Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

38. Пропорционалдық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:

• дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

• қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы - ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропоционалдық жүйесінің кемшілігі- айлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.

39. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жкргілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуғақұқығы бар. Сайлау жалпыға бәрдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс жағдайында өткізіледі.

Жалпыға бәрдей белсенді сайлау құқығы - ҚР-ның он сегіз жасқа толған азаматарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, және мүліктік жағдайында, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.

Бәсен сайлау құқығы - Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қантарында мажоритарлық ждүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә. Назарбаев мезгіленген бұрын жетіжылдық мерзімге ҚР-ның Президенті болып сайланады. (Бұған дейін 1990 жылғы сәуірінде Жоғарғы КеңесПрезидент етіп сайлаған. 1991 жылдың желтоқсанынан ҚР-ның Президенті. 1995 жылғы референдумда Президенттің өкілеттігі ұзартылған).

Конституцияда Президентікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу шегі белгіленген. ҚР-ның Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған ҚР-ның азаматы сайлана алады. Сенат жепутаты болып азаматтықта екм дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі және кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат дупутаты болып ҚР-ның 20-ға толған азаматы сайлана алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]