Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау

Ауаны микробиологиялық бақылау табиғи немесе микробтарды еріксіз кондыру (седиментаңиялау) әдісінің көмегімен жүргізіледі. Табиғи седиментаңия (Кох тэсілі бойынша) Петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне 5-10 минут бойына микробтарды шөктіру жолымен жүргізіледі. Мәжбүрлік седиментаңия арнайы қондырғы көмегімен қоректік ортаға ауа сынамасын «себу» жолымен жүргізіледі. (импактор, импанджлер, сүзгілер). Импакторлар-ауадан микробтарды қоректік орта беткейіне мәжбүрлік шөктіруге арналған қондырғылар (Кротов қондырғысы, бактериологиялық аэрозолдің сынамасын алушы, т.б.) Импанджерлер-ауаны NaCL изотониялық ерітіндісінен немесе сүйық қоректік ортадан өткізетін қондырғылар.

Ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы келесі микробиологиялық көрсеткіштермен анықталады:

      1. 1м3 ауадағы Микроорганизмдердің жалпы санын- Петри табақшасында 37° С 24 сағат бойына қоректік ортада өскен микроорганизмдер колонияларының саны.

      2. Санитарлық көрсеткіш микробтардың индексі -1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк пен алтынды стафилококтар саны. Бұл бактериялар жоғарғы тыныс жолының қалыпты микрофлорасының өкілдері және ауа тамшылы жолмен берілетін патогенді микроорганизмдермен боліну жолы ортақ болып келеді. Ауада спора түзетін бактериялардың болуы - ауаның топырақ микроорганизмдерімен ластану көрсеткіші, ал грамтеріс бактериялардың көрінуі- антисанитарлық жағдайдың көрсеткіші болады.

Емдеу мекемелерінің ауасын бағалау үшін ұсынылған арнайы нормативті қүжаттардың мәліметтерін қолдануға болады.

6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау

Тағам онімдерін санитарлық - микробиологиялық зерттеу жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Жоспарлы түрде келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.

Жалпы микробтар саны.

МАФАМ анықтау - мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің, 37° С температурада 24 сағат инкубациядан соң тығыз қоректік ортада өскен колонияларын санайды.

Тагам өнімдеріндегі санитарлық-көрсеткіш бактерияларды анықтау-ішек таяқшасын, ІТТБ, энтерококтар, алтынды стафилококтар, протей тобының бактерияларын, клостридийлерді (сульфит қалпына келтіруші) табу қолданылады.

____________________________________________________________________________________140

Салмонеллаларды анықтау - мысалы, ет өнімдерін зерттегенде (басқа көрсеткіштермен бірге), т.б. қолданылады.

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша - микробтық этиологиялы тагамдық уланулар қоздырғыштары (патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің) бар-жоғын анықтау үшін зерттейді.

Сутқышкылды өнімдерде - сүзбе, қаймақ, айран және т.б. арнайы микро-флорасы бар (сүтқышқылды стрептококтар, лактобактериялар, және т.б.) өнімдерде жалпы микробтар санын анықтамайды.Бұл өнімдерде сүтқышқылды микрофлораны жағынды дайындап, метиленді көкпен бояп, бактериоскопиялык әдіспен зерттейді. Сәйкес сүтқышқылды микрофлора болмай, бөгде микрофлора (көгерткіш саңырауқүлақ, ашытқылар және т.б.) анықталуы өнімнің дұрыс дайындалмағаның технологиясының бұзылуын немесе дүрыс сақталмағандығын көрсетеді. Тек, қымыз бен айранды микроскопиялық зерттегенде көру айдынында 2-5 ашытқы жасушалар анықталады, себебі бүл өнімдер сүтқышқылды және спирттік ашу нәтижесінде даярланады.

Консервіленген тағам өнімдерінде ішек таяқшасы, протей және патогенді микробтар болмауы керек.

Көкөністен, балықтан, еттен дайындаған консервілерді зерттегенде мыналар ескеріледі:

Аэробты микроорганизмдерді анықтау

Анаэробты микроорганизмдерді анықтау

Ботулиндік экзотоксиндерді анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]