Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
982 Кб
Скачать
☆

1. Қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.

2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.

3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.

6. Ќажетті әдебиеттер:

1.Найманбаев С.М. ҚР қаржы құқығы Алматы.Демеу 1994 ж

2.Наманбаев С.М. ҚР салық құқығы Алматы., 1996 ж

2. Лекцияның тақырыбы. Қаржылық құқық ұғымы, пәні және жүйесі.

2. Лекцияның жопары:

1.Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістері.

2.Қаржылық құықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымы.

3.Қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, ерекше белгілері.

3. Лекцияның мақсаты: Қаржылық құқықтың ұғымын, пәнін окып үйрету.

4. Лекцияның мазмұны: 3.1. Қаржы құқық қатынастары және нормалары.

Қаржы құқығында құқықтың бастапқы элементтері қаржы-құқық нормалары, яғни қаржы қатынастарындағы мемлекет белгілеген және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар арқылы қамтамасыз етілетін қатаң белгіленген тәртіп ережелері пайдаланылады. Сөйтіп, каржы-құқық нормаларының бұйрық сипатына тән. Олар кесімді түрде қойылған талаптардан тұрады да, қалай болса, солай өзгертуге жол қоймайды, қаржы-қатынастарын қатысушылардың қүқықтары мен міндеттерін дәл анықтайды. Қаржы-құқық нормалары міндетгеуші, тыйым салушы, өкілеттік беруші нормаларға бөлінеді, яғни қаржы-қатынастарына қатысушылардың белгілі бір іс-қимыл жасауға қүқықтарын бекітіп береді.

Сөйтіп, базистік қатынастар болып табылатын қаржы-қатынастары қаржы-қүқық нормаларын пайдалану барысының қаржылық құқық қатынастарына айналады. Оған қатысушылар субъективті заң қүқылары мен міндеттері арқылы өзара байланыста болады, ал қатынастары мемлекеттің күшімен сақталады. Қаржы қызметін қүқықтық қатынастардан тыс жүзеге асыру мүмкін емес. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары кепілдік беретін өзара байланысты зандық қүқықтары мен міндеттер болған жағдайда, жоспарлаған кірістердің түсуі, олардың белгіленген мақсаттарға сәйкес бөлініп, пайдаланылуы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар қаржы қүқығы қатынастары қатысушылары кәсіпорындар, үйымдар, мекемелер,

азаматтар орындауға міндетті окілеттіктерді иеленеді. Мемлекеттің қаржы қүқығы қатынастарын жүргізетін органдар басқа қаржы қатынастарына қатысушыларға қатысты тек екім ғана жүргізіп қоймай, белгілі бір міндеттерді де өз мойвіндарына алады. Оларға қатысушылардың қүқықтары мен міндеттері мемлекеттің қамқорлығына алынып, күштеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік күштеу әдістері, формалары арқылы шаруашылық жүргізудің нақты нөтижелеріне жеткізетін қаржы қүқығы қатынастарын өзгерту қоғамның қаржы өмірін реттеудің қүқықтық механизмі, ал сан алуан қаржы құқығы нормалары мен актілері оның тұтқалары болып табылады. Сөйтіп, қаржы мен қүқық формалары мен әдістері экономикалық процестерге қаржылық құқықтық ықпал етудің біртұтас механизміне айналады.

Қаржылық құқықтық реттеудің негізгі әдісі мемлекет тарапынан өкілеттігі бар қаржы қатынастарына қатысушылардың өктемдігі, басқа әдістері ұсыныстар, келісімдер.

Қаржы міндеттемелерінің орындалуы, негізінен, азаматтар мен лауазымды адамдардың саналы келісімдері арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы міндеттемелерін орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға күштеу әдістері қолданылады: бюджетке уақтылы төленбеген төлемдер үшін айып пұлдары салынады.

Қаржы-құқық нормаларын бұзғандарға айып салу-жауапкершілік шараларының бірі. Олар ақшалай салынып, нормаларды бұзғандарға қолданылатын тиісті шаралар болып табылады. Айыптар: айыпақы, пұрсатпұлы, қаржыландыруды немесе несие беруді доғару, процесті өсіру, үнемдемегені үшін тарифтерді көтеру т.б.

Екінші жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне өздерінің құқықтарын әкімшілікке, сотқа жүгініп қорғауына мүмкіндік беріледі.

Қаржы қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар белгілі бір қаржылық заң актілерін қабылдайды. Бұлар арқылы олар өздерінің өкілеттері шеңберінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, олардың шығындарын бақылау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейді және бұл қатынастарға қатысушыларды басқарады.

