Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

31. Либералдық демократия моделі: ұғымы және белгілері

Либералды демократия теориясы — классикалық либерализмнің идеялары, принциптері, саяси-идеологиялық бағыттары мен мақсаттарының теориялық негізі. ЛД теориясы индивидті қоғам мен мемлекеттен бөлек қарастырды, мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажыратты, мемлекеттің қоғам және тұлғамен қатынасындағы қызметі мен өкілеттілігі аясын шектеді, азшылықтың көпшілікке қатысты дербестігі мен құқығын қорғады, барлық азаматтардың саяси теңдігін жариялады, адамға негізгі, ажырамас құқықтар беріп, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде қарастырды. Осы идеялар негізінде 18 — 19 ғасырларда қазіргі демократиялық жүйелер бастау алатын басқару нысандары пайда болды. ЛД теориясы бойынша халық билік субъектісі ретінде биліктің бастапқы және негізгі қайнар көзі болып танылуы; жеке адамның бостандығы мен құқықтары, сондай-ақ парламентаризм мен өкілді билік органдарының басым болуы; мемлекеттің құзыреті мен іс-әрекет аясы негізінен қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаумен шектелуі, оның экономиялық, әлеуметтік және рухани процестерге араласпауы тиіс. ЛД теориясында жеке және топтық дербестіктің танылуы көпшіліктің азшылық үстінен билік жүргізуін шектейді. ЛД теориясының осы және өзге де белгілері адам бостандығы, оның қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу туралы теориялық ой-пікірлердің дами түскендігін көрсетті. ЛД теориясының кемшіліктері жеке адамның рөліне асыра мән бере отырып, оның ұжымдық байланыстарын жоққа шығару, қоғамның тіршілік әрекетін реттеудегі мемлекеттің рөлін тым төмендетуден көрініс тапты. Дегенмен де либералды демократияның классикалық теориясы қазіргі демократиялық тұжырымдамалар мен оларды іске асырудың басты теориялық негіздерінің біріне айналды.

Либералдық немесе индивидуалистік демократия жеке тұлғаны биліктің бастапқы қайнар көзі ретінде мойындаудан, оның әлеуметтік субъект ретіндегі дербестігін, адам құқықтары мен бостандықтарын заң билігімен қорғауды көздеуден түрады.

32. Демократияның ұжымдық моделі: ұғымы және белгілері

Ұжымдық демократия тек халық қана, заң шығару және үкімет қызметін анықтау құқығына ие болуы керек дегенге саяды. Мұндай демократия түрі әлеуметтік субъект ретіндегі халықтың біртүтастығын, оның еркінің мызғымастығын есепке алып, азшылықтың көпшілікке бағынуы қағидатын шексіздендіреді. Сонымен қатар, олар жеке тұлға автономдығын мойындамайды.

33. Демократияның плюралистік моделі: ұғымы және белгілері

Плюралистік демократия - батыс еуропалық елдердің басым көпшілігіне тән. Саясаттың басты субъектілері жеке адам да, халық та емес, әртүрлі топтар дейді. Осылайша тек топтың көмегімен жеке тұлға өз мүддесін қорғауға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады. Дәл осы топта, топтық қарым-қатынастарда жеке тұлғаның саяси қызметінің мүдделері мен қозғаушы күштері қалыптасады.

34. Тура (идентитарлы) демократия: ұғымы, сипаттамалары

Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).

Тура демократия - халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум. нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]