Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

35. Репрезентативті (өкілдік) демократия: ұғымы, сипаттамалары

Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.

36. Сайлау жүйесі ұғымы және оның түрлері

Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғандасайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді.

Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.

Берілген дауысты есептеу тәсілімен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропоционалдық және аралас түрі болып бөлінеді.

37. Мажоритарлық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары

Мажоритарлық сайлау жүйесі (majorіte — көпшілік) — сайлау кезінде дауыс берудің нәтижелерін анықтау тәртібі. Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.

Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.

Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.

Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.

Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы – сайлаушылардың қалған 49 пайызының ( ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.

Мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылығы:

  • Үкімет құрудың жеңілдігі мен оның тұрақтылығы;

  • Сайлаушылар мен депутаттар арасында тұрақты байланыстардың қалыптасуында жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]