қолданылады (7.1сурет).