Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КІТАП - копия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
371 Кб
Скачать
☆

Мұрын қуысынан жағынды алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.

Дайындаңыз:штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

  6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

  7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

  9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

  10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

  11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

  12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

  13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

  14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

  15. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.

Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу

Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құра-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекеталгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз.

  5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

  6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

  7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1,2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

  9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.

  10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

  11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

  12. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

  • зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.