Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.2.2. Дисбактериоз

Эубиоз жағдайы - адам организмі мен қалыпты микрофлораның динамикалық тепе - теңдігі - қоршаған ортаның әртүрлі факторлары, стресстік жағдай, бақылаусыз антимикробты препараттарды қолдану, сэулелермен емдеу және химиотерапия, тиімсіз тамақтану, операциялардыц әсерінен бүзушы мүмкін. Нәжісінде колонизациялық резистенттілік бұзылады. Ақаулы жолмен көбейген транзиторлы микроорганизмдер индол, скатол, аммиак, күкірттісутек сияқты заталмасудың улы өнімдерін өндіреді.

______________________________________________________________________________________123

Микрофлораның қалыпты функцияларын атқара алмайтын жағдайы дисбактериоз және дисбиоз деп аталады.

Дисбактериоз кезінде, қалыпты микрофлораның кұрамына кіретін бактериялардың тұрақты сандық және сапалық өзгерістері болады. Дисбиоз кезінде микроорганизмнің басқа топтарының арасында да өзгерістер болады (вирустар, саңырауқұлақтар және т. б.). Дисбиоз және дисбактериоз эндогенді инфекцияларға әкелуі мүмкін. Дисбиоздарды этиологиясы бойынша (саңырауқұлақты, стафилакокты, протейлі және т.б), және орналасқан жеріне (ауыз, ішек, қынап т.б. дисбиоздары) байланысты жіктейді. Қалыпты микрофлораның қызметі мен құрамының өзгеруі әртүрлі бұзылыстармен (жұқпа, диарея, іш қату, мальабсорбция синдромы, гастрит, колит, ойық жара ауруы, қатерлі ісік, аллергия, зәртас ауруы, гипо және гиперхолестеринемия, гипо және гипертензия, тіс жегі, артрит, бауыр зақымдалуы және т.б. дамуымен) қатар жүреді (15-тараудан қара).

Адамның қалыпты микрофлорасының бұзылуы келесі жолмен анықталады:

  1. Белегілі биотоптың (ішек, ауыз, тері т.б.) микробиоценоз өкілдерінің сандық және түрлік құрамын анықтау сұйтылған зерттеу материалын, шайындыны сәйкес қоректік орталарға (Блаурок ортасы- бифидабактериялар үшін, МРС-2 ортасы - лактобактериялар, анаэробты қанды агар - бактериодтар, Левин немесе Эндо ортасы-энтеробактериялар; өтті-қанды агар - энтерококтар; қанды агар-стрептококтар мен гемофилдер; ЕПА фурагинмен-көкірің таяқшасы, Субро ортасы -саңырауқұлақтар үшін т.б.) себу жолы мен таңбалау әдісі арқылы жүргізіледі.

  2. Зерттеу материалдарында микробтық метобалиттерді -дисбиоз маркерлерін анықтау (май қышқылдары, май қышқылды альдегитер, ферменттер және т.б.).Мысалы, нәжісте бета-аспартил - глицин және бета - аспартил - лизиннің анықталуы микробиоценоздыц бұзылуын дэлелдейді, өйткені қалыпты жағдайда бұл дипептидтер ішектің анаэробты микрофлорасымен метаболиттелінеді.

Қалыпты микрофлораны қалыптастыру үшін: а)селективті деконтаминациялау жүргізеді; б) лиофилді кептіру әдісімен тірі бактериалардан -ішектің қалыпты микрофлора өкілдерінен - бифидобактериялардан (бифидумбактерин), ішек таяқшаларынан (колибактерин), лактобактериялардан (лактобактерин) және т.б. алынған пробиотиктер (эубиотиктер) препрараттарын тағайындайды.

6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері

Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді: бактериоцидті - жасуша өліміне әкелуші; бактериостатикалық - микроорганизмдер көбеюін тежеуші; мутагенді - микробтардың тұқым қуалаушылық қасиетін өзгертуші.

Физикалық факторлардың әсері. Температура әсері. Әртүрлі микроорганизмдер топтарының өкілдері температураньщ белгілі диапазонында дамиды. Төменгі температурада өсетін бактерияларды- психрофильдер; орташа температурада өсетіндерді (3 7°С) - мезофилдер; жоғары температурада осетіндерді - термофилдёр деп атайды.

