Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толық ЭББЖ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

6 Тәжірибелік сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар

№1 тәжірибелік сабақ. “Симметриялық кабель құрылымының элементтерін есептеу”

Симметриялық кабель құрылымының элементтерін есептеуді жасай білу қалалық кабель желісі аясындағы мамандарға ерекше қажет болуы мүмкін. Бұл өткізгіштерді орамалаудың әртүрлі амалдарын пайдаланатын қалалық төмен жиілікті кабель типтерінің үлкен алуаңдығы бар болуымен негізделеді. ораманың қандай түрі қолданылуына байланысты кабельдің кең жолақтылығы және өзара әсерге сезімталдығы тәуелді. Ең төмен әсерге әкелетін симметриялық жұп тобын тандау кезінде кабель бұрмалуларының пайда болу амалын еске түсіріп қана қоймай, онымен қоса табылатын бұраманың диаметрін немесе кабель құрылымының басқа да элементтерін есептеу керек.

Екінші қабаттағы топ саны келесі формуламен анықталады:

, (1)

мұндағы DI – бірінші (орталық) бұраманың диаметрі; d – өткізгіш тобының диаметрі; χ – орама коэффициенті.

Үшінші қабаттағы топ саны келесі формуламен анықталады:

, (2)

мұндағы DII – (орталық) бұраманың диаметрі; nII – екінші бұрамадағы топ саны.

Есептеулерді қысқарту үшін топ саны алдыңғысымен салыстырғанда әрбір келесі қабатта алтыға өседі деп есептеуге болады. Бұл ережеден біріншіде (орталық) бір топ құралған кезде екінші қабат қана ескерту болып табылады. Кабель жүрекшесінің мұндай құрылымы кезінде екінші қабатта 6-ға емес, 5 топқа ұлғаяды.

Өзіндік шешу үшін арналған тапсырмалар

1 тапсырма. ТГ 10 2 0,5 кабелінің құрылыс ұзындығында қанша кг мыс және қорғасын барын анықтау.

2 тапсырма. МКГ-4 4 1,2 кордельді-қағаз изоляциясы бар кабелінің төртігіндегі өткізгіш жұбының орталары арасындағы ара қашықтықты табу керек және жұлдызды топтың диаметрін анықтау керек.

3 тапсырма. МКПГ-4 4 1,2 балонды-полиэтиленді изоляциясы бар кабелінің төртігіндегі өткізгіш жұбының орталары арасындағы ара қашықтықты табу керек және жұлдызды топтың диаметрін анықтау керек.

4 тапсырма. МКПВ-1 4 1,2 тегіс полиэтиленді изоляциясы бар кабелінің төртігіндегі өткізгіш жұбының орталары арасындағы ара қашықтықты табу керек және жұлдызды топтың диаметрін анықтау керек.

5 тапсырма. МКПП-1 4 1,2 тесікті-полиэтиленді изоляциясы бар кабелінің төртігіндегі өткізгіш жұбының орталары арасындағы ара қашықтықты табу керек және жұлдызды топтың диаметрін анықтау керек.

Әдебиеттер тізімі

1. Гроднев И.И., Верник С.М. Линии связи. – М.: Радио и связь, 1988.

2. Барон Д.А.. Гроднев И.И. и др. Справочник. Строительство кабельных сооружений связи. – М.: Радио и связь, 1988.

3. Ионов А.Д., Попов Б.В. Линии связи: Учеб. Пособие для вузов. – М.: Радио и связь, 1988.

4. Цым А.Ю., Камалягин В.И. Междугородные симметричные кабели для цифровых систем передачи. – М.: Радио и связь, 1984.

5. Андреев В.А., Портнов Э.Л., Кочановский Л.Н. Направляющие системы электросвязи. Том1. Теория передачи и влияния. – М.: Горячая линия – Телеком. 2009.

6. Ксенофонтов С.Н., Портнов Э.Л. Направляющие системы электросвязи. Учебное пособие. - М.: Горячая линия – Телеком. 2004.

№2 тәжірибелік сабақ. Симметриялық кабель тізбектерінің біріншілік параметрлерін есептеу

Симметриялық кабель тізбектерінің біріншілік параметрлерінің ерекшелігі әуе жолдарының конструктивті айырмашылығымен анықталады. Өйткені кабельдік жұптың тура және кері өзектерінің ара қашықтығы өзек радиусы мен көршілес жұпқа, экранға, кабельдің металл қабықшасына дейінгі арақашықтықпен сәйкес. Олардың барлығы жұптың электромагниттік өріс құрылысына өзгеріс енгізеді.

Кабельдегі барлық өзек бумасына иілгіштік қасиет беру үшін оны орайды, содан соң өзек ұзындығы кабель ұзындығынан асады.Бұл ұзарту бұрама диаметріне тәуелді орау коэффициентінің көмегімен ескеріледі.

Кабельдік жұптың тұрақты тоққа кедергісі тең:

, Ом/км (1)

Тізбектің активті кедергісі мына формуламен анықталады:

(2)

мұндағы R0- тізбектің тұрақты токтагы активті кедергісі, ол төмендегі формула бойынша анықталады:

(3)

мұндағы p = 1/σ – материалдың меншiкті кедергісі, Ом·мм²/м; d0 – өткізгіштің/өзектің меншікті диаметрі, мм; χ – бұрама коэффициенті, тізбектің ұзындығының бұрама арқылы 1,101....1,02 ұзартуды ескереді, мәні төмендегідей; p – коэффициент, элементарлық топ екінші тізбегінің құйын тәрізді токтарға жоғалтулар, жұлдыз үшін – р = 5; а - тізбек орталықтары арасындағы ара қашықтық, мм; r0 – тоқ өткізгіш радиуысы, мм: , мм; k – құйын тәрізді токтардың коэффициенті: , мм-1 ; μa – абсолютті магниттік өткізгіштік, μa = μ0μ, Гн/м; μ0 = 4 10-7, Гн/м; μ - салыстырмалы магниттік өткізгіштік; F(kr0), G(kr0), H(kr0)- функциялар, құйын тәрізді токтарға еске алған жоғалтудың үстіңгі күшті әсер және таяулық күшті әсері (1 сурет) [1].