- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •6 Тарау.
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы
- •6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •6.3.2. Дезинфекция
- •6.3.3. Асептика және антисептика
- •Шығу тегі бойынша:
- •Химиялық құрылымы бойынша:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
Айырмашылык белгілері |
Стерильдеу |
Дезинфекциялау |
Антисептика |
Шараның мақсаты |
Инфекцияның берілумотлдарын Үзу |
Инфекцияның берілу жоддарын үзу |
Инфекциялык процестің алдын алу, инфекция көзін бейтараптау. Антисептикпен колды өңдегенде - инфекцияның берілу жолдарын үзу |
Қолданылатын жерлері |
Сыртқы орта нысандары (объектілері) |
Сырткы орта нысандары (объектілері) |
Адам денесінің биотоптары |
Әсер ету тәсілдері |
Физикалық.сирек жағдайда - химиялык және механикалык |
Физикалык, химиялык және механикалык |
Химиялык, сирек жағдайда - физикалық, механикалык, биологиялық |
Әсер ететін нысандары |
Микроорганизмдер дін барлык түрлері мен формалары |
Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер |
Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер; Антисептикпен колды және операция жасайтын жерді өндегенде - микробтардың барлық түрлері. |
Әсер ету тиімділігі |
Микробоцидті |
Микробоцидті, ерекше жағдайларда - популяциялар санын азайту. |
Микробостатикалык, ерекше жағдайларда - микробоцидті және популяциялар санын азайту. |
Деконтаминациял аудың толыктылығы |
Толык, әмбебап (универсальды) |
Селективті (іріктеп, таңлап әсер ету) |
|
Қолдану бағыты |
Профилактикалык |
Профилактикалык |
Профилактикалық, емдік |
__________________________________________________________________________137
Медицина еаласындағы антисептиктерге қойылатын шарттар:
Жалпы токсикалық органотроптық, аллергендік, мутагендік, онкогендік, тератогендік, дёнетітіркендірушілік жэне дисмикробиотикалық әсері болмау керек.
Азғантай мөлшерде (дозада) белсенділігі күшті болуы керек.
Көбінесе микробоцидті немесе микробостатикалық эсері болу керек, дегенмен микробоцидті (эсіресе иммундытапшылық, хирургиялық операция кезінде қолданғанда) эсерініц болғаны жон.
Әсер ету спектрі әр түрлі (кең және тар) болғаны абзал (дисбактериоз қоздыруы азаяды)
Қысқамерзімді, немесе үзақ мерзімді әсер ететін болуы керек.
Осындай қасиетіне қарай 3 типке бөлінеді:
перманентті әсер ету-бір рет қолданғанда бірнеше сағат немесе минут бойы антимикробтық әсер етуді қамтамасыз ету;
кумулятивті әсер ету-бірнеше рет қайталап қолданғанда антимикробтық әсерін күшейту;
персистерлеуші әсер ету - бір жерге (жарақатқа) үзбей (регулярно) қолданғанда пайда болатын
әсер.
Антисептиктік ұнтақ түрінде болғаны дұрыс (сақтауға ыңғайлы)
Теріге, киім-кешекке бояуы жұқпауы керек және қолайсыз иісі болмау керек.
Жарықтың, температураның әсеріне төзімді болуы керек, биосубстанттарда белсенділігін жоғалтпауы қажет.
Липидтерде және суда ерігіштігі жақсы болуы керек. Липидтерде жақсы ерігіштігі тиісті жерге жаққан антисептиктердің кумулятивтік әсерін қамтамасыз етеді.
10.Антигеңдік-қасиетке ие болмауы керек.
11. Антисептиктік шикі зат кез келген жағдайда қолжетерлік, әрі арзан және экологиялық түрғыдан зиянсыз (таза) болуы керек.
