Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

18. Саяси партиялар ұғымы мен генезисі.

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі 16-17г Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек 20 г соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

Партия деген сөз латын сөзінен шыққан,бөлу,бөлшек деген мағынаны білдіреді. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы,дұрыстап ұйымдаспаған. Нағыз саяси партиялар Еуропада 19г 2-ші жартысында пайда бола бастаған.

Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша,партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады.1 Партия белгілі бір идеологияны қорғайды.2 Партия-адамдарды жергілікті ұйымнан бастап,халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым. 3 Партияның мақсаты-билікті қолға алып,жүзеге асыру,4 Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен,мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Партиялардың өмір сүру ұзақтығы дау-жанжалдаржың тууы мен оларды шшешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың мынандай сипатты белгілері болады: партия бағдарламасының болуы, саяси билік үшін күрестің болуы,партиялық тартіптің болуы,партияға мүшелік ету, мүшелік жарна төлеу,партия жарғысының болуы,баспа органдарының болуы,партия басшылығының көптеген өкілеттілігі,кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық сипат береді,белгілі бір идеологияны қорғайды,бағыт береді.

19. Саяси партиялардың қызметтері.

Саяси: билік үшін күрес,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жасауға,қалыптастыруға,іске асыруға тікелей қатысу.Балама ұсыныстар жасау.Сайлау науқанына белсенді түрде атсалысып,оған байланысты бағдарламаны орындау.Саяси бағытты тұжырымдау.

Ұйымдастырушылық- бағдарламалық мақсатар мен шешімдерді жүзеге асыру,сайлау науқаның өткізу,сайлап қойылатын қызметтерге кантитанттар іріктеу,басқару элитасына кадрлар дайындап ұсыну,үкімет құрамын,сол сияқты билікті құрылымдарды құрастыруға қатысу. Теориялық:Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.

Идеологиялық: Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.

20. Саяси партиялардың классификациясы

Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген: Кадрлық: Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы. Бұқаралық Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.

Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]