Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

40. Саяси процесс: ұғымы және құрылымы

Саяси процесс саяси жүйені әрдайым жаңартып, өзгертіп отыратын саяси құбылыстар. Саяси ғылымның тұжырымдамасы бойынша, саяси процесс дегеніміз - саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға ауысып өзгеруі мен қозғалысы. Саяси процестің бүкіл қызметі қоғамның саяси жүйесімен тікелей байланыста болады. Саяси процесс күнделікті өзгерістерден басталып, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси процесс — қоғамның саяси өмірінің өзегі, өйткені ол саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Ол өте кең әлеуметтік орта бола отырып, өзінде әлеуметтік- саяси өмірдің барлық проблемаларын қамтиды. Саяси жүйеге теріс әсерлер, оның қарсы реакциясы, саяси жүйенің ішкі қайта құрылуы, әр түрлі саяси акциялар, саяси өмір агенттерінің өзара әрекет белсенділігі, формалары, әдістері, басымдықтар және олардың идеологиялық бейнеленуі — осының барлығы саяси процестің шынайы аспектілері.

"Саяси процесс" ұғымы әр түрлі деңгейде көрінеді. Оның ең ауқымды деңгейі — тұтастай қоғамның саяси процесі ретінде барлық саяси өмірдің өзегі болуы. Ол іштей құрылымданған және кезеңдерге, жеке бөліктерге, оқиғаларға ыдырауы мүмкін. Осы құрылымдық элементтердің әрқайсысын жеке саяси процесс ретінде қарастыруға да болады. Мысалы, елдің президентін немесе парламентін сайлау жеке саяси процесс болып саналады. Жеке басталып, аяқгалған саяси акцияны да саяси процесс деуге болады. Осыған ұқсас акцияларда қоғамның саяси өмірінің ерекшеліктері толық көрініс тауып отырады. Осы ретте, қоғамда өтіп жаткан қоғамның саяси өміріне және саяси процеске тарихи тұрғыдан келіп, оларды даму үстінде қарастырған жөн. Бұл тұрғыда қоғамдық дамуды дәстүрлік және дәстүрліктен кейінгі сатыларға бөлудің методологиялық мағынасы зор.

41. Саяси процесс түрлері, олардың сипаттамалары

1. Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде саяси процесс екі бағытта өтеді. Біріншісі, билік жүйесінің толық өзгертілуі, екіншісі, саяси-құқықтық құрылымдардың жаңарған жағдайға бейімделуі. Егер халық жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Ол саяси жүйе өзін-өзі дамыту дәрежесіне жетеді.

2. Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден, ескі жүйенің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта іске қосады, екіншіден, элементтерді жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Нәтижесінде жаңа саяси қатынастар мен институттар құрылады, саяси ережелер мен тәртіптер, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, қызметтері бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді. Саяси процестердің әдіс-тәсілдері де жаңарады.

3. Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру. Қоғамдағы әртүрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы; кейбір жағдайда олар өзара қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде анықтап, асқындырмай реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл өте маңызды саяси мәселе. Демократиялық мемлекеттерде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, ұтымды шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.

4. Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау екі жолмен жүргізіледі. Біріншісінде, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Бұған мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау, ресми баспасөз органдары жатады. Бұл саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабындағы атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға қоғамдағы барлық азаматтардың қатысу мүмкіндігі жасалуы, бұны “төменнен бақылау” десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]