Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру

Инфекциялық процестің пайда болуы, дамуы және аяқталуы үш топ факторлармен анықталады: 1) инфекциялық процесс қоздырғышы - микробтардыц сандық және сапалық сипаты; 2) макроорганизм жағдайы, оның микробты қабылдаушылық дәрежесі; 3) микроб пен макроорганизмді қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларының әсері, олар өз кезегінде бірнеше түрлер өкілдерінің арасында жанасу мүмкіндігіне, бір түрдің мекендейтін аумағының бірлігіне, қоректік қатынастарына, популяция тығыздылығы мен санына, генетикалық ақпарат беру және миграциялану ерекшеліктеріне т.б. өз эсерін тигізеді. Адамдарға қатысты сыртқы орта жагдайы деп оның тіршілігіндегі элеуметтік жағдайларды қабылдау керек. Макроорганизмдегі микробтардың әсерінен дамитын алғашқы екі биологиялық фактордың - инфекциялык процеске тікелей қатынасатындар. Бұл кезде инфекциялык процестің спецификалығын микроб анықтайды, ал инфекциялық процестің байқалу және оның үдеу барысындағы ауырлығына, ұзақтығына және індет аяқталуына макроорганизм интегралды шешуші үлес қосады, ол ең алдымен бейспецификалық резистенттілікпен және оған көмекші жүре пайда болатын спецификалық иммунитет факторларымен байланысты. Үшінші, экологиялық фактор, макроорганизмнің қабылдаушылығын, қоздырғыштың жұқтырғыш мөлшерін және вируленттілігін төмендетіп немесе күшейтіп, жұғу механизмін және инфекциялық берілу жолдарын т.б. белсендіре отырып, инфекциялык процеске жанама әсер етеді.

Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы аурулар қоздырғыштары деп атау жалпы қабылданған термин. Инфекциялық жағдайдағы адамдардың немесе жануарлардың организмін, яғни онда қоздыргыштың паразиттік тіршілік етуін - инфицирленген, ал қоздырғыштар түскен сырткы орта заттарын - ластанған деп атайды. Макроорганизмнің қабылдаушылығы деп, микробтар енғенде макроорганизмнің көптеген коріністермен (тасымалдаушы-лықтан жұқпалы ауруға дейін) реакция беру қабілеттігін айтады

.__________________________________________________________________________________________143

7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері

Инфекциялық процеес - ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Процесс өзара қатынастың себеп-салдарының тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді. Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады. Бірінші саты - микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында адаптациялануы (лат. аdaptacіо - бейімделу), яғни жұғуы (инфицирленуі), және де микробтардың макроорганизм жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады. Кіру есігі - организмге микробтар түсетін ағзалар мен тіндер. Микробтар макроорғанизмге көбінесе зақымдалған тері жабындылары және зақымданбаған шырышты қабықтар арқылы енеді. Екінші саты - колонизациялау (лат. соlonia - қоныстану) - кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. Инфекциялық процесс кезінде микробтар жасуша беткейімен горизонтальды бағытта таралуымен қатар макроорганизмнің жасушалары мен тіндерінің ішіне қарай терендеп ене бастайды. Микробтардың макроорганизм жасушысының ішіне ену қабілеттілігін пенентрация деп атайды. Бұл кезде қолайлы жағдай туындаса, және де микроб метаболизмінің өнімдері, олардың ферментгері және токсиндері шығып жиналса, микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа буындары пайда болады. Сонымен қатар макроорганизм жасушасының ыдырауы нәтижесінде пайда болған уытты өнімдері микроб енген және одан алшақтау жерлердегі ағзалар мен тіндерге зақымдаушы әсер етеді. Үшінші саты - диссеминациялану (лат. disseminazе - шашылу, таралу), яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына, басқа аумақтарға таралуы жэне лимфагематогенді, бронхогенді, периневральді (жүйке бағаналары бойымен) жолмен жаңа жерге қоныстануы. Ол өз кезегінде инфекциялық процестің генералиаациялануына, яғни организмде жалпы жайылуына әкеп соғады. Төртінші саты - макроорғанизмніц қорғаныс факторларын жұмылдыру (мобилизациялау). Микробтардың енгеніне және олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы жауап ретінде макроорганизм алғашқыда өзінің бейспецификалық, ал кейіннен спецификалық қорғаныс факторларының барлығын жүмылдырады. Бүл факторлардың әсері микробтардың өзімен қатар олардың токсиндерін бейтараптауға және макроорганизмнің бұзылған гомеостазын қалпына келтіруге бағытталған. Бесінші саты - инфекциялық процестің аяқталуы және ақыры. Көбінесе макроорганизмнің санациялануы (ағылшынша: sanativе - емдік, сауықтырушы), яғни организм микробтардан толық босанады және жаңа сапаға ие болып - иммунитет қалыптасады. Кейбір жағдайда инфекциялық процесс өліммен аяқталады. Микробпен макроорганизм арасында тепе-теңдік жағдай орнықса микроб тасымалдаушылық қалыптасады.

