Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.3.2. Дезинфекция

Дезинфекция (француз тілінде des - инфекциялық бастаманы жою, алу) - микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда нифекция қоздырмайтын дэрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін

Зарарсыздандыру (дезинфекция) - патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқүлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.

Дезинфекциялаудың мақсаты - көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері жэне олардың споралары да жойылады.

Дезинфекцияның екі түрін ршратады: профилактикалық жэне ошақтық.

Ошақтық қортынды жэне күнделіктіге бөлінеді.

Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өндеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады.

Қортынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышыныц көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет) жасалады. Оның мақсаты - жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою.

Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырысқақ, , қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары). Бүл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін жэне таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толық зарарсыздандыруға тырысады.

Жүмысты ең алдымен жинауыш инвентарьларды зарарсыздандыратын дез. ерітіндіні дайындаудан бастайды. Науқастың бөлмесінде оның бөлінділерін, горшогын, іш киімдерін, тағам қалдықтарын, ыдыстарды, еденді, қабырғаны, жалпылай пайдаланылатын орындарды зарарсыздандырады. Төсек орынын, орамалдарды, сүлгілерді, дез. ерітіндіге салып қайнатады, камералық дезинфекциядан өткізеді. Қабырғалар дез. ерітіндімен өңцеледі, терезелер, есіктер, сүртіледі, қалдықтарға дез. ерітінді қүйылып, артынан өртеледі.

Алдын алу дезинфекциясын қоздырғыш табылмаса, ал қоздырғыш қоршаған ортада көбеюде деп шешкен жағдайларда,жүқтырушы науқас, сау адамдардың арасында жүр немесе болуы мүмкін, бірақ элі анықталмай жатқан кезде жасалады.

Жүқтырушы науқас, сау адамдардың арасында жүрген жағдайда немесе қоздырғыш басқа жолдармен жиналып жатыр деген болжамдар болған жағдайда алдын алу дезинфекциясы күнделікті сияқты өтеді.

- Күнделікті дезинфекцияның ережелері бойынша науқас (тасымалдаушы) пайдаланған заттар сау адамға берілмес бүрын зарарсыздандырылуы керек. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін ағынды суларды зарарсызданды.

______________________________________________________________________________________130

Басқа жағдайларда алдын алу дезинфекцнясының жүргізілуі қортынды дезинфекциялық сипатта болады. Оған мысал ретінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін суды хлорлауды жатқызуға болады. Тамақтану алдында қолды жуу, науқастың немесе ішек инфекцияларын тасымалдаушылыр нэжісінің қол арқылы ауызға түсуіне жол бермейді. Осылайша алдын алу дезинфекциясы, өзінің сипаты мен қүрамына қарай күнделікті де, қортынды да дезинфекцияның шараларын іске асырады. Алдын алу дезинфекциясын емханаларға науқас келіп кеткеннен соң, балалар мекемелерінде, адамдардың көп жиналатын жерлерінде, транспортттарда, тағам өнеркәсібінде, жалпы тамақтану орындарында жүргізіп отыру керек. Алдын алу дезинфекциясын жүргізу әдісі ошақтық дезинфекциядан аз ерекшеленеді. Бірақ алдын алу дезинфекциясында физикалық факторларды(жоғары температураны) және жуу - зарарсыздандыру заттарын, пастылар мен сабындарды жиі пайдаланған жөн. Алдын алу дезинфекциясы кезінде қолданылатын арнайы әдістерге тиісті жабдықтармен ауыз суды және ағынды суларды зарарсыздандыру, күйдіргі қоздырғышымен ластанды деғен жануар шикі заттарын, шаштараздардағы сақал алатын саймандарды дезинфекциялау, жүзу бассейндерін және басқа да жалпылай пайдалану орындарын дезинфекциялау жатады.

Әйелдер босанатын үйлерде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу жэне күресу үшін тілмесі бар жэне іріңді - септикалық аурулармен ауыратын сәбилерді дер кезінде зерттеп, оқшаулау, алтынды стафилококк тасымалдаушыларды анықтайды. Акушерлік стационарларды толық дезинфекциялау үшін жылына бір ретген кем емес уақытша жабады.Әйелдер босанатын жэне босанар алдындағы палаталарды және балалардың палаталарын жаппай өңдеу 6% сутектің асқын тотығының ерітіндісімен, 0,5% жуу затымен, 5% хлорамин ерітіндісімен жүргізеді.

Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өндеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады.

Механикалық заттар - тазалау, дымқылмен тазалау, жуу, қыру, қағу және т.б. жатады. Мысалы шаңсорғыштың көмегімен микробтардың 98 % кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микробтар мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы - тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады.

