- •1.Қоғамның саяси жүйесі ұғымы және құрылымы.
- •2. Қоғамның саяси жүйесінің қызметтері
- •3.Қоғамның саяси жүйесінің типологиясы.
- •4.Г. Алмондтың саяси жүйені классификациялауы
- •6. Мемлекет ұғымы. Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің белгілері
- •8.Мемлекеттің қызметі.
- •9. «Қазақстан 2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
- •11. Мемлекеттік басқару формалары.
- •10. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы негізгі теориялар.
- •13.Биліктің бөлінуі – құқықтық мемлекеттің принципі.
- •14. Саяси режим: ұғымы және типтері.
- •15.Демократиялық саяси режимнің негізгі сипаттамалары.
- •17. Тоталитарлық саяси режим.
- •18. Саяси партиялар ұғымы мен генезисі.
- •19. Саяси партиялардың қызметтері.
- •20. Саяси партиялардың классификациясы
- •21.Демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық партиялардың белгілері
- •22.Партиялық жүйе туралы ұғым. Партиялық жүйенің түрлері
- •24. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі
- •25. Қазақстан Республикасындағы азаматтық және қоғамдық-саяси қозғалыстар
- •26. Қоғамның саяси жүйесіндегі қысым көрсету топтары.
- •28. Қр Конституциясы жергілікті және өзін-өзі басқару органдары туралы.
- •29. Қр Конституциясы атқарушы биліктің құрылымы мен қызметі туралы.
- •30. Демократия ұғымы. Демократияның белгілері.
- •31. Либералдық демократия моделі: ұғымы және белгілері
- •32. Демократияның ұжымдық моделі: ұғымы және белгілері
- •33. Демократияның плюралистік моделі: ұғымы және белгілері
- •34. Тура (идентитарлы) демократия: ұғымы, сипаттамалары
- •35. Репрезентативті (өкілдік) демократия: ұғымы, сипаттамалары
- •36. Сайлау жүйесі ұғымы және оның түрлері
- •37. Мажоритарлық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары
- •38. Пропорционалдық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары
- •39. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •40. Саяси процесс: ұғымы және құрылымы
- •41. Саяси процесс түрлері, олардың сипаттамалары
- •42. Саяси сана: ұғымы, қызметтері
- •43. Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері
- •44. Саяси процесс және саяси жаңғырту
- •45. Саяси мәдениет: ұғымы, құрылымы
- •46. Саяси мәдениеттің қызметтері
- •47. Саяси мәдениеттің патриархалдық, азаматтық, қоғамшылдық түрлерінің негізгі белгілері
- •48. Индустрияға дейінгі, тоталитарлық, европалық-контитентальдық, және англо-американдық саяси мәдениеттердің негізгі белгілері
- •49. Қазақстанның саяси мәдениеті: жай-күйі және дамытудың перспективалары
- •50. Саяси элита ұғымы, атқаратын қызметі
- •51. Элиталардың классикалық теориясы (г. Моска, в. Парето)
- •52. Саяси көшбасшылықтың типологиясы
- •53. Саяси көшбасшылықтың негізгі тұжырымдамалары
- •54. Саяси болжау ұғымы, принциптері, типтері
21.Демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық партиялардың белгілері
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды; 2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым. 3. Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру: 4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
1.Демократиялық режим барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
2.Тоталитарлық (латын сезінен totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде: 1. Тек бір партия билік жүргізеді. 2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі. 3. Бір идеология ғана жарияланады. 4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады. 5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады. Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда . 3. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
22.Партиялық жүйе туралы ұғым. Партиялық жүйенің түрлері
Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл жүйе елдегі саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес келеді. Партиялық жүйе партияның мемлекетпен қарым- қатынасын, елдегі саяси тәртіптің мәнін анықтайды. Партиялық жүйе шамасы келгенше мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға, саяси бағыт-бағдар белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы.
Партиялық жүйенің үш түрі болады: бірпартиялық, екі партиялық және көппартиялық. Бірпартиялық өзінен басқа партияның болғаның қаламайды.Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық қоғамға тән.
Екіпартиялық-мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір бірін сыңга алып отырады. АҚШ республикалық және демократиялық партиялары,Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары.
Көппартиялық-мұнда 3 немесе одан көп партиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады.бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады.
23. ҚР саяси партиялардың орны мен ролі. ҚР негізгі партиялар.
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
Қазақстан коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.
Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.
Қазақстанның патроиоттар партиясы
Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.
«Руханият» партиясы
Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.
