- •Қолды Гигиеналық деңгейде тазарТу
- •Қолды антисептикпен тазарту
- •Қолғапты шешу
- •Хлорамин ерітіндісін даярлау
- •Хлорамин ерітінділерін даярлау
- •5% Гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
- •Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ертіндінің құрамы
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Азопирам байқауы Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
- •Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
- •Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
- •(Жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Наукасты қырымен жаткызу
- •Іv. Науқастың жеке бас тазылығы Науқасқа төсек-орын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру(көлденең әдіс)(екі мейірбикемен орындайды)
- •Науқасты ылғалды сүрту
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет сауытын (судноны) беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың Ауыз қуысын күту
- •V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
- •Мейірбикенің міндеттері:
- •Нәтижесінің бағасы:
- •Vі. Тамақтану және науқасты тамақтандыру қалі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Vіі. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Vііі. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Көзге тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Жабысқақ дәрілік Пластырьдісалу
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
- •Инсулинді енгізу
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
- •Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Тазарту клизмасын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік кЛизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Хі. Құықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Хіі. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті кӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Фгдс-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты Бронхографияға дайындау
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттықмейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Хіv. Өкпе-жүрек реанимациясы Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
- •Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
- •П. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі
- •Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Науқасты колоноскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз:колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылған суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолғаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.
Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекшіқызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.
Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).
Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.
Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.
Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.
Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.
Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).
Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.
Ескерту:жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту–дайындықтың негізгіміндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.
науқасты РекторомАноскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.
Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.
Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту:
ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
Науқасты цистоскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Цистоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші кызметін атқарады
Іс-әрікет алгоритмі:
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.
