Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

24. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды. Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.Қоғамдық құрылысқа қатынасына  қарай саяси қозғалыстар:Консервативтік.Реформистік.Революциялық.Контрреволюцялық  болып бөлінеді. Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:  2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы: 3. Дамыыған жұмыс кезеңі:4. Саяси  қозғалыстың өшу сатысы.Қоғамдық  қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің  негізінде құралады және  жұмыс істейді. Онда қатаң  айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының мынадай түрлері бар: Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т.с.с.         

25. Қазақстан Республикасындағы азаматтық және қоғамдық-саяси қозғалыстар

Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсаты: «Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу» деп біледі.бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдык пен тоталитариз зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады. Қоғамдық қозғалыстарының ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары» . Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының н/е көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады.1) экологиялық бағыттағы ұйымдар: «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті ж/е т.б; 2)ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «русская обшина», «Единство» қоғамдық бірлестігі.3)тарихи-ағартушылық қоғамдар: «мемориал», «Әділет», «Ақиқат» ж/е т.б.4)әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», «жерұйық», «Шаңырақ» ж/е т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]