Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы

Шикізатта, жартылай фабрикаттарда, онімдерде, қондырғыларда, ауада және т.б.табылатын әртүрлі өндірістер (текстильді, биотехнологиялық, тағамдық, металл оңдеуші, химиялық кәсіпорындар және т.б.) микроорганизмдері коптеген арнайы микробиоценоздар құрайды. Тұрмыстық зерзаттардыц микрофлорасы- топырақ, су, ауа, өсімдіктер, адам және жануарлар болінділері микроорга-низмдерінің өкілдері болуы мүмкін. Медициналық мекемелердіц микрофлорасын - медициналық қызметкерлерден немесе науқас бөлінділерінен, таңу және басқа материалдардан, дәрілік препараттармен әкелінетін патогенді және шартты патогенді микрофлора құрайды.

Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен ластанудың негізгі көзі - адам боліндісі. Кейбір қоздырғыштар (легионелла, аэромонада, псевдомонада, клебсиеллалар, протейлер) ылғалды жерлерде (душ, ванна, су құбыры, қол жуатын жер т.б.) кобейеді.

6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі

Өсімдік текті және жануар текті органикалық қосылыстар микроорганизмдермен коміртегі, азот, күкірт, фосфор, темір және т.б. элементерге дейін минералданады.

Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымына фотосинтез процесінде көмірқышқыл газын сіңіретін цианобактериялар, балдырлар және өсімдіктер белсенді қатысады. Сонымен бірге, өлі өсімдіктер мен жануарлардың органикалық затын көмірқышқыл газын бөліп ыдырататын микроорганизмдер қатысады. Органикалық заттар аэробты ыдырағанда көмірқышқыл газы және су түзілсе, анаэробты ашытуда- қышқылдар, спирттер, көмірқышқыл газы түзіледі. Спирттік ашытуда микроорганизмдер (ашытқылық және т.б.) комірсуларды этил спирті мен көміртегінің қос тотыгына дейін ыдыратады. Сүт қышқылды ашыту- сүтқышқылды бактериялар сүт қышқылын, сірке қышқылын және коміртегінің қос тотығын , болумен сипатталады.

Азот айналымы. Атмосфералық азотгы түйнекті бактериялар мен топырақтың еркін тіршілік ететін микроорганизмдері байланыстырады. Өсімдік, жануар және микроб қалдықтарының органикалық

_________________________________________________________________________________________118

қосылыстары микроорганизмдермен топырақта аммонии қосылыстарына айналып минералданады. Микроорганизмдермен ақуыз ыдырау процесінде аммиактың түзілуі аммониификация немесе азоттың минералдануы деп аталады. Псевдомонадалар, протейлер, бациллалар және клостридиялар ақуызды бұзады. Ақуыз аэробты ыдырағанда: аммиак, сульфат, көміртегі диоксиді және су түзілсе, анаэробтыда - аммиак, аминдер, көміртегі қос тотығы, органикалық қышқылдар, индол, скатол, күкіртті сутек түзіледі. Уробактериялар зәрмен болінетін мочевинаны аммиак, көміртегінің қос тотығына және суға дейін ыдыратады. Бактерияның органикалық қосылыстарды ферменттеуінен түзілген аммонии түздарын жасыл өсімдіктер пайдалануы мүмкін. Өсімдіктерге жақсы сіңірілетін нитраттар-азот қышқылды түздар болып табылады. Бұл түздар органикалық заттар ыдыраған кезде, аммиактың азотты, әрі қарай азот қышқылына дейін тотығу процесінде түзіледі. Бүл процесс-нитрификация, ал оны тудыратын микроорганизмдер - нитрифицирлеуші деп аталады. Нитрифицирлеуші бактерияларды орыс ғалымы С.Н. Виноградский (1890- 1892) бөліп алып сипаттаған. Нитрификация 2 фазада жүреді: бірінші фаза-Nitrosomonas туыстастығының бактериялары арқылы атқарылады, бүл кезде аммиак азотты қышқылға дейін тотығып, нитриттер түзіледі. Екінші фазасында Nitrobacter туыстастығының бактериялары қатысады, бүл кезде азотты қышқыл тотығы нитратқа айналады.

Нитраттар топырақ өнімділігін арттырады, бірақ кері процесс- денитрификация процесі нәтижесінде нитраттар бос азотқа дейін қайта қалыптасып, топы-рақтағы оның түз түріндегі қорын азайтып, топырақтың өнімділігін төмендетеді.

