Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КІТАП - копия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағыадамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу,өткір ішек жұқпалы аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

  3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

  5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

  7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

  8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

  10. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

  11. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

  • нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

  • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

  • материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

  • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағыадамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу,жедел ішек инфекциялары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

  3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

  5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

  7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

  8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

  9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

  10. Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

  11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

  12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

  13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  14. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.