- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •6 Тарау.
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы
- •6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •6.3.2. Дезинфекция
- •6.3.3. Асептика және антисептика
- •Шығу тегі бойынша:
- •Химиялық құрылымы бойынша:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
6.4. Санитарлық микробиология
Санитарлық микробиология- адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналықмикробиологияныңбөлімі. Ол қоршаған орта обьектілерінде патогенді, шартты- патогенді және санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды, қоршаған орта обьектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормаердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасайды.
Патогенді микрорганизмдерді анықтау эпидемиологилық жағдайды бағалауға және жүқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Шартты -патогендімикрорганизмдер - әлсіріген организмде ірінді- қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар , олар тағам онімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді - қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді. Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарыныц бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялармен - ІТТБ ( бүл топқа, ішек таяқшасынан басқа , қасиеттері ұқсас Citobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей. Ауа - тамшылы инфекция қоздырғыштарының бөліну жолы жоғарғы тыныс жолының шырышты қабығында түрақты мекендейтін бактериялармен (коктармен) қоршаған ортаға (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде) болінетіндігімен бірдей. Сондықтан жабық бөлмелердің ауасының санитарлық- көрсеткіш бактериясы ретінде гемолитикалық стрептококтар мен алтынды стафилококтар қолданылады. Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады
:
________________________________________________________________________________138
Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек.
Топырақ пен суда мекендеп, көбеймеуі керек.
Қоршаган ортаға организмнен бөлінген соң эртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек.
Олардың қасиеттері шынайы типті және жеңіл анықталуы керек.
Оларды анықтау жэне бір-бірінен ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек.
Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек.
Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек.
Санитарлық - микробиологиялық тәжірибеде патогенді, шартты-патогенді және санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдерден басқа зерттеу материалының (су, топырақ, тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер және т.б.) белгілі көлеміндегі немесе молшеріндегі жалпы микроб санын анықтау пайдаланылады.
6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
Су, топырақ, ауа және т.б. обьектілердің ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі.Адамдар мен жануарлардың бөлінділерімен ластанғанын көрсететін микроорганизмдер (индикптор) ретінде суда- ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар), энтерококтар, стафилококтарды; топырақта - ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар), перфрингенс клостридиясы, термофилдерді; тұрмыстық заттарда- ІТТБ, алтынды стафилококк, энтерококтарды анықтайды.
Санитарлық- көрсеткіш бактериялардың санын анықтау негізінде ІТТБ индексін (1 л судағы ІТТБ саны), перфрингенс титрді, энтероккк титрін және т.б. есептеп шығарады. Мысалы, судың энтерококк титтрі-бір энтерококк анықталатын судың ең аз мөлшері.
Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларға 37° С температурада 24-48 сағ. ішінде лактоза мен глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытатын және оксидаздық белсенділігі жоқ грам теріс таяқшалар жатады. Бүл көрсеткіш көбіне судың нәжістік ластануының индикаторы ретінде қолданылады. Нәжістік ластанудың тағы бір ұқсас көрсеткіші- жалпы колиформды бактериялар: оксидаза теріс таяқшалар, 37° С -та 24 сағ ішінде лактоза немесе маннитті ( глюкоза) альдегид, қышқыл мен газ түзіп ферменттйтін грам теріс таяқшалар. Соңғы терминнің орнына «Еnterobacterіасеае түқымдастығының бактериялары » терминін қолдану үсынылады, себебі бұл түқымдастық бактерияларының индикаторлық маңыздылығы бар. Еnterobacterіасеае тұқымдастығының бактерияларына: лактозасы бар Эндо сияқты қоректік орталарда өсетін 37° С температурада 24 сағ ішінде глюкозаны қыщқыл мен газға дейін ферменттейтін грам теріс. оксидаза теріс, колиформды бактериялар (таяқшалар ) жатады.
Судың бактериалық ластануы рұқсат етілген нормадан жоғары болганда, жаңадан қосымша нәжістік ластану көрсеткіштерін зерттейді. Мүндай бактерияларға термотолерантты колиформды бактериялар. нәжістік ішек таяқшалары, 44° С температурада 24 сағ ішінде лактозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейтін, циттратты ортада өспейтін таяқшалар жатады. Жаңадан нәжістік ластануды энтерокок?: анықталуы да дәлелдейді. Нәжіспен бүрыннан ластануды ІТТБ болмау және перфрингенс клостридиясының. белгілі мөлшерінің анықталуы, яғни ең төзімді спора түзетін бактериялар болуы көрсетеді.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштерінің нормативі тиісті қүжаттармен реттеледі:
Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек.
Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл -де болмауы керек.
Термотолерантты колиформды бактериялар -100 мл зерттелетін суда болмауы керек.
Колифагтар - зерттелетін судың 100 мл -де анықталмауы керек (таңдақтүзу бірлігі бойынша есепке
алу).
Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары- 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек .
Лямблия цисталары -50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек.
______________________________________________________________________________________139
Сонымен қатар, судың ластануы фекальді - оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактерия-лар, тырысқақ вибриондары және т.б.)
Топырақтың фекалдік және бұрыннан ластануын ІТТБ индексімен (1г. топырақтағы ІТТБ саны), перфрингенс - титрі (Сlostridium perfringens анық-талатын топырақтың ең аз мөлшері), ал кейде энтерококтар титрі бойынша анықтайды. Осындай көрсеткіштермен қатар топырақтың микробтар саны анықгалады. Топырақтың тезек жэне компостпен ластануы термофилді бактерияның титрімен бағаланады:
ІТТБ титрімен перфрингенс титрі күшті ластанған топырақ үшін -0,009 жэне төмен; таза топырақ үшін - коли-титр 1,0 және одан жоғары, перфрингенс титр- 0,01 және одан жоғары.
Термофилдер мөлшері (1г. топырақта; 60° С температурада дақылдандыру): таза топырақта -100- 1000, ластанғанда-1000-10000, ал күшті ластанғанда-100000-400000 колониятүзуші бірлік (КТБ) анықталады.
Қоғамдық тамақтану, дәріхана, емдік және балалар мекемелері сияқты обьектілерді санитарлық қадағалау үшін, қызметкердің қолынан, ыдыстардан, стол беткейінен, қондырғылардан және т.б. шайынды алыгі зерттейді. ІТТБ, патогенді энтеробактериялардың, алтынды стафилококтың, энтерококтың, Саndida саңырауқүлақтардың санын анықтау үшін әр түрлі қоректік орталарға шайындыны себеді. Энтеровирустарды өз алдына анықтауға болады.
