Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КІТАП - копия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)

Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

  3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  2. Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз.

  3. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

  4. Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

  5. Зәрді жинауға арналған ыдысты алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

  6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз.

  7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

  8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз.

  9. Ыдыстың қақпағын жабыңыз.

  10. Ыдысты қағаз сүлгісіне қойыңыз.

  11. Киініңіз.

  12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

  13. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

  • бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

  • жиналған зәрді апарар алдында температурасы 4-60С тоңазытқышқа сақтайды;

  • микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және диурез қалыпты су ішу тәртібінде;

  • егерде табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша, қуыққа катетерлеу жүргізіледі.

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

  3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

  4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

  5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

  • нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

  • ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

  1. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.

  2. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

  • тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

  • клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.

Дайындаңыз:20-50 мл кең мойынды құргақ, таза шыны ыдысты (пенициллин флаконы), судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

  2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

  3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

  • науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;

  • үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

  1. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

  2. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.

Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.