6.2. Адам организмінің микрофлорасы

Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микробиоценоз) микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе - тең (эубиоз) жағдайда болады. Бүл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып табылады. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда жэне басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды. Әртүрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп- жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмде тұрақты және транзитті микрофлора болады.

Тұрақты (резидентті, индигенді, автохтонды) микрофлора -организмде тұрақты болатын микроорганизмдер. Транзиторлы (тұрақсыз немесе аллохтонды) микрофлора - организмде үзақ тіршілік етуге қабілетсіз.

Түрақты микрофлораны облигатты және факультативті деп бөлуге болады. Облигатты микрофлора (бифидобактерия, лактобактерия, пептострептококк, ішек таяқшасы және т.б).-микробиоценоздың негізі болып, ал факультативті микрофлора (стафилококтар, стрептококтар, клебсиеллалар, клостридиялар, кейбір саңырауқүлақтар және т.б.) - микробиоценоздың аздаған бөлігін қүрайды.

Адам организмі және оның қалыпты микрофлорасы ортақ экологиялық жүйені (эндоэкология) қүрайды. Ересек адамда микроорганизм 1014 дара молшерін қүрайды, оның көпшілігі облигатты анаэробтар. Қалыпты микрофлораны қүрайтын микрорганизмдер эртүрлі әсерге төзімді биологиялық үлбір түзеді.

Тері микрофлорасы. Теріде, оның терең қабаттарында (шаш қалтасында, май және тер бездерінде), аэробтарға қарағанда анаэробтар 2-10 есе көп болады. Теріде грам оң бактериялар (пропионибактериялар, коринеформды бактериялар, эпидермалді стафилококтар және басқа да коагулаза - теріс стафилококтар, микрококтар , пептострептококтар, стрептококтар, Dermabacter hominis), Рityrosporum туыстастығының (жаңа аты-Маlassezia) ашытқы тәрізді саңырауқүлақтары, сирек жағдайда транзиторлы микрофлора (Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes және т.б.) колонияланады.Орғанизм әлсірегенде теріде грам теріс бактериялар саны өседі.

Қалыпты жағдайда 1 см2 теріде 80000 микроорганизм болады, бүл сан бактерицидті стерильдеуші фактор әсер етуінен артпайды. Мысалы: терлегенде теріде Іg А және О, трансферрин, лизоцим, органикалық қышқылдар және басқа микробқа карсы заттар табылған. Терінің төменғі дейгейдегі рН-ы

____________________________________________________________________________________119

(5,5) және дене температурасы -микроорганизмдер көбеюін шектейді. Терінің өзін-өзі тазарту процесі, таза жуылған теріде күшейеді. Терінің ылғалдығы жоғары аймақтарында мысалы, шат қатпарында, саусақ аралығында, қолтықасты ойысында микроорганизмдер саны жоғары (1 см2-106) болады. Микроорга- низмдердің кобеюі тері ластанғанда болады; организм әлсірегенде өсіп-өнетін микробтар адам денесінің иісін қалыптастырады Кір қол арқылы дәрілік заттар микроорганизмдермен ластанып, әрі қарай олардың бұзылуына әкеледі.

Ауада микроорганизмдердің таралуында тері микрофлорасының үлкен маңызы бар. Тері десквамациясы (түлеуі) нәтижесінде мыңдаған микроорганизмдер қоршаған ортаны ластайды.

Конъюнктива микрофлорасы. Көз коньюнктивасында аздаған коринеформды бактериялар мен стафилококтар бар. Коньюнктивада микроб санының аз болуы - көз жасындағы лизоцим және т.б. бактерицидті факторлардың әсерінен болады.

Жоғарғы тыныс жолының микрофлорасы. Жоғарғы тыныс жолына шаң бөлшектерімен бірге мик- робтар түсіп, оның көпшілігі мүрын және ауыз- жұтқыншақта өледі. Мүнда бактероидтар, коринеформды бактериялар, гемофилді таяқшалар, лактобактериялар, стафилококтар, стрептококтар, нейссериялар, пепто- коктар, пептострептококтар және т.б. оседі. Трахея, бронхтар және альвеолалар әдетте стерилді.

Асқазан-ішек жолының микрофлорасы. Ас қорыту жолының микрофлорасы озінің сандық және сапалық қүрамы бойынша көп өкілді болып табылады. Мұнда микробтар ас қорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колония түзеді.