Термиялық және сәулелік әдісіне - жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өңдеу, радиоактивті сэулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданады. Дезинфек- циялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардыц вегетативті формалары, биттер, кенлер өледі.

Ыстық суға (70 - 100°С) ерітілген жуғыш затгарды қосып пайдаланғанда кірді және микробтарды механикалық жолмен кетіреді (80°С - 2,5 минут; 60°С - 70°С - 30 минут).

Қайнату стерилизацияныц қиын емес түрі. Жалғыз кемшілігі қайнатқанда споралар өлмейді. Дезинфекцияның бүл түрі шприцтерді, аспаптарды, шыны және металл ыдыстарды өңдеуде кеңінен қолданылады. Суға 1 - 2 % натрий бикарбонатын қосқанда кайнаған судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін таттанудан қорғайды.

Күйдіру (от жалынын) ілмектерді, инелерді,пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы, т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.

Пастеризация - 70°С - 80°С - қа дейін (30 минут) қыздыру, бактериялардың вегетативті формаларын олтіреді, 90°С - та 3 сек қыздыруға болады.

Ылғалды булы камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жүмсақ заттарды өңдеуге қолданады.

Күн сәулесі микроорганизмдерді өлтіреді. Бірнеше сағаттан кейін фоторезистентті микробтар, және де түбіркүлез микобактериялары да өледі. УК сәулесін ауадағы микробтардың түнуын төмендетуге қолданады.

Тиндализация - 56°С температурада 5-6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бүл кезде споралар да өледі.

_______________________________________________________________________________________131

Кептіру көптеген мнкробтарды өлтіреді. Бірақта кейбір бактериялардың споралары, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегетативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды лаборатория жагдайында консервациялау үшін кеңінен қолданылады.

0 ден төмен - 280°С суық температурада жасанды қатыру микробтарды өлтірмейді, бірақ біраз уақыт өткен соң олардың мөлшері азаяды. Төменгі температура тагам өнеркәсібінде және тұрмыста тағамдық өнімдерді, ал дәріханаларда дәрілерді ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

Зарарсыздандырудың химиялық тәсілдері

Бактерияларды өлтіретін химиялық заттарды бактериоцидтік әсер ететін, ал олардың тіршілік қабілетін төмендететіндерді - бактериостатикалық заттар деп аталады.Химиялық зарарсыздандырушы заттарга қойылатын талаптар:

Суда ерігіштігі немесе суда эмульсия түзуі;

Аз мөлшерде, қысқа уақыттың ішінде микроорганизмдерді өлтіру қабілеттілігі болуы керек;

Сақтауға ыңғайлы, улылығы төмен болуы керек;

Өндірісте жеткілікті өндірілуі керек, бағасы арзан,, тасымалдауға және сақтауға қолайлы болуы

керек;

Дезинфектанттардың келесі негізгі топтарын қолданады:

  1. Құрамында галоиды бар заттар, оларда микробтарга белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің түздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның түздары, аквасепт, йодонат, дибромантин).

  2. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон).

  3. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюнбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік - белсенді заттар.

  4. Гунидиндер және олардың ПАВ - пен қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт).

  5. Спирттер (этанол негізділер).

  6. Құрамында альдегиді бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділер.

Фенолды улылығының жоғарлығына және түрақты жағымсыз иісіне байланысты дезинфектант ретінде пайдалануға тиым салынған.. Жоғарыда аталған қасиеттері шеттетілген, қүрамында фенолы бар препаратқа амоцид және басқ. жатады.

Дезинфекциялық - стерилизациялық препараттар (қысқаша сипаттамасы төменде келтірілген) ҚР тіркелген және оларды медициналық мақсаттарда пайдалануға рүқсат берілген.

Бүл дезинфектанттар, антисептиктер, жеке бас гигиенасының заттары бактерияларға (түбіркүлез микобактериялары мен споралы түрлерін қосқанда), саңырауқүлақтарға, вирустарға (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) көрсететін өте жоғары әсерімен, әлсіз түрақты материалдарды тоттанудан немесе қүрамын бүзудан да сақтайтын, экологиялық тазалығымен, және қауіпсіздікті кепілдейтін, үнемді және қолдануғы ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

Беткейлерді, жабдықтарды, инвентарларды өңдеу заттары

а) Перформ- қауіпсіз дезинфектант.

Қолдану әдісі - ылгалдап өңдеу (бөлмелерді жинастырған кезде). Қолданылуы - беткейлерді, жабдықтарды, инвентарларды өңдейді.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқүлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда), споралардың тіршілігін төмендетеді.

