- •Қолды Гигиеналық деңгейде тазарТу
- •Қолды антисептикпен тазарту
- •Қолғапты шешу
- •Хлорамин ерітіндісін даярлау
- •Хлорамин ерітінділерін даярлау
- •5% Гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
- •Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ертіндінің құрамы
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Азопирам байқауы Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
- •Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
- •Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
- •(Жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Наукасты қырымен жаткызу
- •Іv. Науқастың жеке бас тазылығы Науқасқа төсек-орын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру(көлденең әдіс)(екі мейірбикемен орындайды)
- •Науқасты ылғалды сүрту
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет сауытын (судноны) беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың Ауыз қуысын күту
- •V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
- •Мейірбикенің міндеттері:
- •Нәтижесінің бағасы:
- •Vі. Тамақтану және науқасты тамақтандыру қалі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Vіі. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Vііі. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Көзге тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Жабысқақ дәрілік Пластырьдісалу
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
- •Инсулинді енгізу
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
- •Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Тазарту клизмасын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік кЛизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Хі. Құықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Хіі. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті кӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Фгдс-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты Бронхографияға дайындау
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттықмейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Хіv. Өкпе-жүрек реанимациясы Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
- •Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
- •П. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі
- •Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Науқасты ылғалды сүрту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртіб кезінде.
Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-370С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын ішкиімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастың астына клеенканы төсеңіз.
Шылапшынға жылы су құйыңыз.
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.
Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.
Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
Қолдың тырнақтарын алыңыз.
Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
Қолғаптарды шешіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.
Дайындаңыз:клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасынорнатыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.
Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек.
Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.
Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.
Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.
Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.
Тырнақтарын алып тастаңыз.
Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.
Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қолдағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.
Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.
Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.
Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.
Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.
Науқастың қолына кремді жағыңыз.
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.
Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
Аяқтағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.
Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.
Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.
Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.
Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.
Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
Науқасты қырындыру
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.
Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.
Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.
Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.
Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.
Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.
Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.
Дайындаңыз:жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналғанстанокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.
Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.
Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.
Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.
Қолғаптарды шешіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.
Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.
Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруғаарналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейдежуыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқасқа судноны беріңіз.
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.
Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.
Науқастың астын жуыңыз.
Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.
Судноны жинап алыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.
Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.
Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.
Науқасқа шалқаснан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.
Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.
Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.
Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.
Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.
Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.
Кермені жинап алыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