Ауыз. Ауыз қуысында көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Імл сілекейде 108 бактерия мекендейді. Бұған ауызда тамақ қалдығының қалуы, қолайлы температура (37 С) және ортаның сілтілі реакциясы әсер етеді. Анаэробтар аэробтарға қарағанда 100 есе коп. Мұнда әртүрлі бактериялар мекендейді: бактероидтар, превотеллалар, порфиромонадалар, бифидобактерия, эубактерия, фузобактерия, лактобактерия, актиномицет, нейссерия, спирохеталар, стафилококтар, т.б. Сонымен бірге Саndida туыстастығының саңырауқұлақтары және қарапайымдылар (Еntamaeba gingivalis, Trichomonas tenax) табылады. Бактериялардың эрбір түрінің белгілі топографиялық таралуы бар. Стрептококтың әрбір түрі әр жерде орналасады: ұрт эпителиінде - S. мitior, тіл өзектері мен сілекейде - S. salivarius, тісте- S. mutans. Актиномицетттер тілде, иек қалтасында, тіс дақтары мен сілекейде көп мөлшерде кездеседі. Қалыпты микрофлора мен олардың тіршілік өнімдері тіс күсін түзеді.

Ауыз микрофлорасының құрамы тіл мен сілекейдің механикалық әсерімен реттеледі: микробтар шырыш қабаттар мен тістен сілекеймен шайылады ( адам күніне 1 литр сілекей жұтады). Сілекейдің антимикробтық құрамы, әсіресе лизоцим, антидене (секреторлы Іg А), бөгде микробтардың эпителиоцитке жабысуын тежейді. S. sanguis, S. mutans бактериялары сахарозаны жасушадан тыс полисахаридке (глюкондар, декстрандар) айналдырады, олар тіс беткейіне жабысуға қатысады. Шырышты қабықтың эпителиоцитін қаптап тұратын фибронектин микрофлораныңтұракты колонизациялануына ықпал етеді. Фибронектин аз болғанда, грам оң бактриялар грам теріске айналады.

Өңеште микроорганизмдер әдетте болмайды.

Асқазан. Асқазан микрофлорасы лактобациллалар, ашытқылар, бірен- саран кокктар мен грам теріс бактериялардан тұрады. Бактерия концентрациясы 1 мл -де 103 төмен. Ішек микрофлорасына қарағанда мұнда асқазан сөлінің рН - ы қышқылды болғандықтан микроорганизмдер аз болады. Қалыпты жағдайда асқазан -патогенді микробтарды тежейтін өзіндік залалсыздандырушы камера (тұз қышқылы, пепсин ізашары -пепсиноген және т.б.). Асқазанның ойық жарасы, гастрит ауруларында Неlісobacter туыстастығына жататын иілген пішінді бактериялар анықталады, олар көптеген патологиялық процестердің ( гастрит, ойық жара, ісік) этиологиялық факторы болып табылады.

Ащы ішек. Ащы ішектің 1 мл -де 105 - 108 микроорганизмдер болады. Олар - бифидобактериялар, лактобактериялар, клостридиялар, эубактериялар, энтерококтар, порфиромонадалар, превотеллалар және анаэробты коктар.

Тоқ ішек. Микроорганизмдердің көпшілігі тоқ ішекте жиналады. 1 грам нәжісте 1012 микроб жасушасы кездеседі. Барлық микробтардың 95%-ын анаэробты бактериялар құрайды.

______________________________________________________________________________________120

Тоқ ішек микрофлораеының негізгі өкілдеріне (6.1- кесте) жатады: грам оң анаэробты таяқшалар (бифидобактериялар, лактобациллалар, эубактериялар), грам оң спора түзетін анаэробты таяқшалар (перфрингенс клостридиясы және т.б.), грам теріс анаэробты таяқшалар (ішек тақшалары және оған ұқсас Еntеrоbасtеrіасеае тұқымдасының бактериялары- цитробактер, энтеробактер, клебсиеллалар, протей және т.б.), анаэробты грам оң коктар (пептострептококтар, пептококтар, Gemella morbillorum). Эпителиде спирохеталар жақсы оседі. Аз мөлшерде фузобактериялар, порфиолеонадалар, превотеллалар, пропиони- бактериялар, вейлонеллалар, стафилококтар, көкірің таяқшасы және Саndida туыстастығының ашытқы тәріздес саңырауқұлақтары кездеседі.

Қарапайымдылар мөлшері қалыпты жағдайда қоршаған орта факторларының әсері мен емдәмге байланысты өзгеріп отырады. Бөтен микрофлораның өсуі секреторлы Ig А-ның тежеуші әсері мен қалыпты микрофлораның антагонистік қасиеті нәтижесінде тежеледі. Нәрестелерде ана сүтімен берілетін лактоферрин тежеуші әсер етеді.