Қаржы-қүқықтық актілері мемлекеттік басқару органдарының қаржы қызметі мәселелері бойынша алдын ала қарастырылған формада қабылданған және заң сипаты бар шешімдері. Олар қаржы-құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді, жояды немесе нақты құқықтық қатынастарының туындауына, доғарылуына, езгеруіне негіз болады. Қаржы-кұқық актілерінің жиынтығы қаржы заңдарын құрайды.

Қаржы қызметінің белгілі бір құқықтық формаларын қолдану реттелетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен, заң ұзақ мерзімге созылған қаржы қатынастарын бейнелейтіндіктен, оны

Парламент бекітеді, қысқа мерзімділерін, мысалы, мемлекеттік бюджет туралы заңды да (республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін маңызды болғандықтан) сол орган бекітеді. Ағымдағы қаржы қызметінде заңдық сипаты жоқ қаржы нормалары жұмыс істейді, оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдары аппаратында мәжілістер өткізу, кәсіпорындардың қаржы қызметтеріне нұсқау беру, жергілікті өкілетті органдардың бюджет комиссияларының мәжілістерін өткізу.

Қаржы-құқық актілері заң негіздеріне қарай нормативтік, жеке, заңдық және заңға қосымша актілер болып бөлінеді.

Біртекті қаржы қатынастарын реттейтін актілер нормативтік, актілер деп аталады. Олар оған қатысушылардың жалпы ережесін құрайды. Яғни құқықтық нормалар ұзақ уақыт жұмыс істейді. Бұл актілер кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің түрлерін белгілейді. Белгіленген төлемдердің төртібін, төлемшілердің тұрпатын жөне басқа шарттарды айқындайды.

Жеке актілер белгілі бір төлеушілер мен қаражат алушыларға қатысты құқықтар нормаларын нақтылайды.

Заң актілері Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар республика Президентінің жарлықтары.

Қосымша заң актілері — заңға негізделген және оны орындату үшін қабылданған актілер: салалық және жоғары органдардың бұйрықтар, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік бас салық инспекциясының нұсқаулары, жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір іс-қимылдар жөніндегі шешімдері т.б.

Жоспар-қаржы актілері басқаларынан қаржы саласьндағы белгілі бір кезеңдегі нақты міндеттері, яғни қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу жөне пайдалану жоспарлары жөнімен ерекшеленеді. Бұған кәсіпорындар мен ұйымдар бюджеттерінің қаржа жоспарларының барлық түрлері, бюджеттен қаржыландыратын мекемелер шығындарының сметал ары жатады.

Қоғамның саяси және экономикалық емірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметі құқылық реттеуге деген көзқарастарды түбегейлі өзгертуді талап етеді. Негізгі заң актілері осы талаптарға жауап береді. Олар экономикалық реформаны дамытудың жаңа кезеңін ашып, өндірістік қатынастарды түбірінен өзгертуге негіз қалайды. Бұлар жер туралы, жер реформасы туралы, кәсіпорын туралы бюджет пен салық жүйесі туралы, шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы банкілер мен банкі қызметі туралы сақтандыру, банкроттық, шетелдік инвесторлар, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар. Аталған заңдар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, соның ішінде құқықтық қатынастарды да құқықтық реттеуге негіз болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар нарық экономикасының жаңа үлгісін жасауға, өндірістің тиімділігін арттырудың ұзақ мерзімді де тұрақты да факторларының қаржы қатынастарын дамытуына бағытталған, шаруашылық өмір, экономикалық өзара қатынастар, қаржы қызметі аймақтардың кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық субъектілерінің нақты дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңдармен реттеліп отыруға тиіс.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады.

Олар мына келесідей болып келеді:

1.Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады.

2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады.

3.Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады.

4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді.

5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады.

6.Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және-құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:

1.Мемлекетгік - өктем, императивтік әдіс;

2.Қаржылық - шартты, диспозитивтік әдіс. Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:

1) Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;

2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып саналады;

3) қаржылық құқтық қатынастар әрдайым мемлекеттік-өктем сипатта болады;

4) қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады;

5) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылык құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттергі ие болған тұлғалар болып табылады.

Қаржы құқық қатынастарынын пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондыктан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекетгің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде "каржылар" ақша түріндегі қоғамдық өнімді белуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың объектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады. Қаржы термин! екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады: 1)материалдық мағынада; 2) экономикалық категория ретінде.

Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп, мемлекеттің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесінде араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы — ақшалар болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық

қатынастардың жүйесін айтамыз.

Қаржылардың еліміздің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі ролдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:

1) болу және қайта бөлу функциясы;

2) бақылау функциясы.

Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

Болу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөліу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]