Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

51. Элиталардың классикалық теориясы (г. Моска, в. Парето)

Элитаның алғашқы заманауи классикалық тұжырымдамалары Г.Москаның, В.Паретоның есімдерімен байланысты.

Г.Моска элитаға билікке бағдарланған саясатқа қатысты белсенді адамдар деген анықтама береді, олар ұйымдаспаған көпшілікті басқаруды жүзеге асыратын ұйымдасқан азшылық. Аталған адамдар категориясын ол саяси класс деп атады. Оның дамуында Моска екі тенденцияны атап көрсетеді: аристократиялық және демократиялық. Аристократиялық тенденция саяси кластың мұрагелік болуға ұмтылуынан көрінеді. Демократиялық тенденция басқаруға қабілетті және белсенді төменгі қабат есебінен саяси класты жаңартудан көрінеді. Автордың пікірінше, мұндай жаңару элитаның дегенерациясының алдын алады. Екі тенденция арасындағы тепе-теңдік қоғам үшін қажет, себебі ол елді басқарудағы тұрақтылық пен сапалы жаңаруды қамтамасыз етеді.

В. Паретоға сәйкес, әлемді барлық уақытта таңдамалылар басқарған және басқаруы тиіс, олар – ерекше қасиеттерімен – психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (қол жеткізген) ерекшеленетін элита. Элитаны В.Парето басқарушы және басқармайтындар деп екіге бөледі. Басқармайтын элита – ол контрэлита, яғни төменгі қабаттарда болатын түрлі кедергілер мен өздерінің әлеуметтік мәртебелеріне байланысты жетекшілікке қолдары жетпейтін, бірақ элитаға тән қасиеттерге ие адамдар.

52. Саяси көшбасшылықтың типологиясы

Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:

1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;

2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.

Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:

1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;

2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;

3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.

53. Саяси көшбасшылықтың негізгі тұжырымдамалары

Қазіргі кездегі ғылымда саяси көшбасшылық феномені үш негізгі тұжырымдама призмасы арқылы қарастырылады: ерекшеліктер теориясы, жағдайлық тұдырымдама, конституенттер теориясы.

Ерекшеліктер теориясына көшбасшылық феноменін адамның керемет ерекше сапаларымен түсіндіру тән. Осы теорияның негізін салушылардың бірі Э.Богардус болды, ол ерте ме, кеш пе көшбасшылыққа әкелетін тұлғаның интелектуалдық талантына баса назар аударды.

Саяси көшбасшыға тән ерекшеліктерге, дәстүрлі түрде, мыналарды жатқызады: ұйымдастырушылық қабілеті, мықты, табанды ерік, өткір ақыл-ой, адамдарды тани білуі, сезімталдығы, өткірлігі. Жаңа ерекшеліктер ретінде суретте және теледидарда жақсы көріну, сүйкімділік, сенімге кіре алу қабілеті болуы керек.

Жағдайлық тұжырымдама көшбасшыны таңдауда әлеуметтік жағдайлардың басым рөлін мойындауға негізделеді. Жалпыға мәлім Р.Стогдилдің пікірінше, көшбасшылықты қандай да бір әлеуметтік жағдайдағы адамдардың арасында болатын байланыс ретінде қарастыруға болады. Одан әрі қарай адамдардың бір жағдайда көшбасшы болса, басқа жағдайларда да көшбасшы болуының міндетті еместігі туралы түсінгені дұрыс. Осылайша, дәл нақты жағдайлар саяси көшбасшыларды сұрыптауға ықпал етеді және оның мінез-құлқын бөледі.

Бұл тұжырымдама шеңберінде көшбасшылық сапаларға қатысты, релятивті ретінде ретінде түсіндіріледі. Яғни әрбір нақты жағдайда – өзіндік көшбасшы болады: жұмыста, қарым-қатынаста, ереуілде және т.б.

Конституенттер теориясының негізінде «көшбасшы-конституенттер» байланысы түсіндіріледі: саяси белсенділер, көшбасшылардың ізбасарлары, сайлаушылар және олармен өзара әрекетте болатындар мен ықпал ететіндердің барлығы. Ерекше рөлді белсенділер атқарады, себебі оларға көшбасшының жекелеген сапалары мен қасиеттерңн, оның мүмкіндіктерін, әлсіз жақтарын, оны қолдау үшін компаниялар ұйымдастыру жүктелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]