Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

46. Саяси мәдениеттің қызметтері

Саяси мəдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты қызметтер атқарады. Саяси мəдениеттің негізгі қызметтері болып табылатындар:

а) танымдық – саяси білімді меңгеру негізінде сенімдер мен саяси көзқарастарды қалыптастыру;

б) идентификациялау – индивидтің саяси мəртебесін анықтау, қауымдастықтың қызығушылықтарын көрсету жəне саясатқа қатысу қолжетімді əдістерін дайындау;

в) нормативті-құндылықтық – қоғамда қажетті саяси құндылықтарды, нормалар мен нұсқауларды бекіту;

г) интегративті – қоғам таңдаған саяси құрылымның кең əрі тұрақты əлеуметтік базасын қамтамасыз ету;

д) коммуникативті – биліктің барлық субъектілері мен институттарының өзара əрекеттерін ортақ саяси қызығушылықтар мен мақсаттардың артикуляциясы базасында қамтамасыз ету.

47. Саяси мәдениеттің патриархалдық, азаматтық, қоғамшылдық түрлерінің негізгі белгілері

1. Парохиалдық саяси мәдениет( дәстүрлі мәдениет). Саяси мәдениеттің бұл типі тұрған халықтың саяси жүйе туралы мүлдем хабарсыздығымен ол туралы ештеңе білмейтіндігімен сипатталады.Мұндай қоғамда мамандандырылған саяси роль жоқ, оның негізгі субъектілірі(көсемде) саяси, экономикалық және діни мәселелерді олар өздері атқарады. Терорлық және әлеметтік мәдени ұқсастыру басым.

2. Азаматтық саяси мәдениет. Саяси мәдениеттің бұл типі не сылбырт саяси жүріс тұрыс ресми басым құндылықтар және құндылықтардың мәнін дербес ұғына алмау тән. Жалпы адамдардың саяси жүйеге өзінше тұтынушылық көзқарасы басым.Олар әп кезде игілік күтумен жазаланудан қорқумен болады.

3.Белсенділік саяси мәдениет немесе қатынасу мәдениет. Бұл мәдениет типінде индивидттер саяси өмірге белсенді қатысуымен,саяси процесстерде ықпал ете алуымен сипатталады.Қоғамдық өмірдің түрлі өрістері біршама автономды, ал жүйе айтарлықтан дамыған және тармақталған.

48. Индустрияға дейінгі, тоталитарлық, европалық-контитентальдық, және англо-американдық саяси мәдениеттердің негізгі белгілері

Саяси жүйе саяси мәдениеті бойынша және оның билікті ұйымдастыру формаларында көрінуіне қарай – ағылшын-американдық, континенталды-европалық, индустриға дейінгі және жартылай индустриалды, тоталитарлық болып бөлінеді.

Саяси жүйенің англо–американдық типінде анықтаушы фактор ретінде қатаң есепке, келісімге, негізделген көпқұндылықты саяси мәдениет жатады. Бұл жүйеде жоғары тұрақтылық пен биліктің, саяси жүйенің институттарының, олардың атқаратын қызметтерінің жіктелуімен анықталады.

Тоталитарлық жүйеде сырттай қарағанда саяси мәдениет жоғарғы орынға қойылады. Оның құндылықтары қоғамның барлық мүшелерімен құпталады, бірақ ол ерікті түрде емес, саяси жүйенің күштеу аппараттары арқылы, әкімшілік - әміршілдік әдістермен күштеп мойындаттырылады.

Саяси жүйенің континентальды–европалық типі мәдениетінің англо-американдық түрлерімен ескі мәдениеттердің араласуымен, саяси мәдениеттің эклектикалық түрімен анықталады.

Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Жетілмеген индустриалдық саяси жүйеге авторитаризм (жеке адамның билігіне негізделу) тән, көбіне билікте бір партияның үстемдігі орнатылады, қоғамда күшпен мәжбүр ету орын алады, көпшіліктің саясатқа қатысуы өте төмен деңгейде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]