Кесте 6.1.

Дені сау адамдар мен бір жастағы балалардың нәжісіндегі әр түрлі бактериялардың қүрамы

Бактериялар

1 гр нәжістегі бактериялар саны

Ересектерде

Балаларда

Бифидобактериялар

108-109

109-1010

Бактероидтар

10у-10ш

10х

Лактобациллалар

106-107

106-108

Сүткышкылды стрептококк

106-108

107-108

Спора түзетін анаэробты клостридиялар

105

-

Эшерихиялар:

- лактозаны ферменттеуші

107-108

10'-108

- лактоза дефектілі

105-107

106-10'

- лактозаны ыдыратпайтын

105-10'

106-107

- гемолиздейтін

106

106

Ргоіеиз түрлері

104

103

КІеЬзіеІІа түрлері

105

104

Т.б. шартты-патогенді энтеробактериялар

105

104

Басқа да грам теріс бактериялар

103

103

Алтынды стафилококк

103

103

Басқа да стафилококтар (эпидермалды, гемолиздеуші және гемолиздемейтін сапрофиттер)

104

104-106

Еnterococus түрлері

106

104 106

Ашыткы тәрізді саңыраукүлактар

104

104

Көгерткіштер

104

Несеп- жыныс жолының микрофлорасы

Бүйректер, несепағарлар, қуық, жатыр, простата әдетте стерильді. Сыртқы жыныс жүйелерінің (гениталий) микрофлорасына эпидермалді стафилококтар, коринеформды бактериялар, көгерткіш стрептококтар, сапрофитті микобактериялар (Мус. smegmatis), кандида, энтеробактериялар жатады Алдыңғы уретраның шырышты қабығында екі жыныста да қалыпты жагдайда стафилококтар, патогенсіз нейссериялар, коринеформды бактериялар, сапрофитті трепонемалар және т.б. кездеседі.

______________________________________________________________________________________121

Қынаптың қалыпты микрофлорасын- лактобактериялар, бифидобактериялар, бактериодтар, пропионибактериялар, превотеллалар, пептострептококтар, коринеформды бактериялар және т.б. құрайды. Анаэробтар басымырақ болады: анаэробтар мен аэробтардың қатынасы 10:1. Репродуктивті кезенде грам оң бактерия басым болса, менопауза кезеңінде ол грам теріс бактериялармен алмасады. Дені сау әйелдердің 5-60 %-ында-Gardnerella; 15-30%-ында - Мусоplasma; 5%-ында - Моbiluncus туыстастығының бактериялар табылады.

Микрофлора кұрамы менструалды ңикл, жүктілік және т.б. көптеген факторға байланысты болады. Қынаптың эпителиялық жасушасында гликоген жиналады, оны лактобактериялар сүт қышқылын түзе отырып ыдыратады. Түзілген органикалық қышқылдар ортаның рН-ын 4-4.6-ға дейін қышқылдандырады. Лактобактериялар өздерінің өнімдері, сутектік асқын тотық және бактериоциндерімен қынаптың секретін қышқылдандыру нәтижесінде, басқа микрофлора өсуі тежеледі.

Жатыр қуысы мен қуық қалыпты жағдайда стерилді.

Микрофлора қүрамының адам жасына қарай өзгеруі. Нэресте стерильді болып туылады, бірақ туу жолдарынан өткенде ілеспелі микрофлораны жұқтырып алады. Микрофлораның қалыптасуы нәресте анасының организмінің микрофлорасымен және қоршаған орта микроорганизмдерімен қатынаста дамиды. Ең алғаш микробтар нәрестенің терісіне, шырышты қабығына түседі, әрі қарай микрофлораның қалыптасуы босану болған ортаның санитарлық жағдайы мен қоректендіру типіне байланысты. Нэрестенің үш айлығында қалыпты микрофлорасы ересектердің микрофлорасымен ұқсас және тұрақты болады. Туылған соң бастапқыда ауыз қуысында аэробтар болса, тіс шыққан соң анаэробтар болады. Емшекпен қоректендіргенде микрофлора негізі - бифидобактериялар (109-10п-1гр нәжісте) болады. Жасанды қоректендіргенде шала туылған және әлсіз балаларда бифидобактериялар кобеюі бұзылады, транзиторлы микрофлора саны, грам теріс бактериялар және коктар саны артады. Мүндай балаларда жиі ішек аурулары дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]