Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КІТАП - копия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

Наукасты қырымен жаткызу

Максаты: тесекте жайлы калып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: тесектегі еңжарлы және еріксіз калыптағы наукас, ойылудын алдын алу.

Дайындаңыз: функциональды кереуетті, 3 жастықты, аяққа арналған тіреуді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

  7. «Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.

  8. Науқасты оң жаққырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егерде сіз науқасты оң жаққырына бұрғыңыз келсе, онда науқастын аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.

  9. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынныңжәне ұлпалардың жарақатын азайту үшін).

  10. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін – мейірбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.

  11. Науқастың басының және мойынының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана –емізікшелік бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағыныңәсер етуінен қорғау үшін).

  12. Науқастың екіқолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысыныңқозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту).

  13. Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басыныңқасындағы жастыққа салыңыз.

  14. Наукастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

  15. Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяктың түзулігінқамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағыныңқысуын болдырмау, аяктың жазылуынболдырмау).

  16. «Төменгі» аяктың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауыналдын ала ескерту және аяктың сыртқы бүгілісінқамтамасыз ету).

  17. Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

  18. Кереуетті түсіріп және порученді көтеріңіз (наукастыңқауіпсіздігінқамтамасызету).

  19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Іv. Науқастың жеке бас тазылығы Науқасқа төсек-орын дайындау

Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.

Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Матрасты матрас тысына салыңыз.

  2. Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.

  3. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.

  4. Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

  5. Жастықтарға тысын кигізіңіз,оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

  6. Астыңғы жастықты тіке қойыңыз, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.

  7. Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.

Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)

Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Таза ақжайманы бікүл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

  4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

  5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.

  6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

  7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

  8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

  9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

  10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

  11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

  12. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.

  13. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.

  14. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

  15. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;