Психрофилъді микроорганизмдер -10 нан -40°С-қа дейінгі температурада өседі; температуралық оптимумы 15 тен - 40°С-қа дейін ауытқиды. Психрофилділерге — топырақта, теңізде, ауыз суда жэне сарқын суда мекендейтін сапрофиттердің үлкен тобы (темірбактериялар, псевдомонадалар, жарқырауық бактериялар, бациллалар) жатады. Кейбір психрофилділер азық - түлікті суық жағдайда бұзуы мүмкін. Төменгі температурада кейбір патогенді бактериялардың да өсу қабілеттілігі бар (псевдотуберкулез қоздырғышы 4°С-та,, өсу оптимумы 25°С обақоздырғышы 0-ден 40°С диапазонда көбейеді). Дақылдандыру температурасына байланысты бактерия қасиеттері өзгереді. Мысалы, Зеггасіа тагсезсепз 37° С қарағанда 20-25° С температурада үлкен мөлшерде қызыл пигмент (продигиозан) түзеді. Оба қоздырғышының 37°С-қа қарағанда 25°С-та өсірілгені вируллентті болады. Полисахаридтердің (соның ішінде капсулалықтары) синтезделуі төменгі темперагурада дақылдандырғанда күшейеді.

Мезофилдер 10-47°С температура диапазонында өседі, өсу оптимумы-37° С. Олар шартты-потогенді жэне потогенді бактериялардың негізгі тобын құрайды.

_______________________________________________________________________________________124

Термофилді бактериялар - өте жоғары (40 -90° С) температурада дамиды. Мұхит түбіндегі ыстық сульфидті суда 250-300°С-та 265 атм қысымда дамитын бактериялар мекендейді. Термофилдер ыстық су коздерінде мекендейді, тезектің, дән, шоптің өзін - өзі қыздыру процесіне қатысады.

Топырақта термофилдің көп кездесуі - оның тезек жэне көңмен (компостпен) ластануын дэлелдейді. Тезекте термофилдер көп болғандықтан оны топырақтың ластану көрсеткіші ретінде қарайды.

Стерилизация кезінде температуралық фактор ескеріледі. Бактерияның вегетативті түрлері 60°С-та 20-30 мин өледі, споралары - автоклавта 120°С-та қысыммен әсер еткенде өледі. Микроорганизмдер томенгі температурада жақсы сақталады. Сондықтан оларды мүздатылған күйде соның ішінде сүйық азот температурасында-179°С үзақ сақтауға болады.

Кептіру. Сусыздану көпшілік микробтардың қызметгерін бүзады. Соз, менингит, тырысқақ, іш сүзегі, жерше және т.б. қоздырғыштары- патогенді микроорганизмдер кептіруге өте сезімтал. Қақырық кілегейімен қорғалған микроорганимздер төзімдірек келеді. Туберкулез бактериясы қақырықта 90 күнге дейін кептіруге шыдайды. Кейбір капсула және кілегей түзетін бактериялар кептіруге төзімді. Ерекше төзімділікке бактерия споралары ие. Мысалы, күйдіргі қоздыргышының споралары топырақта жүз жылдап сақталады.

Микробтарды консервілегенде тіршілігін сақтау қабілетін жою үшін, лиофилизациялауды - мүздатылған жағдайда вакууммен қүрғатуды қолданады. Микробтардың лиофилденген дақылдары және иммунобиологиялық препаратгар үзақ (бірнеше жыл бойы) алғашқы қасиеттерін жоғалтпай сақталады.

Сәуленің әсері. Бір рет қолданылатын пластикалық микробиологиялық ыдыс, қоректік орталар, таңу материалдары, дәрілік препараттарды және т.б. стерильдеуге иондаушы сәулелерді қолданады. Бірақ, иондаушы сэулеге төзімді, мысалы Місгососсиз гасііосіигапз сияқты бактериялар болады. Иондамайтын сэулелер - ультракүлгін және күн сәулесінің инфрақызыл сәулесі, ал иондаушы сәулелер радиоактивті заттардың гамма - сәулесі және жоғарғы энергияның электрондары қысқа уақытта микроорганизмдерді жояды. Жер беткейіндегі ультракүлгін сәулелердің толқын үзындыгы 290 нм жетеді. УК-сэулесін ауруханалар, перзентханалар және микробиологиялық зертханаларда әртүрлі заттар мен ауаны залалсыздандыруға қолданады. Осы мақсатпен толқын үзындығы 200-400 нм УК-сәулесінің бактерицидті шамын пайдаланады (10-сурет).

