- •Қолды Гигиеналық деңгейде тазарТу
- •Қолды антисептикпен тазарту
- •Қолғапты шешу
- •Хлорамин ерітіндісін даярлау
- •Хлорамин ерітінділерін даярлау
- •5% Гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
- •Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ертіндінің құрамы
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Азопирам байқауы Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
- •Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
- •Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
- •(Жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Наукасты қырымен жаткызу
- •Іv. Науқастың жеке бас тазылығы Науқасқа төсек-орын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру(көлденең әдіс)(екі мейірбикемен орындайды)
- •Науқасты ылғалды сүрту
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет сауытын (судноны) беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың Ауыз қуысын күту
- •V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
- •Мейірбикенің міндеттері:
- •Нәтижесінің бағасы:
- •Vі. Тамақтану және науқасты тамақтандыру қалі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Vіі. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Vііі. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Көзге тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Жабысқақ дәрілік Пластырьдісалу
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
- •Инсулинді енгізу
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
- •Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Тазарту клизмасын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік кЛизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Хі. Құықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Хіі. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті кӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Фгдс-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты Бронхографияға дайындау
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттықмейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Хіv. Өкпе-жүрек реанимациясы Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
- •Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
- •П. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі
- •Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Мұрын қуысын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.
Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал басбармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.
Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.
Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.
Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).
Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.
Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Құлақты күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.
Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.
Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.
Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).
Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.
Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы естеу жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.
Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.
Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.
Екінші есту жолында тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз.
Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.