Көптеген факторлардың эсерінен инфекциялық процесс оған тэн барлық сатыларынан өтпей-ақ алғашқы кезендерінде тоқтауы мүмкін. Мысалы, осы инфекцияға қарсы егілген немесе сол кеселмен ауырып түрган адамдардажүқпалы ауру абортивті (түсікті) түрде өтеді. Басқа мысалдар дажеткілікті: соз (гонорея) ауруы кезінде жыныс-несеп жолдарының шырышты қабығы зақымданғанына немесе кейбір ішек инфекциялары кезінде шырышты қабықтарының микроколонизациялануына қарамастан инфекцияның генерализациялануы байқалмайды. Күл (дифтерия) ауруы кезінде де инфекциялық процесс адгезияланумен, колонизацияланумен жэне экзотоксин (гистотоксин) ондірілуімен шектеледі. Бактерияныц қанға енуі болмайды. Егерде жасушадан тыстық паразиттер үшін процесс адгезия жэне колонизациялаумен шектелсе, жасушаішілік паразиттер үшін олардың жасуша ішіне еніп, оның ішінде көбеюі маңызды шарт болып табылады.

Инфекциялық процесс макроорганизмнің биологиялық жүйесінің барлық деңгейлерінде байқалуы мүмкін. Бұл кезде әрбір жоғарғы деңгей төменғі деңгейлерді өзіне біріктіреді. Инфекциялық процестің көп деңгейлі жүйесі ең алдымен өзіне организмдік децгейді немесе меншікті инфекциялық процесті қамтиды, өйткені инфекция - ол қабылдаушы макроорганизмде туындайтын реакциялар жүйесі. Тіндік- , ағзалық, жасушалық (микроб жасушасы мен ие организмі жасушасыныц өзара әсері) және субжасушалық немесе молекулалық деңгей төменгі деңгейлер болып табылады, олар микробпен макроорганизмнің биологиялық молекулаларының өзара әсеріне негізделген.

____________________________________________________________________________________________144

Микробтың макроорганизммен өзара әсерінің нәтижесінде бірінші кезекте жасуша зардаптанады. сол жерде микроб тесік тауып, ол кейіннен макроорганизмге енеді. Өзара әсерлесу проңесі микробтын микромолекулаларының комплементарлық құрылымы мен макроорганизмнің эукариоттық жасушасының деңгейінде жүреді. Молекулалық және жасушалық деңгейлерде жүретін процестер, дәлірек айтқанда микробтардың патогенділік факторлары мен макроорганизмнің жасушалық және гуморальдық қорғаныс факторларының өзара әсерлесуі тіндік-ағзалық деңгейде білінеді. Ие жасушасының тіндік диффе- ренциациялануы инфекциялық процестің спецификалығын ерекшелейді жэне микробтардың көбею аумағын шектей отырып, қорғаныс ролін атқарады. Сондықтан инфекциялық процесс патогенезінің негізгі сипаты тіндік-ағзалық деңгейде қалыптасады, ол кейіннен инфекциялық процестің айқын (манифестік) байқалуын организмдік деңгейде қамтып корсетеді. Организм децгейдегі инфекциялық процестін клиникасы мен патогенезінің ерекшеліктері қоздырғыштың берілу механизмі мен интенсивтілігіне ықпал ете отырып, эпидемиялық процестің экожүйелік деңгейіндегі ағымына әсер етеді. Сонымен, инфекциялык процесс эрбір жүйе деңгейінің, және де осы деңгейлердің өзара әсерінің көп жақтылығымен және күрделілігімен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]