Химиялық заттардьщ әсері. Химиялық заттар микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді: қорек көзі ретінде бола алады; ешқандай әсер етпеуі мүмкін; өсуін ынталандыруы немесе тежеуі, жоюы мүмкін. Антимикробты химиялықзаттардың бактериоцидті, вирулицидті, фунгицидті қасиеті болғандықтан, оларды антисептикалық және залалсыздандырушы заттар ретінде пайдаланады.

Дезинфекцияда кеңінен қолданылатын химиялық заттарға хлор-, йод- және бромы бар қосылыстар мен тотықтырғыштар жатады.

Биологиялық факторлардың әсері. Микроорганизмдер бір-бірімен өзара әртүрлі қатынастарда болады. Әртүрлі екі организмдердің бірге тіршілік етуі-симбиоз (грек тілінде symbiosis - бірге тіршілік ету) деп аталады. Пайдалы өзара қатынастардың бірнеше варианты бар:метабиоз, мутуализм, комменсализм, сателлизм (15 - сурет).

Метабиоз-біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорга-низмдердің өзара қатынасы. Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.

Мутуализм - эртүрлі организмдердің өзара пайдалы арақатынасы. Мутуалистік симбиозға мүктер- саңырауқүлақ пен көк-жасыл балдырлар симбиозы мысал бола алады. Балдыр жасушасынан органикалық заттарды алып, саңырауқүлақ балдырларға минералды түздарды жеткізіп, оларды кеуіп кетуден қорғайды.

Комменсализм (лат.kommensalis- -бірге тамақтанушы) әртүрлі даралардың бірге тіршілік етуі, мүндай симбиозда бір түр басқасына зиянын тигізбей озіне пайда түсіреді. Адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері - бактериялар комменсал болып табылады.

Сателлизм - бір микробтың әсерінен екінші микробтың өсуінің күшеюі. Мысалы, ашытқы мен сарцина колониялары қоректік ортаға метаболиттер бөліп, басқа микробтардың өсуін ынталандырады.

___________________________________________________________________________________________125

Микроорганизмдердің бірнеше тұрлері бірге өскенде, олардың физиологиялық функциялары мен қасиеттері белсендірленіп, олардың субстратқа эсер етуі жылдамдайды.

Антагонистік өзара қатынас немесе антагонистік симбиоз, бір микроб басқасына қолайсыз эсер етіп, оның зақымдаулына, тіпті жойылуына әкеледі. Антагонист - микроорганизмдер топырақта, суда жэне адам организмі мен жануарларда кең таралған. Адамның тоқ ішегінің қалыпты микрофлорасының өкілдері- бифидобактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшаларының және т.б. бөгде және шіріткіш микрофлорага қарсы антагонистік белсенділігі жоғары. Антогонистік өзара қатынастың механизмі әртүрлі. Антагонизмнің кең таралған түрі-микроорганизмдердің арнайы зат алмасу өнімдері-антибиотиктер түзуі, ол басқа микроорганизмнің дамуын тежейді. Антагонизмнің басқа көріністері де бар, мысалы, жылдам көбею, бактериоциндер, соның ішінде колициндер ондіру, органикалық қышқылдар өндіру және ортаның рН-ын өзгертетін өнімдерді түзу т.б. Антагонизм негізінде қорек көзіне бәсекелестік түрінде дамуы мүмкін: антагонист микроорганизм үдемелі дамып, қоректік заттарды азайту арқылы басқа микробтардың өсуін тежейді. Микроорганизм басқа организмді қорек көзі ретінде пайдаланса, паразитизм деп аталады. Паразитизмге мысал ретінде, бактериофаг пен бактерияның арақатынасын, сол сияқты бделловибриондардың (ұсақ бактериялар, эдеттегі грам теріс бактериялардың паразиттері ) өзара қатынастарын жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]