- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •6 Тарау.
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы
- •6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •6.3.2. Дезинфекция
- •6.3.3. Асептика және антисептика
- •Шығу тегі бойынша:
- •Химиялық құрылымы бойынша:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
6.1.2. Су микрофлорасы
Су микрофлорасы топырақтың микробтық қүрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі.Суда сол жердің физикалық- химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық жэне минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар қүрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар, аэромонадалар және т.б.) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқүлақтардың артуымен бірге жүреді.Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (түнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы микроорганизмдермен өңделетін, органикалық қалдықтардан өзін-озі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады.-Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк, клостридии) жэне ішек жүқпасының қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспироз,энтеровирустар жэне т.б.) ластанған агынды сулармен қар еріген кездегі жэне жауын-шашын сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жүқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады. Кейбір қоздырғыштар суда кобейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар). Мүхит және теңіз суының микрофлорасының күрамында әртүрлі, жарқырауық және галофильді (түз жақсы көретін) микроорганизмдер болады, мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрлерін зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда тағамдық токсиноинфекция дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болатындықтан, артезиан скважинасының суында микроорганизмдер болмайды.
6.1.3. Ауа микрофлорасы
Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты.
Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауага түседі. Мүнда шартәрізді, жэне таяқша бактериялар, клостридиялар, актиномицеттер, саңырауқүлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорганизмдер өте аз. Микроорганизмдердің көпшілігі жабық болмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақтылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б. байланысты болады.
Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені өңдеу (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б.) қолданылады.
6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
Тағам өнімдері әртүрлі микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Жануартекті өнімдерде біріншілік ластану (өмір сүру барысында - жануардың өзінің микрофлорасымен) және екіншілік ластану (малды
___________________________________________________________________________________115
сою, сиыр сауу, балық аулау, өиімдерді сақтау мен өндеу) кезінде микроорганизмдер түсу нәтижесінде дамиды.
Тірі кезінде жануардың органдары мен тіндерінің өзінің микрофлорасымен және патогенді микроорганизмдермен ластануысол жануардың жарақат алуы, ауырган немесе қолайсыз жағдайда үстау организмнің қорғаныс күштерін бұзуға және микроорганизмдердің стерильді тіндер мен органдарға транслокаңиялануына (тасымалдануына) әкеледі. Нәтижесінде жаңа сойылған мал ұшасында стафи- лококтар, энтерококтар, ішек таяқшалары, протей, клостридиялар, сальмонеллалар жэне т.б. табылады. Осылай еттің сальмонеллалар және клостридиялармен т.б. бактериялармен ластануы болады, мастит кезінде сүтке стафилококтар мен стрептококтар түседі.
Тағам өнімдерінде микроорганизмдердің екіншілік таралу жағдайында ластану көзі болып қоршаған орта обьектілері (топырақ, су, транспорт жэне т.б.), науқас адамдар, бактерия тасымалдаушылар болады. Ет және ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде, тіптен мұздатылған етте де психрофильді жағдайда көбеюге қабілетті микробтар (псевдомонада, протей, аспергиллалар, пениңиллалар жэне т.б.) кездеседі. Етте мекендейтін микробтар еттің шырыштануын (протей жэне т.б.), саңырауқұлақ, клостридии, протей, псевдомонадалар етте шіру, ашу проңестерінің дамуына себепкер болады.
Микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдері әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялар жэне уланулар, сонымен қатар жұқпалы аурулар (күйдіргі, сарып, туберкулез және т.б.) туғызады.
Сальмонелла, шиғелла, энтеропатогенді ішек таяқшасы, протей, стафилококтың энтеротоксигенді штамдары, энтерококтар, Сl.реrfrngens және Вас.сеreus сияқты микробтардың көбеюіне байланысты ет тағамдары (ет фаршынан дайындалған тағам, салаттар, сілікпелер) ауру себебі болуы мүмкін.
Сүт және сүт өнімдері - бруцеллез, туберкулез және шигеллез қоздырғыштарының берілу факторы бола алады. Сүт өнімдерінде сальмонелла, шигелла және стафилококтар көбеюі нәтижесінде тагамдық уланулар дамуы мүмкін.
Жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы және мелланж - жұмыртқаның (әсіресе үйрек жұмыртқасы) эндогенді біріншілік инфицирленуіне байланысты, сальмонеллезді токсикоинфекция қоздыруға себепекер болады.
Балық және балық өнімдері жиі тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштарымен –Vibrio parahaemolyticus-пен, Сlostriolium botulinum бактерияларымен ластанады. Балық өнімдері коп молшерде сальмонелла, протей, Васillus cereus, Сlostridium реrfingens - пен ластанған кезде де осындай аурулар болады.
Көкөніс және жеміс- жидектер әдетте ішек таяқшасы, шигелла, стафилококтың энтеропатогенді штамдарымен ластанады. Тұздалған қияр - Vibrio раrahaemolyticus қоздыратын токсикоинфекция себепкері болуы мүмкін.
Дәнді дақылдар, жаңғақтар жоғары ылғалдылықта саңырауқұлақтармен (аспергилла, пинициллиум, фузариум т.б.) ластанып, тағамдық микотоксикоз дамуының себебі бола алады.
