- •Қолды Гигиеналық деңгейде тазарТу
- •Қолды антисептикпен тазарту
- •Қолғапты шешу
- •Хлорамин ерітіндісін даярлау
- •Хлорамин ерітінділерін даярлау
- •5% Гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
- •Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ертіндінің құрамы
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Азопирам байқауы Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
- •Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
- •Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
- •(Жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Наукасты қырымен жаткызу
- •Іv. Науқастың жеке бас тазылығы Науқасқа төсек-орын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру(көлденең әдіс)(екі мейірбикемен орындайды)
- •Науқасты ылғалды сүрту
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет сауытын (судноны) беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың Ауыз қуысын күту
- •V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
- •Мейірбикенің міндеттері:
- •Нәтижесінің бағасы:
- •Vі. Тамақтану және науқасты тамақтандыру қалі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Vіі. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Vііі. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Көзге тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Жабысқақ дәрілік Пластырьдісалу
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
- •Инсулинді енгізу
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
- •Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Тазарту клизмасын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік кЛизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Хі. Құықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Хіі. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті кӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Фгдс-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты Бронхографияға дайындау
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттықмейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Хіv. Өкпе-жүрек реанимациясы Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
- •Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
- •П. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі
- •Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.
Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық
жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін,жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.
Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, еңалғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.
Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.
Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қалжағдайын сұраңыз.
Ұштыкты,жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі барыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнергесалыңыз.
Қолыңызды,жуып кептіріңіз.
Хі. Құықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
Мақсаты: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, несеп жинайтын ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты кермемен оңашалаңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратқан.
Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өндеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.
Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.
Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.
Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.
Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.
Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.
Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.
Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.
Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.
Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.
Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз.Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымызәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Қуықты жуу
Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.
Дайындаңыз:науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.
Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).
Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).
Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).
50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.
Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.
Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.
Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.
Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.
Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.
