Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КІТАП - копия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆
  1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  4. Кереуеттін тежеуін (тормызын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.

  7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

  8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

  9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).

  10. Шынтақ және иық буынынан 900 бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

  11. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

  12. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 900 бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).

  13. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

  14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

  15. Поручендерді көтеріңіз.

  16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Науқасты ішімен жатқызу

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудын алдын алу.

Дайындаңыз: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды, 2 жастықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен сенімді қарым қатынас орнатыңыз.

  2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттін (тормозын) тежеуінбекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуетке көлденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуге жолды камтамасыз етіңіз.

  7. Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына паралельді (қатар) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз». Егерде науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).

  8. Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

  9. Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады). Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.

  10. Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.

  11. Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (науқасқа жайлы қалып беру).

  12. Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.

  13. Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрацқа қысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бұрылуын алдын ала ескертеді).

  14. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

  15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Науқасты арқасымен жатқызу

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудын алдын алу.

Даярлаңыз: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмы бар қапты).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Төсектегі науқасқа көлденең қалыпты беріңіз.

  7. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

  8. Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).

  9. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).

  10. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынанбастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).

  11. Сирақтын төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудансақтау үшін).

  12. Табанға 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасызету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).

  13. Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақбуынының жазылуын алдын ала ескерту).

  14. Науқастың қолыныңұшы ішіне валикті салыңыз (саусақтардыңжазылуын және бірінші саусақтың бұрылуын азайту үшін).

  15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

  16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.