______________________________________________________________________________________132

Қысқаша сипаттамасы - үиемді - дезинфекциялау мен тазарту бір кезеқде жасалады. Қүрамында альдегидтері жоқ. Жуғыштығы жоғары. Исі жағымды. Адамдар бар жерде қолданыла береді. Экологиялық таза. Қандай да бір улылық қабілетінің жоқтығы. Белсенділік спектрі кең жэне тиімділігі жоғары. Шығарылу түрі - 60 - 40 грамдық пакеттермен шығарылады.

б) Микроцид - ликвид - жылдам дезинфекциялау үшін қолданады.

Қолдану әдісі - шашу және газдарды қолданбай өңцеу.

Қолдануы - қүрал - жабдықтарды, қол жетпейтін беткейлерді дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқүлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді

в) ТРИ 225 (терралин) (сүйьшту деңгейі 1:400) - дезинфекциялау және тазарту бір мезетте жүргізіледі.

Қолдану әдісі - ылғалдап өңдеу(бөлмелерді жинастырған кезде).

Қолдануы - медициналық мекемелердегі, тағам өнеркәсібіндегі беткейлер мен инвентарларды дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқүлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін томендетеді.

Тері мен кілегей қабықшаларды өңдеуде қолданылатын антисептиктер *

а) Октипидерм - жылдам әсер етеді, ұзақ уақыт бойы теріні дезинфекциялайды.

Қолдану әдісі - шашу, тампонмен жағу немесе сүрту.

Қолдануы - операция, пункция, инъекция және т.б. алдында теріні өндеу. Қолды хируриялық және гигиеналық дезинфекциялауда пайдаланады. Теріні, жараны, тігістерді аса күшті дезинфекциялайды.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқүлақтардың, вирустардың тіршілігін төмендетеді.

б) Октенисепт - кілегей қабықтарды дезинфекциялау және емдеу.

Қолдану әдісі - шашу, тампонмен жағу, шаю, сүрту.

Қолдануы - кілегей қабықшаларды және теріні операция, тексерілу, ем-шаралар жасау алдында немесе одан кейін өндеуге арналған. Гинекологиядағы, акушерстводағы, урологиядағы, проктологиядағы, хирургиядағы, дерматологиядағы, венерологиядағы, терапиядағы, педиатриядағы инфекцияларды емдеуде қолданылады.

Жаралар мен тігістердің орнын өндеу. Қолды хирургиялық дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (күл таяқшасын қоса), хламидиялар, микоплазмалар, ашытқы саңырауқүлақтар, саңырауқүлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда), трихомонадалардың тіршілігін төмендетеді.

Медициналық аспаптарды өңдеуге қолданылатын заттар

а) Лизетол АФ (концентрат 1:50 ерітінді) - дезинфекция және пастерилизациялық тазарту бірге жасалады.

Қолдану әдісі - батырып қою.

Қолдануы - барлық түрдегі аспаптарды тазарту және дезинфекциялауда қоладанылады.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқүлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін томендетеді.

б) Гигасепт ФФ - эндоскоНтарды, оларды зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.

Қолдану әдісі - батырып қою.

Қолдануы - эндоскоптарды және аспаптарды, анестезиялық және реанимациялық бүйымдарын зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.

_____________________________________________________________________________________133

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқүлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) және споралардың тіршілігін төмендетеді.

Гигиеналық заттар: кремдер және ласьондар

Сагралинт "П" - теріні күту және дезинфекңиялау (сүйық крем).

Қолдану әдісі-сүрту

Ағартқаш және дезинфекңиялық зат "АСЕ". Белсенді зат АСЕ - натрий гипохлориді бактерияларға, спораларына, саңырауқүлақтарға және вирустарға неғүрлым жылдам әсер ететін және тиімді заттардың бірі болып саналады. АСЕ түбіркүлез, салмонеллез, тырысқақ, гепатит А және басқ. аурулардың қоздырғыштарына қарсы әсер ететіні дэлелденген.

Сomet - беткейлерді, және санитарлық - техникалық қүралдарды дезинфекңиялайтын және тазартатын үнтақ,оны түрғын үйлерде және мекемелерде кеңінен қолданады.

Сomet - тің қүрамында айрықша патентгік зат бар - хлоринол, ол сумен қатынасқа түскенде әсер етеді және беткейдің терендігіне енетін қасиетке ие болады. Хлоринол қиын кететін дақтарды кетіреді, майларды ерітеді, дезинфекциялайды. Сотеі бактериялық (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқүлақтық, вирустық инфекцияларда тиімді әсер көрсетеді.

