Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толық ЭББЖ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2 Дәріс. Электр байланыс желісін құрастыру

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Электр байланыс желісін құрастыру

2. Байланыс желілері қағидасы бойынша байланыс жолдарының классификациясы

3. Жалпыланған байланыс желісінің сұлбасы

4. Байланыс желілерінің топологиясы

5. Қалалық телефондық желі

Электр байланыс желісін құрастыру. Кез-келген байланыс желі мынадан тұрады: шеткері құрылғы (арна құрастыратын аппарат), байланыс жолы, коммутация жүйесі, шеткері құрылғы (абоненттік қолжеткізім құрылғысы). Жалпыланған байланыс желісінің сұлбасы 2.1 суретте көрсетілген.

Мемлекеттердің барлық байланыс желілері Бірыңғай Ұлттық Байланыс Желісін (БҰБЖ) құрайды.

2.1 Сурет – Жалпыланған байланыс желісінің сұлбасы

Байланыс жолдары магистральды, аймақты, ішкі аймақты болып бөлінеді. Магистральды жолдар областық орталық пен бас торапты және аймақ орталығын бір-бірімен байланыстырады, сонымен магистральды желіні құрастырады.

Аймақтық желі бір немесе екі шеткі облыстарды аймақтық байланыс жолы негізінде құрастырылады. Аймақтық желі аймақ ішіндегі және жергілікті жол арқылы қалыптасады. Жергілікті байланыс ауылдық және қалалық телефон желісінен тұрады.

ҚТЖ-і келесі топологиялар бойынша құрылуы мүмкін:

- әрқайсысы - әрқайсысымен, мұнда әр желі торабы басқа торабтары тура байланыста;

- торабты, мұнда бірнеше пунктер торабқа топтасып, бір-бірімен байланысады;

- радиалды (жұлдыз тәріздес), мұнда радиалды жолдарды басқа пункттермен қосатын бір торабтан тұрады.

Ең көп тараған топология түрі радиалды және торабты құрылымдық болып келеді.

Өзіндік тексеру сұрақтары

1. Байланыс желісінің құрамдарын атаңыз, олардың міндеттерін түсіңдіріңіз.

2. Байланыс желісінің тораптары мен тармақшалары нені білдіреді?

3. Бірыңғай Ұлттық Байланыс Желісіне (БҰБЖ) анықтама беріңіз.

4. Біріншілік, екіншілік, транспорттық желіге анықтама беріңіз.

5. Магистральді, зоналық, жергілікті желіге анықтама беріңіз.

6. ҚТЖ-на қандай талаптар қойылады, олар немен қамтамасыз етіледі?

7. ҚТЖ құрамына қандай құрылғылар кіреді?

8. ҚТЖ-нің құрылымдық сұлбаларын атап шығыңыз, оларды сипаттаңыз.

9. Абоненттік байланыс жолдарының құрылысын түсіндіріңіз.

10. ҚТЖ құрылымының шкафтық жүйесін сипаттаңыз, бұл жүйенің артықшылығы қандай?

3 Дәріс. Кабельдер негізіндегі бағыттаушы жүйе

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Электрлік кабельдер. Электрлік байланыс кабельдерінің анықтамасы

2. Байланыс кабелінің классификациясы

3. Кабельдың негізгі құрылымдық элементтері

4. Оптикалық кабельдер. Классификациясы

5. Оптикалық кабельдер. Ерекшеліктері

Кабель – бір құрылымға қосылған, құрамында бағыттаушы жүйесі бар электротехникалық өнім.

Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель жалпы металдық қабықша мен қорғаныс жабыннан тұрады. Әр сымның/өткізгіштің жұбы электрлік тізбекті құрайды.

Қазіргі таңдағы кабельдер келесі белгілері бойынша бөлінеді (сурет 3.1). Сонымен қатар, кабельдер изоляция түрі, шиыршық/бұрама әдісі, қабықша материалы, құрышты жабыны бойынша бөлінеді.

Симметриялы кабель электрлік және конструктивті белгілері бірдей симметриялы жұптан тұрады. Коаксиалды кабель конструктивтілігі бойынша әр түрлі бір немесе бірнеше коаксиалды жұптан тұрады.

Кабельдың негізгі конструктивті элементтеріне: изоляцияланған өткізгіштер, коаксиалды жұп, қорғаныс қабықшалары, шиыршық жабын жатады.

Байланыс кабелінің өткізгіштігі төменгі электрлік кедергісі, жеткілікті майысқақтық, механикалық қаттылығы болуы керек. Олардың негізгі элементі -өткізгіші алюминий немесе мыстан жасалады.

Өткізгіштердің изоляциясы электрлік кедергісі, электрік төзімділігі жоғары болуы керек. Тәжірибеде идеалды диэлектрик ауа болып табыылады, оның , , .