Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Ifn препараттары

IFN типтері

Препараттары

Табиғи интерферондар (бірінші буын)

Альфаферондар

Адам лейкоцитарынан алынған IFN (ЧЛИ) эгиферон, вэллферон, лейкинферон

Бетаферондар

Адам фибробластынан алынған IFN, ребиф, ферон

Гаммаферондар

Адамдардан алынған иммунды IFN (IFN г)

Рекомбинантты интерферондар (екінші буын)

IFN б 2а

Реаферон, роферон-А, виферон, интераль

IFN б 26

Интрон-А, инрек, пэгинтерферон

IFN б 2с

Берофор

IFNв

Авонекс, фрон

IFNг

Рекомбинантты IFN г (гаммаферондар)

Әсер ету механизмі. Интерферондар бөтен генетикалық ақпаратты анықтап алуды және элиминациялауды атқаратын табиғи (туа біткен) иммунитеттің маңызды факторы болып табылады. Жасуша рецепторларына жабысып, IFN екіншілік мессенджерлердің синтезделуін индуцирлейді, олар өз кезегінде вирустардың көбею кезеңдерінің кез келгенін (транскрипцияны-трансляцияны-құрылуын-вирион ұрпақтарының шығуын) басып тастай алады. IFN-ң негізгі әсер ету механизмі-протеинкиназа синтезделуін индукциялауда, нәтижесінде трансляцияны иницирлейтін факторлардың біреуін фосфорилирлейді. Фосфорилирленген фактор иницирлейтін комплекстің пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Вирустық матрицалардың трансляциялануының басылып қалуы вирустық трансляция жүйесін иницирлейтін фактордың фосфорилденуіне жоғарғы сезім-талдығымен, немесе вирус жұққан жасушалардағы транс-ляцияның спецификалық өшіп қалуымен байланысты. IFN-мен өңделген жасушаларда 2'-5'-олигоаденилді қышқылдың синтезделуі индуцирленеді, нәтижесінде бос вирустың мРНҚ-н бұзатын латентті нуклеазаның белсенділігін күшейтеді де, рибосомалармен байланыса алмаған мРНҚ нуклеазаның әсерінен бұзылысқа ұшырайды. Трансляцияның инициациялық сатысының тосқауылдануы және вирустың мРНҚ-ң бұзылуы вирустық инфекциялар кезіндегі IFN-ң әсер ету механизмінің әмбебап екендігін түсіндіреді.

IFN фагоцитозды, табиғи киллерлердің белсенділігін ынталандырады (стимулирует). Осы кезде сонымен қатар IFN АД пайда болуына, анафилактикалық шок, қабыну, жоғарғы сезімталдықтың баяу типі, лимфоциттердің пролиферациясы, трансплантанттқа қарсы реакция, комплемент байланыстыру реакциясының дамуына кедергі жасайды.

________________________________________________________________________________102

IFN плеотропты цитокиндер ретінде айқын иммундыкоррекциялаушы әсер етеді:

1 .Вирустардың жасушаішілік өсіп-өнуіне тікелей әсер ету.

    1. ЕК-жасушалардың көмегімен инфицирленген материалдан арылу.

    2. Айналасындағы сау жасушаларды қорғау.

IFN-дық препараттардың кең спектрлі әмбебап антивирустық белсенділігі бар және вирустардың резистентті түрлерінің қалыптасуын тудырмайды. Табиғи (туа біткен) иммунитеттің негізгі факторы болатындықтан IFN, вируспен инфицирленгенде жедел жауап ретінде, организм вируспен жанасқаннан кейін бірден (алғашқы 1 -2 сағатта) синтезделе бастайды.

І-типті интерферонның биосіңірулігі (биодоступность) 80%-ға дейін жетеді, ал жартылай шығарылу кезеңі: IFN6 үшін-2 сағат, IFNв үшін- 8-10 сағат, IFNг үшін- 0,5 сағат. IFN- ға сезімтал аурулардың спектрі өте кең. Шартты түрде оларды үлкен 3 топқа бөлуге болады: вирустық инфекциялар, онкологиялық аурулар және басқа патологиялар. Вирустық инфекциялар кезінде IFN өте жиі қолданылады. Ондай инфекцияларға бірінші кезекте әр түрлі ұшықтық зақымданулар (кератит, кератоконъюкгивит, гениталий ұшығы, белдемелі теміреткі), жедел және созылмалы вирустық гепатиттер, және де тұмау және басқа ЖРВИ жатады.

АИВ - инфекциялар, папилломавирустық инфекциялар (үшкір шетті кандиломалар, кеңірдектің ювенильдік папилломатозы, сүйелдер ж.б), қызылша, эпидемиялық паротит және құтыру кезінде IFN-ң тиімділігі бар екені белгілі болса да, аз зерттелген. Иммундыдепрессанттар қолданылып орган алмасты- рылғанда болатын вирустық асқынуларды, нәрестелердің ірінді-қабыну аурулары, жүре пайда болған постнатальдық ЦМВ-инфекцияларды, псориаз, шашылмалы склероз, және де әртүрлі бактериялық ауруларды (хламидиоздар, легионеллездар, риккетсиоздар) осы тізімге жатқызу керек.

Әртүрлі IFN препараттарына вирустардың тиімділігі 5.9-5.10-кестеде жинақталып берілген.

Кесте 5.9.

IFN препараттарының антивирустық тиімділігі (эффективтілігі)

Вирустар

Интерферондық тиімді препараттар

Тұмау вирусы және басқа ЖРВИ (адено-, рино-, корона- ж.б.)

Альфаинтерферон, лейкинферон, локферон, гриппферон, интерген, инфагаль, реаферон, реальдирон, инрек

¥шык вирустары (ВПГ-1,2, Н2У, ЕВУ, ЦМВ)

Альфаинтерферон, локферон (көз ауруларында), сверофор, эгиферон, ферон, виферон, интераль, интерген, инфагаль, роферон-А, инрек, интрон-А, берофор, авонекс, фрон.

Гепатит В, С, Б вирустары

Альфаинтерферон, вэллферон, эгиферон, ферон, виферон, интераль, реаферон, инрек, интрон-А, негинтрон, фрон.

Ювенильдік папилломатоз, генитальдык сүйелдер

Вэллферон, эгиферон, ферон, интераль, реаферон, лицинт, роферон-А, интрон-А, берофор, авонекс.

Нейровирустар (менингит,

менингоэнцефалит

қоздырғыштары)

Альфаинтерферон, инрек

АИВ-инфекция (АИВ кезіндегі оппортунистік инфекциялар)

Альфаинтерферон, вэллферон, роферон-А, интрон-А.

_____________________________________________________________________________________103

Кесте 5.10.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]