Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

13.Биліктің бөлінуі – құқықтық мемлекеттің принципі.

Құқықта — құқықтық мемлекеттегі- заңнамалық, атқарушылық және соттық биліктен тұратын мемлекеттік билік тармақтарының, бір-бірінен дербес және тәуелсіз түрде әрекет етуі тиіс принцип. Шамадан тыс күшті биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермеу, халықтың, елдің, мемлекеттің мүдделерін есепке алу мақсатымен жүзеге асырылады. Биліктердің бөліну принципі жүзеге асырылатын мемлекеттерде, мемлекеттік биліктің үш міндетінің біреуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган, өзара бірлесіп әрекет етеді және бұл жағдайда бір- бірін шектеп отырады. Қазіргі заман дәуірінде биліктердің бөліну принципі конституционализмнің ең негізгі идеясы болып табылады

Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:

1) адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);

2) құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формальды – заң жағы);

Бірінші принцип - Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мынандай сөздермен бекіген: «Құқықтық мемлекет өзінің тағайындалған қызметін» біртіндеп орындауға міндетті — әрбір азаматтың жеке – басының жан-жақты даму мүмкіншілігіне кепіл беруі қажет.

Екінші негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:

- билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу, мақсаты теріс пайдалануға жол бермеу;

- федерализм, көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;

- заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);

- мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі; жоғарыдағы көрсетілген басқа, әртүрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан заңдардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдстыру кіреді.

Құқықтық мемлекет: ұғымы және белгілері

Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Құқықтық мемлекетті басқаша түсіндерсек, ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Белгілері:а) құқықтың басымдылығы;б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;г) заң үстемдігі;д) құқық пен заңның тұтастығы;

е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;ж) азаматтық қоғамның орнауы;

з) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі;и) соттардың тәуелсіздігі;к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]