Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КІТАП - копия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

  • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

  • ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста

  • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

2-ші ыдыста

  • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

  • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

  • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

  • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

  • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;

  • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

  • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты:органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

  2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

Жуушы ертіндінің құрамы

компоненттің аттары

ертіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері

қолданылуы

  • жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

қолмен тазартқанда қолданылады

  • ауыз суы (см3)

1 л

  • сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

17 мл

механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сыр-ғып ағу әдісімен, ерштеу үльтра-звукті пайдалану)

  • -жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

  • -ауыз суы (см3)

1 л

  1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

  2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

  3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

  4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

  5. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

  6. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

  7. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

  8. Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінін үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

  9. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.