Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6 Тарау.

МИКРООРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ 6.1. Микробтар экологиясы - микроэкология

Микроорганизмдер экологиясы (оікоз-грек сөзінеи аударғанда -үй, тіршілік ету орны)- микроорганизмдердің бір-бірімен жэне қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.

Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде жэне жануарларда, тіптен космоста да табылады.

Микроорганизмдер-биоңеноздың қүрамды бөлшегі, ягни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе қүрғақ аймақта орналасатын биотоп-жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорғанизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.

Қоршаған ортада микробтардың таралуы.

Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті үстап түруға қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.

б.І.І.Топырақ микрофлорасы

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-озі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатга азот, көміртегі жэне т.б. элементгер айналымына қатысатын эртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериалар, саңырауқүлақтар, мүктер (саңырауқүлақ пен цианобактерия симбиозы) жэне қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны -10 млрд. жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, қүрғақшылық т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.

Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Терендеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.

Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік қүрамына, температурасына, ылғалдығына және т.б. байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН-ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдықта, 25-45° С температурада дамуға қабілетті.

Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas, Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк -жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Топырақ - Bacillus және Clostriclium туыстастығының спора түзетін таяқ-шаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Вас. меgаterium, Вас. subtilis және т.б.), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын қүрап, органикалық заттардың минералдануына қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) үзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта кобеюге қабілетті (Clostridium botulinum ).

Ішек бактериялары (тұқ. Еnterobacteriaceae) - ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары - нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мүнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның жэне жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, оның санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дэлелдейді (ішек жүқпалары қоздырғыштарының берілу түрғысында).

Топырақта көптеғен саңырауқүлақтар болады. Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және

_____________________________________________________________________________________114

токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңыраукұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар жэне афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.

Қарапайымдылар мөлшері 1г топырақта 500-500000-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қөректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]