Лизоформин - 3000 ЕПМ, санитарлық - эпидемиологиялық, коммуналды, балалар мекемелерінде және сүт, тағам өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, бактериялық (түбіркүлезді қосқанда) және вирустық инфекңиялардың (АИВ, гепатитВ, түмау, парагрипп) ошақтарында алдын алу, күнделікті, қортынды дезинфекциялау жүргізуге ұсынылған. Бактериялық аса қауіпті инфекциялардың (оба, тырысқақ, туляремия, сарып, күйдіргі) қоздырғыштарына әсерлі.

Күнделікті дезинфекция сапасын бақьілау:

    1. Санитарлық - эпидемиологиялық станция (дезстанция) әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5 -тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын бақылайды.

    2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар, салмонеллез кезінде атқарылады, Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиологиялық корсеткіштер бойынша жасалады.

Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен төмен болса, дезинфекциялық препаратгың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3% - тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары болмаса, дезинфекцияныц сапасы қанағаттанарлық деп саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес уақытгың ішінде талаптарды түрғындар орындай бастаса, күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп саналады.

Қортындьі дезинфекция сапасын бақылау:

      1. Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау (визуальді, зертханалық - бірге), үйымдасқан үжымдарда дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 - 3 - сагатқа дейінгі уақыттың ішінде жасау керек.Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау үшін ошақтан 10 - нан кем емес шайынды, дезинфекциялық заттардың және ерітінділердің 2 дезинфекциялық сынамасын, дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшерлеріне 10 экспресс сынама алу керек. Дез. камераларды бактериологиялық бақылау кварталына 1 реттен аз емес жүргізіліп отырады. Микрофлора 0,5% - дан көп емес шайынды алып сепкенде, экспресс сынамаларда қалдық дезинфекциялық заттардың болуы 0,5% - дан көп болмаса, қортынды дезинфекция қанағаттанарлақ деп саналады.

Визуальді бақылау - объектінің санитарлық жағдайын, дезинфекциялық шаралардың уақытылы жүргізілуі, дезинфекциялауға беткейлерді, мекемелерді, жеке заттарды, олардың сапаларының дүрыс таңдалуын анықтайды.

Химиялық бақылау - залалсыздандыруға пайдаланған дезинфектанттардың қүрамындағы белсенді әсер ететін химиялық элементтердің концентрациясының нормативтерге сәйкестігін тексеруге негізделген.____________________________________________________________________________________________134

      1. Йод - крахмалды әдіс. Әдіс йодтың крахмалмен түсті реакцияға түсуіне негізделген. Йод ерітіндісі хлормен байланысқан кезде ерітіндіден йодты ығыстырып, оның орнын басады. Дараланған йод крахмалды көгілдір - қошқыл түске бояйды. Әдісті жасау үшін сіріңкенің басына мақта орап, 3% калнй йодидының ерітіндісіне, 2% - ті крахмалды клейстерінің қоспасына батырады. Егер сол тампонды хлорлы ерітіндімен өнделген беткейге тигізсе, бақылау объектісінде спецификалық боялу болады. Түсті бояу 3% натрий тиосульфатының ерітіндісіне батырьшған тампонмен сүрткен жағдайда ғана кетеді. Осылайша ыдыстардың, ойыншықтардың, едендердің, қабыргалардың, жихаздардың т.б. заттардың дез. ерітіндімен дүрыс оңдегенін байқауға болады.

      2. Ішек инфекциясының ошағында бактериологиялық бақылауды шайынды немесе қырынды алу әдісімен санитарлық - корсеткіш ішек таяқшасыч табу жолымен жүргізеді. Шайындыны физиологиялық ерітіндіге немеса байыту ортасына, ЕПС батырылған тампонмен алады, термостатқа 24 сагатқа қояды. Уақыт болған кезде Эндо ортасына себінді жасайды. Термостатқа қояды. 24 сағаттан кейін жалпы қолданылатын зерттеу әдісі бойынша ішек таяқшасын анықтайтын жүмысты жалғастырады.

Дезинфекциялық камералардың жүмысын бақылау

1 .Термиялық бақылау - өлшеуіш аспаптардың көмегімен жүргізілді: психрометрмен булы - ауалы формалинді камералардағы ылғалдылық ережесін, манометрмен қысымды бақылап отырады.

2.Биологиялықбақылау-лабораториялардаарнайыдайындалған бактериялықтестгер қолданылады. ол бәтес және бөз бөлшегін алдын ала стерильдеп, кейін тест - микроб сіңіртіп дайындалады (алтынды стафилококк, антракоид споралары, микобактериялардың қышқылға төзімді сапрофиті - В5).

і,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]